Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 376.51
EUR | KZT 418.91
RUB | KZT 6.13
Көкшетау қ.
-6 °C
2020 ж. қаңтардың 19
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 15 шілдедегі № 506 бұйрығынан үзінді

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрiнiң 2019 жылғы 15 шiлдедегi № 506 бұйрығынан үзiндi.( Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2019 жылғы 19 шiлдеде № 19054 болып тiркелдi) ЗҚАИ-ның ескертпесi!

Осы бұйрықтың қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 4 т. қараңыз БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрiнiң кейбiр бұйрықтарына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

1) "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2015 жылғы 9 сәуiрдегi № 319 (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11015 болып тiркелген, 2015 жылғы 3 маусымда "Әдiлет" ақпараттық-құқықтық жүйесiнде жарияланған) бұйрығында:

1-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;

көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген "Тұрғын үй көмегiн тағайындау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартында:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.";

3-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.";

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"13. Тұрмыс-тiршiлiгiн шектейтiн ағза функцияларының тұрақты бұзылуынан денсаулығы бұзылған көрсетiлетiн қызметтi алушыларға, мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн құжаттарды қабылдауды қажет болған жағдайда, Бiрыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы жүгiну көмегiмен тұрғылықты жерiне бару арқылы Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi жүргiзедi.

Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрлiктiң www.miid.gov.kz интернет-ресурсында;

2) Мемлекеттiк корпорацияның www.gov4с.kz интернет-ресурсында;

3) порталда орналасқан.";

16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"16. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтамалық қызметтердiң байланыс телефондары Министрлiктiң www.miid.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы:

1414.";

жоғарыда көрсетiлген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген "Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берiлетiн тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешiм қабылдауы" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартында:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.";

3-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.";

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"13. Тұрмыс-тiршiлiгiн шектейтiн ағза функцияларының тұрақты бұзылуынан денсаулығы бұзылған көрсетiлетiн қызметтi алушыларға, мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн құжаттарды қабылдауды қажет болған жағдайда, Бiрыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы жүгiну көмегiмен тұрғылықты жерiне бару арқылы Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi жүргiзедi.

Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрлiктiң www.miid.gov.kz интернет-ресурсында;

2) Мемлекеттiк корпорацияның www.gov4с.kz интернет-ресурсында;

3) порталда орналасқан.";

16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"16. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтамалық қызметтердiң байланыс телефондары Министрлiктiң www.mid.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы:

1414.";

жоғарыда көрсетiлген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген "Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берiлетiн тұрғын үйлердi жекешелендiру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлiгiнiң Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;

2) осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде қазақ және орыс тiлдерiнде Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне ресми жариялау және енгiзу үшiн "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына жiберудi;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсiн.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшiлiк ететiн Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрiне жүктелсiн.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн жиырма бiр күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрi                                                          Р. Скляр

«КЕЛIСIЛДI»
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және
аэроғарыш өнеркәсiбi министрлiгi

Жүктеу (DOCX 20 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 26.12.2019 17:51
Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.12.2019 17:51
Қаралым саны: 96

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус