Көкшетау қаласының
ресми интернет-ресурсы
Ұлан Серiкұлы Сарқұлов

Көкшетау қаласы әкiмiнiң ағымдағы жылғы 29 мамырдағы өкiмiмен Ұлан Серiкұлы Сарқұлов Көкшетау қаласы әкiмiнiң орынбасары болып тағайындалды. Ұлан Серiкұлы 1980 жылғы 27 шiлдеде дүниеге келдi. 2002 жылы Ресей Федерациясының федералдық қауiпсiздiк академиясын юриспруденция мамандығы бойынша, 2008 жылы Ресей Федерациясы Президентi жанындағы Ресей мемлекеттiк қызмет академиясын мемлекеттiк және муниципалды басқару мамандығы бойынша бiтiрген. Ол еңбек қадамын 1997 жылдан Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауiпсiздiк Комитетi органдарында әскери қызметтен бастады. 2004-2006 жылдар аралығында Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасы елшiлiгiнiң атташесi және үшiншi хатшысы болып iстедi. 2006 жылы Ақтау қаласы әкiмi аппаратының жетекшiсi лауазымына тағайындалды. 2009-2011 жылдар аралығында Маңғыстау облысы әкiмi аппаратында iстедi. 2013-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Президентi iс басқарушысының бөлiм меңгерушiсi, 2014-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Парламентi шаруашылық басқармасы жетекшiсiнiң орынбасары қызметiн атқарды. 2015 жылдан «Ақтөбе облысы мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi басқарма» мемлекеттiк мекемесiн басқарды. Көкшетау қаласы әкiмiнiң орынбасары қызметiне тағайындалғанға дейiн Ақмола облысы әкiмi аппараты жанындағы «Облыс әкiмiнiң iс басқармасы» коммуналдық-мемлекеттiк басқармасына жетекшiлiк еттi.

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 29.06.2017 15:09
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

 

 

г.Кокшетау, ул. Ауэзова 141

8 (7162) 29-78-00

8 (7162) 29-78-66

 

akymat_kokshetay@mail.ru

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-78-23, 29-78-24

@2017 «Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы» ММ
Разработка сайта: Компания Интегро