Көкшетау қаласының
ресми интернет-ресурсы
Көкшетау қаласы әкімідігі қаулысының жобасы

«2016 жылға арналған мектепке
дейiнгi тәрбие мен оқытуға
мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын,
жан басына шаққандағы қаржыландыру
және ата-ананың ақы төлеу мөлшерiн
бекiту туралы» Көкшетау қаласы әкiмдiгiнiң
2016 жылғы 27 маусымдағы № А-6/1502
қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңына сәйкес, Көкшетау қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «2016 жылға арналған мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерiн бекiту туралы» (№ 5481 нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде тiркелдi, 2016 жылғы 2 тамыздағы «Степной маяк» және «Көкшетау» газеттерiнде жарияланды) Көкшетау қаласы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 27 маусымдағы № А-6/1502 қаулысына келесi өзгерiс енгiзiлсiн:

аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкшетау қаласы әкiмiнiң орынбасары А.Б. Әмiреноваға жүктелсiн.

3. Осы қаулы Ақмола облысы Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2016 жылдың 1 қазанынан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.

                 Қала әкiмi                                                                                                     Е. Маржықпаев

 

Көкшетау қаласы әкiмдiгiнiң
2016 жылғы _____ ________
№ _____________
қаулысына қосымша
Көкшетау қаласы әкiмдiгiнiң
2016 жылғы 27 маусымдағы
№ А-6/1502 қаулысымен бекiтiлген

2016 жылға арналған мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерi

Елді мекеннің атауы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны Мектепке дейінгі ұйымдардағы жан басына шаққандағы бір айға қаржыландыру мөлшері (теңге)
Балабақша Күндіз толық қатынайтын шағын орталық Балабақша   Күндіз толық қатынайтын шағын орталық
Мемлекеттік Жеке меншік Мемлекеттік Жеке меншік Мемлекеттік Жеке меншік Мемлекеттік Жеке меншік
Көкшетау қаласы 2224 1005 180 0 25 481 25 481 18 532,9 0

кестенің жалғасы

Айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) Мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-аналардың бір айлық төлемінің мөлшері (теңге)
Балабақша   Күндіз толық қатынайтын шағын орталық Балабақша   Күндіз толық қатынайтын шағын орталық
Мемлекеттік Жеке меншік Мемлекеттік Жеке меншік Мемлекеттік Жеке мешік Мемлекеттік Жеке меншік
25 481 25 481 18 532,9 0 10391,4 17697,4 10391,4 0
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 31.10.2016 11:59
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

 

 

г.Кокшетау, ул. Ауэзова 141

8 (7162) 29-78-00

8 (7162) 29-78-66

 

akymat_kokshetay@mail.ru

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-78-23, 29-78-24

@2017 «Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы» ММ
Разработка сайта: Компания Интегро