Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 345.55
EUR | KZT 401.01
RUB | KZT 5.45
Көкшетау қ.
24 °C
2018 ж. шiлденiң 19
Жер учаскелерін алу рәсімі

Жер кодексiнiң 43-бабының 3 тармағына сәйкес Жер учаскелерiне меншiк және (немесе) жер пайдалану құқықтарының өздерiне берiлуiне мүдделi жеке және заңды тұлғалар өтiнiш берушiге өтiнiштiң берiлгенiн растайтын құжатты беретiн, жер учаскесi орналасқан жер бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органына, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң әкiмiне өтiнiш бередi.

Өтiнiште: жер учаскесiн пайдалану мақсаты; оның болжамды көлемi; орналасқан жерi; сұралып отырған пайдалану құқығы; басқа жер учаскесiнiң болуы (болмауы) көрсетiлуге тиiс.

Пайдалы қазбалар шығарылатын жағдайда өтiнiшке жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттың көшiрмесi қоса берiледi.

Сұралып отырған жер учаскесiн аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлiмделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкiндiгiн айқындау үшiн жер учаскесiне құқық беру туралы өтiнiш жер учаскесi орналасқан жер бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкiлеттi органдарына үш жұмыс күнi iшiнде келiп түседi.

Жер учаскесiне құқық беру туралы өтiнiштi қараудың жалпы мерзiмi ол түскен кезден бастап екi айға дейiнгi мерзiмдi құрайды.

Көрсетiлген мерзiмге:

•жерге орналастыру жобасын жасау;

•келiсу;

•жергiлiктi жердегi жер учаскесiнiң шекарасын белгiлеу кезеңдерi кiрмейдi.

Жер учаскесi орналасқан жер бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкiлеттi органы және тиiстi жергiлiктi атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшелерi сұралып отырған жер учаскесiн аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлiмделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкiндiгiн айқындайды.

Мемлекеттiк меншiктегi жерден жер учаскесiне құқық беру мынадай тәртiппен жүргiзiледi:

1) жер учаскесiне тиiстi құқық беру туралы өтiнiштi қарауға қабылдау;

2) сұралып отырған жер учаскесiн аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлiмделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкiндiгiн айқындау (Жер учаскесiн таңдау туралы актiнi рәсiмдеу — 10 жұмыс күнi);

3) жер учаскесiн алдын ала таңдау (елдi мекен шегiнде объектiлер салуды қоспағанда, объектiлер салу үшiн жер учаскесi сұралған кезде)(Хаттама  — 5 жұмыс күнi);

4) тиiстi жергiлiктi атқарушы органдар құратын комиссияның жер учаскесiн беру туралы қорытындысын дайындауы;

5) жерге орналастыру жобасын әзiрлеу және бекiту;

Комиссияның қорытындысы негiзiнде жерге құқық табыстау туралы жерге орналастыру жобасы әзiрленедi. Жерге орналастыру жобасының құрамында берiлетiн жер учаскесiнiң көлемi, оның шекарасы мен орналасқан жерi, жер учаскесiнiң аралас меншiк иелерi және жер пайдаланушылар, сондай-ақ берiлетiн жер учаскесiнiң ауыртпалықтары мен сервитуттары нақтыланады. Жоғарыда көрсетiлгендей, жерге орналастыру жобасын құру жалпы 2 ай мерзiмге кiрмейдi.

6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң жер учаскесiне құқық беру туралы шешiм қабылдауы (Әкiмдiктiң шешiмi/қаулысы — 7 жұмыс күнi) Қаулының көшiрмесi 5 күн iшiнде өтiнiш берушiге жiберiледi;

7) сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзiмдi, ұзақ мерзiмдi) өтеулi (өтеусiз) жер пайдалану шартын жасасу;

8) жергiлiктi жердегi жер учаскесiнiң шекарасын белгiлеу;

9) елдi мекен шегiнде объектiлер салуға арналған жер учаскесiн қоспағанда, жер учаскесiне сәйкестендiру құжатын дайындау және беру.

Мақаланың шыққан күні: 02.07.2018 10:43
Парақтағы соңғы өзгерістер: 02.07.2018 10:43
Қаралым саны: 67
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика