Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 352.54
EUR | KZT 415.15
RUB | KZT 5.31
Көкшетау қ.
10 °C
2018 ж. қыркүйектiң 22
Бизнесті қорғау

Бизнес құқығын қорғау

ҰКП құрылымына жеке адамдардан келiп түсетiн шағымдардың негiзгi ауқымын қарастыратын Кәсiпкерлер құқығын қорғау департаментi жұмыс iстейдi. Департамент сарапшылары түскен өтiнiштердiң барлығын қарайды. Ешбiр шағым жауапсыз немесе керi байланыссыз қалмайды. Бұл үшiн Кәсiпкерлер құқығын қорғау департаментi түскен өтiнiштердi қарау жүйесiн қолданады:

1.Кәсiпкерлермен керi байланыс орнату;

2.Қосымша материалдарды сұрату;

3.Проблеманы мұқият зерттеу; құқықтық қорытынды даярлау;

4.Кәсiпкерлер құқығын қорғау үшiн тиiстi шаралар қабылдау.

Қажет жағдайда:

1.Өңiрлiк палатаға нақты тапсырма жүктеу;

2.Берiлген тапсырманың орындалуын қадағалау.

Барлық Өңiрлiк кәсiпкерлер палаталарында осыған ұқсас кәсiпкерлердi құқықтық қорғау бөлiмдерi жұмыс жасауда, онда сарапшы заңгерлер қызмет етедi.

Кәсiпкерлер құқығын қорғау жөнiндегi кеңес хатшылығы бола отырып, Департамент Кеңес отырыстарының толық ұйымдастырушылық және құқықтық қолдауын жүзеге асырады және қаралатын мәселелер бойынша құқықтық қорытындылар даярлайды.

Кеңес пен Департамент атқаратын жұмыс тәсiлдерi арасында прокуратура органдарымен өзара әрекеттестiктi жүзеге асыру маңызды болып саналады. Кәсiпкер мәселесi бойынша ҰКП тарапынан көрсетiлетiн толық құқықтық есеп, қорытындылар мен күтiлетiн нәтижелер заңнаманың сәйкес нормаларына жасалған сiлтемелермен бiрге прокуратура органдарының қандай бiр проблеманы мұқият қарауын қамтамасыз етедi.

Нәтижесiнде ҰКП-ның көптеген өтiнiштерi бойынша прокуратура органдары прокурорлық ықпал етудiң тиiстi шараларын iске асырады, оның iшiнде сот актiлерiне наразылық бiлдiру, мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) ұсыныстар енгiзу. Ұлттық палата Бас прокуратураға түскен бақылау наразылығын таныту туралы өтiнiштердi қолдау механизмiн жасап шығарды. Бұл механизмнiң ықпалдылығы Департамент сарапшыларының салмақты уәж айтуымен қамтамасыз етiлiп отыр.

Департамент кәсiпкерлiк субъектiлерi құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мәселелерi бойынша ҰКП құрылымындағы басты бөлiм болып саналады.

Бизнестi заңды қорғау мәселелерi бойынша сарапшылармен жедел байланысу үшiн Өңiрлiк палаталарға жүгiнiңiз.

Ақмола облысы кәсiпкерлер палатасы

Заңды мекен жай: Көкшетау қаласы, Абай& көшесi, 96

Байланыс: 8 (7162) 722-548 | 8 (7162) 722-535

Электронды мекен жай: kokshetauinfo@palata.kz

Мақаланың шыққан күні: 04.07.2018 16:05
Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.07.2018 16:05
Қаралым саны: 105
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика