Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 386.82
EUR | KZT 428.67
RUB | KZT 5.86
Көкшетау қ.
19 °C
2019 ж. тамыздың 19
Көкшетау қаласы әкiмдiгiнiң РЕГЛАМЕНТI

Көкшетау каласы әкiмдiгiнiң
2016 жылғы «07» қыркүйек
№ А-9/2102 қаулысымен
БЕКIТIЛГЕН

Көкшетау қаласы әкiмдiгiнiң
РЕГЛАМЕНТI

1.Жалпы ережелер

1.Көкшетау қаласының әкiмдiгi (бұдан әрi — әкiмдiк) Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының бiртұтас жүйесiне кiредi, атқарушы билiктiң жалпы мемлекеттiк саясатын тиiстi қалалық дамыту мүдделерiмен және қажеттiлiгiмен үйлестiре жүргiзудi қамтамасыз етедi.

2.Әкiмдiк құрамы қала әкiмi қала әкiмi орынбасарларынан, әкiм аппаратының басшысынан жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бiрiншi басшыларынан құрылады.

Әкiмдiк мүшелерiнiң санын әкiм анықтайды.

Әкiмдiктiң дербес құрамын әкiм анықтайды және Көкшетау қалалық мәслихаты сессиясының шешiмiмен келiсiледi.

3.Әкiмдiктiң қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен және осы Регламентпен реттеледi.

4.Әкiмдiктiң қызметiн ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етiлуiн Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппараты (бұданәрi — аппарат) жүзеге асырады.

5.Әкiмдiктiң iс-қағаздарын жүргiзу және әкiмдiкке түсетiн хат-хабарларды өңдеу Көкшетау қаласы әкiмi аппаратының құжаттарды қамтамасыз ету бөлiмiне жүктеледi (бұдан әрi — құжаттарды қамтамасыз ету бөлiмi) және «Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасының «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Заңының, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 21 желтоқсандағы №1570 қаулысы және Көкшетау қаласының әкiмi бекiтетiн тәртiппен жүзеге асырылады.

6.Мемлекеттiк органдарған жолданатын шығыс хат-хабарлар (соның iшiнде электрондық құжат форматындағы) елтаңбалық бланкiде мемлекеттiк тiлде ресiмделедi (қажет болған жағдайда орыс тiлiндегi нұсқасы қоса берiледi). Iс-қағаздарын жүргiзу ресми тiлде белгiленген сот органдарына жiберiлген материалдар осыған саналмайды.

7.Әкiмнiң орынбасарлары мен аппарат басшысы әкiмдiктiң және әкiмнiң қарауына енгiзiлетiн актiлер жобалары өтуiнiң осы Регламентпен белгiленген тәртiбiнiң сақталуын қамтамасыз етедi.

8. Әкiмдiктiң жұмыс режимi Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексiне сәйкес келесi тәртiпте:

жұмыстың басталуы сағ.9-00, түскi үзiлiс сағ.13-ден — 14 сағат 30 минут, жұмыстың аяқталуы 18 сағат 30 минут.

2.Жұмысты жоспарлау

9. Аппарат әкiмдiк мүшелерiнiң және қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар (бұдан әрi — атқарушы органдар) басшыларының ұсыныстары бойынша әкiмдiк мәжiлiстерiнде тоқсан сайынғы тiзбесiн жасайды.

Әкiмдiктiң мәжiлiстерiнде қарауға жоспарланатын мәселелердiң тiзбесiн әкiмi бекiтедi.

Бекiтiлген тiзбе әкiмдiк мүшелерiне, сондай-ақ, қажет болған жағдайда, атқарушы органдардың басшыларына және басқа да лауазымды тұлғаларға таратылады.

Әкiм аппарат басшысы ұсынатын анықтама негiзiнде тiзбеден жоспарланған мәселенi алып тастау немесе оны қарауды басқа да мерзiмге ауыстыру туралы шешiм қабылдайды.

3.Әкiмдiк мәжiлiстерiн дайындау және өткiзу тәртiбi

10. Әкiмдiк мәжiлiстерi айына кемiнде бiр рет өткiзiледi және оны әкiм шақырады.

11. Әкiмдiк мәжiлiстерi әкiм, ал ол болмаған кезде әкiмнiң мiндетiн атқарушы орынбасары төрағалық етедi.

12. Әкiмдiк мәжiлiстерiнде, әдетте, ашық болады және мемлекеттiк тiлде және (немесе) орыс тiлiнде жүргiзiледi.

Қажет болған жағдайда, жекелеген мәселелер жабық мәжiлiстерде қаралуы мүмкiн.

13. Әкiмдiк мәжiлiсi, егер оған әкiмдiк мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi қатысса, заңды болып есептеледi.

Әкiмдiктiң мәжiлiсiнде мәселенi қараудың нәтижелерi бойынша қаулы қабылданады.

Қаулы әкiмдiктiң қатысып отырған мүшелерiнiң көпшiлiк дауысымен қабылданады.

14. Әкiмдiктiң мәжiлiстерiнде Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, мәслихаттың депутаттары, Красный Яр селосы мен Станционный кентiнiң әкiмдерi, сонымен қатар әкiм бекiткен тiзбе бойынша кеңестi дауыс құқығымен орталық атқарушы органдар бөлiмдерiнiң басшылары, аппарат қызметкерлерi және өзге де лауазымды адамдар қатыса алады.

15. Аппараттың және атқарушы органдардың әкiмдiк мәжiлiстерiнде қаралатын мәселелердi дайындау мынадай талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады:

1)әкiмдiктiң мәжiлiсiне енгiзiлетiн анықтамаларға, аналитикалық материалдарға, қаулы жобаларына құжатты енгiзген органның бiрiншi басшысы немесе онын мiндетiн атқарушы (бұдан әрi — басшы) алдын ала виза қояды, оның қолы аталған органның ресми позициясы болып табылады;

2)жоба мен анықтама әдеттегiдей екi интервал аркылы терiлген мәтiннiң парағынан аспауы керек;

3)әр мәселе бойынша анықтама мен жобаның тақырыпшалары бiркелкi болуы қажет;

4)әкiмдiктiң мәжiлiсiне енгiзiлетiн материалдарға қажет болған жағдайда қосымша ақпараттық мәлiметтер қоса берiледi;

5)талқыланатын мәселе бойынша мәжiлiске шақырылғандар тiзiмiн анықтау мен нақтылау мәселенi енгiзушi органмен немесе аппаратпен iске асырылады.

Шақырылғандардың мәжiлiске келiп қатысуын аппараттың ұйымдастыру-бақылау бөлiмi iске асырады.

16. Аппараттың ұйымдастыру-бақылау бөлiмi мәжiлiс күн тәртiбiнiң жобасын құрастырады және әкiммен немесе оның мiндетiн атқарушымен келiскеннен кейiн оны және тиiстi құжаттарды әкiмдiк мүшелерi мен шақырылғандарға, ал қажет болған жағдайда басқа да лауазымды тұлғаларға белгiленген мәжiлiске үш күн қалғанда басшымен бекiтiлген тарату тiзiмiне сәйкес таратады.

17. Материалдар тиiстi органдармен уақытылы ұсынылмаған жағдайда аппарат басшысы ол туралы әкiмге немесе оның мiндетiн атқарушыға хабарлайды. Материалдардың уақытылы ұсынылмауына жауапкершiлiк тиiстi органның бiрiншi басшыларына жүктеледi.

Әкiмдiк мәжiлiсiн әкiмнiң тапсырмасымен шұғыл тәртiпте өткiзу кезiнде қаралатын мәселе бойынша материалдарды аппаратқа мәжiлiс өтетiн күнi енгiзуге болады.

18. Әкiмдiк мәжiлiстерiнде хаттама жүргiзiледi. Онда қатысушы лауазымды түлғалар, талқыланатын мәселелелер мәнi мен атауы, талқылау кезiнегi баяндамамшылар мен сөз сөйлеушiлер, олардың сөйлеген сөздерiнiң негiзгi мазмұны, ескертулерi мен әкiмдiк мүшерелiмен қабылданған қаулылар көрсетiледi. Әдеттегiдей мәжiлiстiң дыбыс жазуы жүргiзiледi.

Әкiмдiк мәжiлiсiнде қабылданған шешiмдер мәжiлiс өткеннен кейiн 3 күннiң iшiнде қүжаттарды қамтамасыз ету бөлiмiмен елтаңбалы бланкте мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде хаттамамен ресiмделедi де оған аппарат басшысы мен мәжiлiс төрағасы қол қояды.

Әкiмдiктiң мәжiлiс хаттамаларына күнтiзбелiк жылға реттiк сандар қойылады. Хаттамалар немесе олардың үзiндi көшiрмелерi қол қойылған күнi әкiмдiктiң мүшелерiне, қажет болған жағдайда мәжiлiсте тиiстi тапсырмалар берiлген басқа органдар мен лауазымды тұлғаларға таратылады. Тарату тiзiмi аппарат басшысымен бекiтiледi.

Әкiмдiк мәжiлiсiнiң хаттамалары (түрнүсқалары) сондай-ақ оларга қатысты қүжаттар аппараттың ұйымдастыру-бақылау бөлiмiнде сақталады.

Әкiмдiк мәжiлiсiнiң хаттамалары сондай-ақ оларга қатысты қүжаттардың уақытша сақталу мерзiмi өткеннен кейiн мүрагатқа тапсырылады.

4. Әкiмдiк және әкiм актiлерiнiң жобаларын
дайындау және рәсiмдеу тәртiбi

19.Атқарушы органдар әкiмдiк тиiстi шешiм қабылдауы үшiн оның атына мынадай жағдайларда ұсыныстар енгiзедi:

1)мәселенi шешу әкiмдiктiң құзыретiне кiргенде;

2) жергiлiктi атқарушы органдар арасында келiспеушiлiк туындаган кезде.

20. Аппарат және жергiлiктi атқарушы органдар әкiмдiк қаулыларының, әкiм шешiмдерi мен өкiмдерiнiң жобаларын (бұдан әрi — жобалар) дайындауды «Құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуiрдегi Заңына және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырылады.

21. Жобалардың уақтылы, сапалы әзiрленуiне және әкiмдiкке белгiленген мерзiмдерде ұсынылуына, сондай-ақ жобаның мемлекеттiк тiлдегi және орыс тiлiндегi мәтiндерiнiң түпнұсқалылығына оны әзiрлеудi жүзеге асырушы органның бiрiншi басшысы дербес жауапты болады.

22.Жобалар мiндеттi түрде мыналармен келiсiледi:

1) құзыретiне орай мүдделi атқарушы органдармен, бұл ретте жобаны келiсудегi мұндай мүдделiлiк қаралатын мәселелердiң мән-жайы ескерiле отырып,белгiленедi;

2) қаржы саласындағы тиiстi атқарушы органмен — жобаның қаржылық орындылығы және қаржыландырумен қамтамасыз етiлуi мәселелерi бойынша;

23. Жобаны әзiрлеушi жобаның көшiрмелерiн бiр мезгiлде барлық мүдделi атқарушы органдарға жiбередi.

Бұл ретте атқарушы органдарда келiсу мерзiмi бiр мезгiлде есептеледi және әкiмдiк және әкiмнiң жобаларының түскен әрi тiркелген кезiнен бастап 3 жұмыс күнiнен аспауы тиiс.

Әкiм, әкiмнiң орынбасарлары және аппарат басшысы келiсудiң өзге мерзiмдерiн белгiлей алады.

Әкiмнiң, әкiм орынбасарларының тапсырмалары бойынша шешiмдердi неғұрлым жедел қабылдау мақсатында атқарушы органдардың басшылары немесе лауазымды адамдар (лауазымы бойынша басшының орынбасарларынан төмен емес) жобаға бұрыштаманы кеңесте (мәжiлiсте) қоюы мүмкiн. Бұл ретте көрсетiлген лауазымды адамдар жобаның жасалуы немесе өздерiнiң бұрыштама қойғандығы туралы тиiстi атқарушы органның бiрiншi басшысына баяндайды.

Жобаның көшiрмесiн келiсуге алған кезде атқарушы органдар жобаға басқа мүдделi органдардың алдын ала бұрыштама қоюларын талап етуге, сондай-ақ басқа желеу белгiлермен келiсуден бас тартуға тиiстi емес.

24. Келiсушi орган жобаны қараудың нәтижелерi бойынша бiрiншi басшының не оны алмастыратын адамның қолы қойылған жауаптың мынадай нұсқаларының бiрiн әзiрлеушiге ұсынуы тиiс:

1) жоба ескертулерсiз келiсiлдi (жобада бұрыштама болады);

2) жоба ескертулермен келiсiлдi (жобада ескертулерiмен бұрыштама болады және ол қоса берiлуi тиiс);

3) жобаға келiсуден бас тартылды (дәлелдi бас тарту қоса берiледi).

25. Келiсу мерзiмдерi аяқталғаннан кейiн жобаны әзiрлеушi мүдделi органдардың барлық ұсынысын жобаның түпкiлiктi нұсқасына жинақтайды (ескертулердi жояды). Бұл ретте, түпкiлiктi нұсқаны дайындау процесiнде әзiрлеушi өзi келiскен атқарушы органдардың ескертулерiн мiндеттi түрде жояды.

Жобаны әзiрлеушi жобаны аппаратқа енгiзу кезiнде мүддесi осы жобада қозғалып отырған орган бұрыштамасының болмау себептерiн (мұндай факт болған жағдайда) түсiндiрме жазбада мiндеттi түрде көрсетедi, бұл ретте, енгiзiлген материалдарға тиiстi органға келiсу үшiн енгiзiлгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi қоса берiледi. Мұндай растау болмаған жағдайда, жоба мүдделi органға келiсуге жiберiлмеген болып есептеледi.

Қажет болған ретте, әкiмнiң, әкiм орынбасарының немесе аппарат басшысының нұсқауы бойынша жоба қосымша келiсуге жiберiлуi мүмкiн.

26. Әзiрлеушi осы жобаны қабылдау қажеттiлiгiн, ол қабылданған жағдайда, әлеуметтiк-экономикалық салдарын, оны iске асырумен байланысты болжанып отырған қаржы шығыстары негiзделген түсiндiрме жазбаны, сондай-ақ бұл мәселе бойынша бұрын әкiмдiктiң және әкiмнiң қандай актiлерi қабылданғаны және олардың қалай орындалғаны туралы мәлiметтердi мiндеттi түрде жобаға қоса бередi.Егер актiлердiң жобалары нормативтiк сипатта болса және (немесе) әлеуметтiк-экономикалық мәселелердi қозғаса, әзiрлеушi түсiндiрме жазбада нақты мақсаттарды, күтiлiп отырған нәтижелердiң мерзiмдерiн және енгiзiлiп отырған ұсыныстардың болжанып отырған тиiмдiлiгiн көрсетуге мiндеттi. Бұл актiлердi әкiмдiк немесе әкiм қабылдаған жағдайда, оларды iске асыру қорытындылары бойынша, әзiрлеушi, актiлерде белгiленген мерзiмдерге сәйкес олардың қолданылуының нәтижелерi туралы қысқаша есеп тапсыруы тиiс.

әкiмдiктiң және әкiмнiң азаматтардың құқықтарына, бостандықтарына және мiндеттерiне қатысты нормативтiк қүқықтық актiлер әкiмдiктiң интернет-ресурсында жарияланады.

27. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын әкiмнiң және әкiмдiктiң акт жобалары мемлекеттiк орган-әзiрлеушiмен мемлекеттiк қүпиялары бар жобаларды ескермегенде, мемлекеттiк органдарының ресми интернет-қорларын қосқанда,бүқара акпарат қүраядарындағы мiндеттi жариялаудан (тарату) кейiн сараптамалық қорытындыны алу үшiн жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiгiне жолданады.

Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiгiнiң сараптамалық қорытындылары ұсынымдық сипаты бар және оның қабылдауына дейiн жобаға мiндеттi тәртiпте қоса берiледi.

28. Жобаны әзiрлеушi мемлекеттiк органның басшысы екi парақтан аса көлемдегi жобалардың және жобаларға қосымшалардың әр парағына қол қоюы тиiс.

29. Жобаны әзiрлеушi жобада бiр мезгiлде әкiмдiк қаулыларын және (немесе) әкiм шешiмдерi мен өкiмдерiн қабылданатын актiлерге сәйкес келтiру жөнiнде норма көздейдi және (немесе) нақты мерзiмдер белгiлей отырып, оларды сәйкес келтiру туралы тапсырманы көздейдi.

30. Әкiмнiң және әкiмдiктiң мемлекеттiк органдарының енгiзiлетiн, мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде дайындалған жоба актiлерiне мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде осы Регламенттiң 1 қосымшасына сәйкес үлгi бойынша анықтама-негiздеме қоса берiледi.

31. Әзiрленген (жетiлдiрiлген) әкiмнiң жеке құрамы, әкiмшiлiк-шаруашылық қызмет бойынша өкiмдерiнен басқа жобалар (оған тиiстi материалдармен бiрге) Көкшетау қаласы әкiмi аппаратының мемлекеттiк-құқықтық бөлiмiне (бұдан әрi — мемлекеттiк-құқықтық бөлiмi) жұмадан басқа (талдау күнi), жұмыс күнiнiң сағат12 — ге дейiн құқықтық сараптама өткiзу үшiн енгiзiледi.

Жоба тiркеуден өткеннен кейiн мемлекеттiк — құқықтық бөлiмi тiркеу журналында (осы Регламенттiң 2 — қосымшасы) құқықтық сараптамадан өткiзедi.

Құқықтық сараптама 3 күннiң iшiнде жүргiзiледi. Басқа жағдайларда, құқықтық сараптама ұзартылуы мүмкiн, бiрақ 3 жұмыс күнiнен аспауы тиiс.

Көкшетау қаласы әкiмдiгi отырысының қорытындылары бойынша жобалардың құқықтық сараптамасы 1 жұмыс күнiнiң iшiнде жүргiзiледi.

32. Қажет болған жағдайда мемлекеттiк-құқықтық бөлiмi жоба бойынша қорытынды жасайды, оған мемлекеттiк-құқықтық бөлiмiнiң басшысы қол қояды.

Егер сараптамадан өткен жоба актiсiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген жағдайда, әзiрлеушi аталған актiнi қайта сараптамаға ұсынады.

33. Мемлекеттiк-құқықтық бөлiмi мемлекеттiк орган-әзiрлеушiден немесе мемлекеттiк мүдделi органдардан қарастырылатын мәселе бойынша мәлiметтер және құжаттар сұратуға құқылы.

34. Мемлекеттiк-құқытық бөлiмi құқықтық сараптаманы жүргiзудiң нәтижелерi бойынша:

Акт жобасымен келiседi;

қаралатын мәселе әкiмдiктiң немесе әкiмнiң құзыретiне жатпайтын болса, жобамен келiсуден бас тартады;

қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары және заң техникасы бұзылған жағдайда, жоба пысықтауға керi қайтарылады.

Жоба актiсi келiсiлмеген жағдайда, заң бөлiмi келiсу парағына дәлелдi қорытынды қосылып берiледi, ал келiсу парағының «Ерекше белгiлер» бағанында оның бар болуы туралы ақпарат көрсетiледi.

35.Сараптама нәтижесi бойынша қайтарылған жобалар 3 жұмыс күн iшiнде әзiрлеушi — мемлекеттiк органмен жетiлдiрiледi және осы Регламентпен бекiтiлген тәртiптi сақтай отырып ұсынылады.

36. Мемлекеттiк — құқықтықсараптамадан өткеннен кейiн әзiрлеушi жобаны құжаттарды қамтамасыз ету бөлiмiне редакциялық сараптамаға, оның құжаттау нормаларының талаптарына сәйкес рәсiмделуiн тексеру және мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi мәтiндердiң түпнұсқалылығын тексеру үшiн ұсынады.

Жобаға сараптама жүргiзу мерзiмi жобаның құжаттарды қамтамасыз ету бөлiмiне тiркелген күнiнен бастап 3 жұмыс күнiнен аспауы тиiс.

Құжаттарды қамтамасыз ету бөлiмi оның мәтiндерiнiң түпнұсқалылығын тексеру, сараптама жүргiзу барысында немесе оның нәтижелерi бойынша жобаны мынадай негiздер бойынша әзiрлеушiге пысықтауға қайтаруға құқылы:

1) жоба мәтiндерiнiң мемлекеттiк тiлдегi және орыс тiлiндегi мәтiндердiң түпнұсқалы еместiгi;

2) оның Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмейтiндiгi;

3) осы Регламенттiң талаптары бұзыла отырып ұсынылуы.

Басқа желеулер бойынша терiс сараптамалық қорытынды жобаны қайтару үшiн негiз бола алмайды.

37.Құқықтық және редакциялық сараптамалардан өткеннен кейiн, әзiрлеушi жобаны аппарат басшысына, әкiмдiк мүшелерiне, тиiстi атқарушы органдардың басшыларына, содан соң аталған сала бойынша бағыттайтын орынбасардан бастап, қала әкiмi орынбасарларына келiсу парағында (қолы, күнi) белгiсiмен виза қоюга жолдайды.

Жобаға қатысты ескертулер пайда болған жағдайда, әкiмнiң орынбасарларымен қажет болған жағдайда кеңес шақырылып, оның нәтижелерi хаттамамен рәсiмделедi.

38. Аппаратта сараптама өту және жобаны әкiмдiк мүшелерiмен қарау келiсу парағына сәйкес iске асырылады (осы Регламенттiң 3 қосымшасы).

Әкiмнiң және әкiмдiктiң жоба актiсiн әкiмдiк мүшелерiмен қарау және әкiм аппаратындағы сараптаманың жалпы мерзiмi бiр айдан аспауы керек.

Жобаны әкiмдiк мүшелерiмен қарау, аппарат бөлiмдерiмен сараптама өткiзу 3 жұмыс күндерi iшiнде iске асырылады.

39. Жоба аппаратта сараптамадан өткеннен кейiн аппарат басшысы ол бойынша шешiм қабылдау үшiн әкiмге не оны алмастыратын адамға баяндайды.

40. Әкiмдiктiң қаулысы, әкiмнiң өкiмi мен шешiмi әкiммен немесе оны алмастыратын тұлғамен қол қойылады.

41. Актiлер түпнұсқасына қол қойылғаннан кейiн өзгертулер енгiзiлмейдi.

42. Әкiм, немесе оның тапсырмасы бойынша аппарат басшысы оперативтi шешiм қабылдау мақсатында, өкiмдер жобалар келiсуiнiң басқа да рәсiмдерiн анықтауы мүмкiн.

43.Әкiмдiк пен әкiмнiң актiлерiн тiркеудi және есепке алуды аппараттың құжаттарды қамтамасыз ету бөлiмi жүзеге асырады.

44. Әкiмдiк пен әкiмнiң қол қойылған актiлерiне тiркеу нөмiрлерi берiледi, олар:

1) әкiмдiктiң құпия емес актiлерi үшiн — «а» (әкiмдiк) әрпiнен, әкiмдiк мәжiлiсiнiң реттiк нөмiрiнен, күнтiзбелiк жылдың басынан бергi актiнiң реттiк есептi нөмiрiнен тұрады.

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi ретiнде әкiмдiктiң қаулысы қабылданған жағдайда сәйкестендiру нөмiрiнен тұрады, ол келесi реттiк есептi нөмiрiнiң орнына көрсетiлетiн рұқсаттар және хабарламалардың мемлекеттiк ақпараттық жүйесi арқылы берiледi;

2) әкiмнiң актiлерi үшiн — күнтiзбелiк жылдың басынан бергi реттiк есептi нөмiрiнен.

Таратылуы шектеулi актiлер бiрiншi парақтың жоғарғы оң жағында «Қызмет бабында пайдалану үшiн», № ______ дана белгiсiмен рәсiмделедi, қол қойылғаннан кейiн оларға тиiстi есептi массивтiң нөмiрi берiледi.

45. Қол қойылған әкiмдiк қаулыларының көшiрмелерi, әкiмнiң өкiмдерi мен шешiмдерi аппарат басшысымен бекiтiлген таратуға сәйкес аппаратпен жiберiледi.

Әдiлет органдарында тiркелуi тиiстi әкiмдiк пен әкiмнiң актiлерi тiркелгеннен кейiн тиiстi мекенжайларға таратылады.

Әкiмдiк қаулыларының, әкiмнiң өкiмдерi мен шешiмдерiнiң түпнұсқалары Көкшетау қаласы әкiмi аппаратының құжаттарды қамтамасыз ету бөлiмiнде сақталады.

Әкiмнiң және әкiмдiктiң жоба актiлерiне келiсу парақтары актiлермен бiрге сақталады және алып қоюға жатпайды.

Қүжаттарды мекен жайларға уақытылы жiберiлуi мен шығарылуына құжаттарды қамтамасыз ету бөлiмi жауапкершiлiктi тартады.

46. Техникалық қателер кезiнде бұрын таратылған әкiмдiк қаулылары, әкiмнiң өкiмдерi мен шешiмдерiнiң даналарын ауыстыру аппарат басшысының рұқсатымен ғана жүзеге асырылады. Осы жағдайда бастапқыда таратылған құжаттар аппаратқа қайта шақыртылуы қажет.

47. Әкiм және әкiмдiкпен қабылданған актiлерiне бақылау даналарын жүргiзу және жүйеге келтiру, есеп беру, оларға барлық ағымдағы өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу күжаттарды қамтамасыз ету бөлiмiмен iске асырылады.

48. Әкiмдiктiң және (немесе) әкiмнiң қүқыққа қатысты, жалпыға бiрдей мағынаны беретiн, азаматтардың мiндеттерi мен бостандық актiлерi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық органдарымен мемлекеттiк тiркеуге және әкiмдiкпен айқындалатын басқа да мерзiмдiлiк басылымдарда және газеттерде мiндеттi ресми жариялауға жатады.

Әкiмнiң және әкiмдiктiң актiлерiн Әдiлет органдарының тiркеуiне дайындау кезiнде нормативтiк-құқықтық актiлердiң барлық парақтары мемлекеттiк-қүқықтық бөлiмi басшысымен немесе оны алмастыратын тұлғамен дәйектелiнедi.

Әкiмнiң және әкiмдiктiң нормативтiк-қүқықтық актiлерiн Әдiлет органдарының тiркеуiне жолдау, сондай-ақ Әдiлет органдарымен тiркелген актiлерiн бұқаралық ақпарат құралдарының жариялануын жолдауды мемлекеттiк — құқықтық бөлiмi iске асырады.

Қазақстан Республикасының Әдiлет органдарына нормативтiк-құқықтық актiлер әкiм бекiткен күннен бастап екi апта iшiнде, басылған және электрондық түрде, елтаңбалы мөрiмен немесе электрондық цифрлық қолы арқылы куәландырылған, мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi түпнұсқаларды (түпнұсқалы мәтiндер) қосқанда төрт данада ұсынылады.

49. Аппарат басшысымен айқындаған тәртiппен аппаратпен iске асырылатын және мiндеттi болып табылатын мемлекеттiк құпияларды немесе заңмен қорғалатын құпияны сақтайтындардан басқа, әкiм және әкiмдiк қабылдаған нормативтi-құқықтық актiлермен танысу үшiн мүдделi түлғаларға қол жеткiзу мүмкiндiгiн ұсыну.

50. Әдiлет органдарына мемлекеттiк тiркеуге жiберiлген әкiм және әкiмдiктiң актiлерiн есептемегенде, қаулылардың, шешiмдердiң және өкiмдердiң түпнұсқаларымен жұмысын аппарат ғимаратынан шығаруға тыйым салынады.

51. Iс-жүргiзу әрекеттерiн өткiзу кезiнде (әкiмнiң және әкiмдiктiң актiлерiн алу қаулысы және оларға коса берiлетiн материалдар) әкiмнiң және әкiмдiк актiлерiнiң түпнұсқалары мен көшiрмелерi iс-жүргiзу әрекеттерiн iске асыратын түлғаға алдын-ала қарау үшiн үсынылады, содан соң көшiрмелер қүжаттарды қамтамасыз ету бөлiмiмен куәаландырылады және iс-жүргiзу әрекеттерiн iске асыратын тұлғаға тапсырылады.

Әкiмнiң және әкiмдiк актiлерiнiң түпнұсқалары басқа жағдайда әкiмнiң шешiмi бойынша iс-жүргiзу әрекеттерiн iске асыратын түлғаға ұсынылады.

Мемлекеттiк орган — әзiрлеушi әкiм және әкiмдiктiң қол қойылған нормативтiк-құқықтық актiлерiнiң көшiрмелерiн алған күннен бастап оларды 7 жұмыс күнi iшiнде әкiмдiктiң интернет-ресурсында жариялайды.

5.Қазақстан Республикасы Президентiнiң,
Үкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң, әкiмдiктiң және облыс (республикалық маңызы бар қалалар, астаналар), аудан (облыстық маңызы бар қалалар) әкiмдерiнiң актiлерi мен тапсырмаларын
орындауды ұйымдастыру тәртiбi

52. Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметттiң, Премьер Министрiнiң, әкiмдiктiң және әкiмнiң актiлерiн, заң актiлерiн орындауды ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 27 сәуiрдегi № 976 «Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк құқықтық жарлықтарының мониторингiн жүргiзу және Қазақстан Республикасы Президентiнiң тапсырмалары мен актiлерiнiң орындалуына бақылауды iске асыру, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына жолдауын iске асыру, Қазақстан Республикасы Президентiнiң акт жобаларын қол қоюға дайындау, келiсу, ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына жолдау жобасын Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына ұсыну және келiсу, дайындық ережелерiн бекiту туралы» Жарлығына, осы Регламентпен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк-құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.

53. Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республика Үкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң, облыс әкiмдiгi мен әкiмнiң (республикалық маңызы бар қалалар, астаналар) және аудандарының (облыстық маңызы бар қалалар) заң актiлерi, актiлер мен тапсырмалары және мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың өз құзыреттерi шегiндегi өзге де тапсырмалары бақылауға алынады.

54. ҚазақстанРеспубликасы Президентiнiң, Қазақстан Республика Үкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң, облыс әкiмдiгi мен әкiмнiң (республикалық маңызы бар қалалар, астаналар) және аудандарының (облыстық маңызы бар қалалар) заң актiлерi, актiлер мен тапсырмаларының уақытылы және сапалы орындалуына жауапкершiлiк орындауға жiберiлген атқарушы органдарының бiрiншi басшыларына жүктеледi.

55.Әкiмнiң және оның орынбасарларының тапсырмаларында құжаттарды орындаудың мерзiмдерi белгiленедi. Мерзiмдер белгiленбеген жағдайда, құжаттың түскен күнiнен есептелетiн орындаудың бiр айлық мерзiмi, ал «шұғыл» деген белгi болған жағдайда он күндiк мерзiм белгiленедi.

56.Егер тапсырманың белгiленген мерзiмiнде орындалуы мүмкiн болса, онда тапсырманың орындалуына жауапты органның бiрiншi басшысы (не оның мiндетiн атқарушы адам) кiдiрудiң себептерi туралы хабарлауға және оны орындау мерзiмiн үзарту туралы белгiленген тәртiппен өтiнiш беруi тиiс. Тапсырманы орындау мерзiмiн үзартуға екi реттен артық жол берiлмейдi.

57. Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республика Үкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң, облыс әкiмдiгi мен әкiмнiң (республикалық маңызы бар қалалар, астаналар) және аудандарының (облыстық маңызы бар қалалар) заң актiлерi, актiлер мен тапсырмаларының орындалу мерзiмдерiн бақылау жөнiндегi ақпараттық-аналитикалық қызметтi қамтамасыз етудi аппарат әкiм айқындаған тәртiппен жүзеге асырады.

58. Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республика Үкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң, облыс әкiмдiгi мен әкiмнiң (республикалық маңызы бар қалалар, астаналар) және аудандарының (облыстық маңызы бар қалалар) заң актiлерi, актiлер мен тапсырмаларының орындалу барысы туралы әкiмдi жүйелi хабардар ете отырып, әкiмнiң олардың орындалуын бақылау жөнiндегi кызметтi қамтамасыз етедi.

Әкiмнiң орынбасарлары, аппарат басшысы заң актiлерiн, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республика Үкiметiнiң, Премьер- Министрiнiң, облыс әкiмдiгi мен әкiмнiң (республикалық маңызы бар қалалар, астаналар) және аудандарының (облыстық маңызы бар қалалар) заң актiлерi, актiлер мен тапсырмалары орындаудың белгiленген тәртiбiнiң өрескел бұзылу фактiлерi бойынша кiнәлi лауазымды адамдарды тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту жөнiнде ұсыныстар енгiзе алады.

59. Ақпаратты ұсыну мерзiмдерi көрсетiлетiн және олармен қандай да бiр iс-шаралардың жоспарлары бекiтiлетiн әкiмнiң және әкiмдiктiң актiлерi құжаттарды қамтамасыз ету бөлiмi бақылауға алады.

Әкiмнiң және әкiмдiктiң актiлерiн және оның жеке пункттерiн уақытылы және сапалы орындалуына жауапкершiлiк, орындалу тапсырылған мемлекеттiк органдарының бiрiншi басшыларына жүктеледi.

Әкiмнiң және әкiмдiктiң актiлерiнде баяндалған тапсырмаларының мемлекеттiк органдарының орындауына бақылау құзыретiнде тиiстi мәселесi бар аппараттың салалық бөлiмдерi iске асырады.

Бақылау келесi жолмен iске асырылады:

1)қажеттi ақпаратты талап ету;

2)орындалуы туралы баяндамалар мен есеп берулердi талқылау және тыңдау;

3)құжаттық тексерулердiң басқа да формалары мен тексерiстерi;

4)орынға шығуымен тексерiстер;

5)Қазақстан Респуликасының заңнамасына қайшы келмейтiн басқа да тәсiлдерiмен.

60. Әкiмнiң және әкiмдiктiң актiлерiн орындау мерзiмдерiн бақылау, бақылау актiлерiнiң тiзiмiн құрайтын, ақпараттарды ұсынуға мерзiмдер көрсетiлуiмен бақылауда тұрғандарының ай сайын акт тiзiмдерiн салалық бөлiмдерге жолдайтын аппараттың құжаттарды қамтамасыз ету бөлiмi iске асырады.

Мақаланың шыққан күні: 17.03.2016 09:53
Парақтағы соңғы өзгерістер: 14.01.2019 15:32
Қаралым саны: 2040

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіздің жасыңыз?