Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 386.82
EUR | KZT 428.67
RUB | KZT 5.86
Көкшетау қ.
19 °C
2019 ж. тамыздың 19
Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары

Сағындық Серiкбайұлы Шабаров 1982 жылғы 13 тамызда Көкшетау облысы, Еңбекшiлдер ауданы, Мамай ауылында туды.

2004 жылы А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетiн экономист мамандығы, 2017 жылы Инновациялық Еуразия университетiн құрылыс мамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек жолын 2002 жылдан бастап қазынашылық органдарында бастады.

2006 жылдан бастап 2011 жылға дейiн Степногорск қаласының атқарушы органдарында экономика, әлеуметтiк және өндiрiстiк саласында әртүрлi лауазымдарды атқарды.

Одан әрi 5 жыл бойы Степногорск қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлiмiнiң басшысы лауазымын атқарған.

2016 жылдың сәуiр айынан қазiргi уақытқа дейiн Степногорск қаласы әкiмiнiң орынбасары лауазымын атқарды.

Көкшетау қаласы әкiмiнiң өкiмiмен 2019 жылғы 2 мамырдан бастап Сағындық Серiкбайұлы Шабаров Көкшетау қаласы әкiмiнiң тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, сәулет, құрылыс және жер қатынастары мәселелерi жөнiндегi орынбасары лауазымына тағайындалды.

Мақаланың шыққан күні: 02.05.2019 18:05
Парақтағы соңғы өзгерістер: 02.05.2019 18:05
Қаралым саны: 695

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіздің жасыңыз?