Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 352.54
EUR | KZT 415.15
RUB | KZT 5.31
Көкшетау қ.
10 °C
2018 ж. қыркүйектiң 24
Ақмола облысының елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидалары

Ақмола облысының қалалары мен елдi мекендерiнiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекiту туралы

Ақмола облыстық мәслихатының 2017 жылғы 22 қарашадағы № 6С-16-7 шешiмi. Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 8 желтоқсанда № 6204 болып тiркелдi.

"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қоса берiлiп отырған Ақмола облысының қалалары мен елдi мекендерiнiң аумақтарын абаттандыру қағидалары бекiтiлсiн.

2. Осы шешiм Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Ақмола облыстық
мәслихаты сессиясының
төрағасы                                                                                                            Ә.Баймағамбетов

Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы                                                                                     Д.Нұрмолдин

Ақмола облыстық
мәслихатының
2017 жылғы 22 қарашадағы
№ 6С-16-7 шешiмiмен
бекiтiлдi

Ақмола облысының қалалары мен елдi мекендерiнiң аумақтарын абаттандыру қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ақмола облысының қалалары мен елдi мекендерiнiң аумақтарын абаттандыру қағидалары (бұдан әрi — Қағидалар) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шiлдедегi Азаматтық кодексiне, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiне, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексiне, "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шiлдедегi кодексiне, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы зандарына және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес әзiрлендi.

2. Қағидалар Ақмола облысының қалалары мен елдi мекендерiнiң аумақтарын абаттандыру саласындағы тәртiптi айқындайды және қатынастарды реттейдi.

3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) абаттандыру — сол немесе өзге аумақты құрылыс және мақсаты бойынша қалыпты пайдалану үшiн жарамды жағдайға келтiру, халықтың денi сау, жайлы және мәдениеттi өмiр сүру жағдайын жасау мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстардың (аумақтарды инженерлiк дайындау және қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, жолдарды салу, коммуникациялық желiлердi және сумен жабдықтау, кәрiз, энергиямен жабдықтау құрылыстарын, жабындар құрылғыларын дамыту, монументтi өнердiң шағын сәулеттiк нысандары мен объектiлерiн орналастыру, көгалдандыруды жобалау, шу деңгейiн азайту, микроклиматты жақсарту, ауа бассейнiн, ашық су айдындары мен топырақты ластанудан қорғау бойынша) және көрсетiлетiн қызмет (аумақтарды құрғатуға және көгалдандыруға тазалау, жинау, санитариялық тазалау бойынша) жиынтығы;

2) қатты тұрмыстық қалдықтар — қатты түрдегi коммуналдық қалдықтар;

3) өтпе жол — тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсiпорындарға, шағын аудандар, орамдар, елдi мекендер iшiндегi құрылыс объектiлерiне көлiк құралдарының кiруiн қамтамасыз ететiн жол элементi;

4) тротуар — жаяу жүргiншiлердiң жүруiне арналған, жолдың жүру бөлiгiмен шектесетiн немесе одан көгалмен немесе арық жүйесiмен бөлiнген жолдың элементi;

5) уәкiлеттi орган — коммуналдық шаруашылықты реттеу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын аудан және қала жергiлiктi атқарушы органның құрылымдық бөлiмшесi;

6) ұйым — абаттандыру саласында мамандандырылған жүрген жеке немесе заңды тұлға;

7) шағын сәулеттiк нысандар — декоративтiк сипаттағы және iс жүзiнде пайдаланылатын объектiлер (мүсiндер, субұрқақтар, барельефтер, гүл құмыралары, павильондар, күркелер, отырғыштар, құтылар, балалар ойындары және ересектердiң демалысына арналған жабдықтар мен конструкциялар);

8) iргелес аумақ — ғимараттар, құрылыстар, қоршаулар, құрылыс алаңшаларының, сауда, жарнама объектiлерiне және заңды немесе жеке тұлғалардың балансындағы, меншiгiндегi, иелiгiндегi, жалға алуындағы басқа объектiлер шекараларына тiкелей (периметрi бойынша 5 метр шекарадағы) жанасып жатқан аумақ.

Ескерту. 3-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi — Ақмола облыстық мәслихатының 16.03.2018 № 6С-19-8 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) шешiмiмен.

2. Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру

1-параграф. Тазалық пен тәртiптi қамтамасыз ету

4. Жеке және заңды тұлғалар барлық аумақта, оның iшiнде жеке үй иелерi аумақтарында тазалықты сақтайды және тәртiптi қолдайды, Ақмола облысының қалалар мен елдi-мекендердiң абаттандыру элементтерiнiң (жолдар, тротуарлар, көгалдар, шағын сәулеттiк нысандар, жарықтандыру, су бұрулар) зақымдануына және бұзылуына жол бермейдi.

5. Жергiлiктi жерлердi ағымдағы санитариялық күтiп-ұстауды аумақтарды абаттандыру саласында мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады.

5-1. Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында көзделген аумақтардағы абаттандыру жөнiндегi барлық жұмыс түрлерi бекiтiлген жобалар бойынша орындалады. Аталған жұмыс түрлерi Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Ескерту. Қағидалар 5-1-тармақпен толықтырылды — Ақмола облыстық мәслихатының 16.03.2018 № 6С-19-8 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) шешiмiмен.

6. Барлық ұйымдық-құқықтық нысандардың жеке және заңды тұлғалары, оның iшiнде күрделi және уақытша объектiлердiң иелерi мыналарды:

1) дербес өз қаражаты есебiнен немесе ұйымдармен шарттар жасасу жолымен бөлiнген аумақты санитариялық күтiп-ұстауды және абаттандыруды қамтамасыз етедi;

2) кез келген меншiк объектiлерiне ұқыпты қарайды, мемлекеттiк меншiк объектiлерiне залал келтiрiлген жағдайлар туралы тиiстi органдарды хабардар етедi;

3) көшелер және үй нөмiрлерi көрсетiлген тақталарды техникалық дұрыс жағдайда және тазалықта ұстайды;

4) қоршауларды (шарбақтарды) және шағын сәулеттiк нысандарды тиiстi жағдайда (қоршаудың (шарбақтың) сыртқы жағын бояу, әктеу) күтiп-ұстайды.

2-параграф. Аумақтарды жинауды ұйымдастыру

7. Жалпыға ортақ пайдаланылатын орындарды жинау және күтiп-ұстау қызмет көрсетудiң мынадай түрлерiн қамтиды:

1) ұсақ және тұрмыстық қоқыстар мен қалдықтарды жинау және шығару;

2) iрi көлемдi қоқыстар мен қалдықтарды жинау және шығару;

3) сыпыру;

4) қамысты, қурайды, шөптердi және басқа да жабайы өсiмдiктердi шабу және шығару;

5) қоршаулар мен шағын сәулет нысандарын ағымдағы жөндеу және сырлау.

Ескерту. 7- тармақ жаңа редакцияда — Ақмола облыстық мәслихатының 16.03.2018 № 6С-19-8 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) шешiмiмен.

8. Жалпыға ортақ пайдаланылатын аумақтарда орналасқан парктердi, скверлердi, бульварларды, су айдындарын, жағажайларды, зираттарды, оның iшiнде оларда орналасқан тротуарларды, жаяу жүргiншiлер аймақтарын, саты баспалдақтарын жинауды заңды және жеке тұлғалар мен осы объектiлерге қызмет көрсететiн және пайдаланатын аумақтарды бекiту субъектiлерi жүргiзедi.

9. Объектiлердiң меншiк иелерi iргелес аумақтарда (автотұрақтар, боксты гараждар, ангарлар, қосалқы қойма құрылыстары, ғимараттар, сауда және қызмет көрсету объектiлерi) санитариялық тазалауды және жинауды коммуналдық шаруашылық ұйымдарымен қамтамасыз етедi немесе оны өз бетiнше жүргiзедi.

10. Көшелер мен өтпе жолдардың бойында орналасқан тротуарларды, жолаушылар көлiгiнiң аялдама алаңын жинауды жүру бөлiктерiн жинауға және күтiп-ұстауға жауапты ұйымдар жүргiзедi.

11. Аялдама кешендерiн және қоғамдық жолаушылар көлiгiнiң аялдама алаңында оларға iргелес аумақтарды, ақылы автотұрақтар, гараждардың аумақтарын, сондай-ақ кiреберiс жолдарды, iргелес аумақтарды жинауды және жууды олардың иелерi жүзеге асырады.

12. Жол жөндеу жұмыстарын жүргiзу кезiнде құрылыс қоқыстарын осы жұмыстарды жүргiзген ұйымдар шығарады.

13. Су ағатын желiлерде ластануды болдырмау үшiн су ағатын коллекторларға, жауын суын қабылдайтын құдықтарға және арық жүйесiне қоқыстардың тасталуына жол берiлмейдi.

14. Жерүстi инженерлiк құрылыстарын пайдаланушы ұйымдар мен иелерi инженерлiк желiлердiң қорғалатын аймақтарының шекарасында iргелес аумақтардың санитариялық күтiп-ұсталуын қамтамасыз етедi.

15. Көшелер мен өтпе жолдардан қарды шығару жергiлiктi атқарушы органдар айқындаған жерлерге жүзеге асырылады.

16. Қарды уақытша жинау орындары қар ерiгеннен кейiн қоқыстардан тазартылады және абаттандырылады.

3-параграф.Қалдықтарды жинау және шығару

17. Жеке және заңды тұлғалар, олардың қызметi нәтижесiнде пайда болған өндiрiс және тұтыну қалдықтары пайда болған кезiнен бастап қалдықтармен қауiпсiз жұмыс iстеудi қамтамасыз етедi. Жеке және заңды тұлғалар қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлерде қатты тұрмыстық қалдықтарды жинақтайды.

18. Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруды ұйымдар уәкiлеттi орган белгiлеген бекiтiлген кестеге сәйкес мерзiмдерде жүзеге асырады. Кестелер қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау алаңдарында iлiнедi.

19. Құрылыстарды және (немесе) жылжымайтын объектiлердi жөндеудi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар құрылыс қоқысын өз бетiнше арнайы орындарға немесе Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексiне сәйкес қоқыс шығаруды жүзеге асыратын ұйыммен шарт бойынша шығаруы тиiс.

20. Үй иелерiнiң аумағында мамандандырылған көлiк үшiн ыңғайлы кiрме жолдармен контейнерлердi орналастыруға арналған арнайы алаңдар болады. Контейнерлердi орнатуға арналған алаңдардың бетонды немесе асфальтты жабыны және қоршауы болады. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау үшiн қақпақтары бар контейнерлердi қолданған жөн.

21. Қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлерге және контейнерлiк алаңдарда күл тастауға және жинауға жол берiлмейдi.

22. Қатты тұрмыстық қалдықтар қоқыс шығаратын көлiктермен, кәрiз тартылмаған үй иелерiнен сұйық қалдықтар ассенизациялы вакуумдық көлiктермен шығарылады.

23. Сұйық қалдықтар мамандандырылған автокөлiкпен арнайы бөлiнген орындарға шығарылады. Контейнерлер босатылғаннан кейiн сол жерде дезинфекциялық ерiтiндiмен өңделедi немесе босатылған орындарда өңдеуден өткен тазаларына ауыстырылады. Контейнерлердi өңдеу орындарын тазалауға, жууға және дезинфекциялауға арналған, ыстық және суық су өткiзiлген, судың ағып кетуi ұйымдастырылған құрылғылармен жабдықтау қажет.

24. Сұйық тұрмыстық қалдықтар мен iрi көлемдi қоқыстарды қоқыс шығару құбырына тастауға болмайды.

25. Қоқыс шығару құбырын пайдалануды иелiгiнде тұрғын үй бар пайдаланушы ұйым жүзеге асырады.

26. Жеке тұлғалар контейнер алаңдары аумағында орналасқан, құрамында сынап бар шамдар мен аспаптарды жинау үшiн арнайы контейнерлерде құрамында сынап бар iстен шыққан шамдар мен аспаптарды қауiпсiз жинауды қамтамасыз етедi.

27. Контейнерлiк алаңдарды және контейнерлердi пайдаланатын және оларға қызмет көрсететiн ұйымдар мыналарды:

1) контейнерлiк алаңдарды және оған iргелес аумақтарды тиiстi санитариялық күтiп-ұстауды қамтамасыз етедi;

2) оларға уақтылы жөндеу жүргiзедi және одан әрi пайдалануға жарамсыз контейнерлердi ауыстырады;

3) қоқыс қабылдайтын камералардың, алаңдардың, сондай-ақ қалдық жинағыштардың тұрақты жуылуын, дезинфекциялануын, шыбындарға, кемiргiштерге қарсы дезинсекциялануын, дератизациялануын қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдайды.

28. Контейнерлерден қоқыс шығаратын машинаға тиеу кезiнде шашылып қалған қоқыстарды қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруды жүзеге асыратын ұйымдардың жұмысшылары шығарады.

29. Вокзалдарда, базарларда, әуежайларда, саябақтарда, демалыс аймақтарында, алаңдарда, бiлiм беру, денсаулық сақтау мекемелерiнде, көшелерде, қоғамдық жолаушылар көлiгi аялдамаларында, сауда объектiлерiнiң кiреберiстерiнде қоқысқа арналған құтылар орнатылады. Халықтық жаппай баратын орындарында құтылар бiр-бiрiнен кемiнде 50 метр арақашықтықта, аулаларда, саябақтарда, алаңдарда 10-нан 100 метрге дейiнгi арақашықтықта құтылар орнатылады. Жолаушылар көлiгi аялдамаларында және сауда объектiлерiнiң кiреберiстерiнде екi құтыдан орнатылады.

30. Құтыларды орнатуды, тазартуды және жууды аумақты пайдаланатын ұйымдар немесе аумаққа иелiк ететiн немесе пайдаланатын ұйымдар жүргiзедi. Құтылар толуына қарай, бiрақ кемiнде күнiне бiр рет тазартылады.

Құтылар ластануына қарай, бiрақ кемiнде аптасына бiр рет жуылады.

4-параграф. Көшелердi, тұрғын үй орамдарын және шағын аудандарды абаттандыру

31. Шағын аудандар мен орамдардың тұрғын үй алаңдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң мiндетiн атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 125 бұйрығымен бекiтiлген "Тұрғын үйдi және басқа да үй-жайларды, қоғамдық ғимараттарды күтiп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10637 болып тiркелген) 5-тармағының талаптарына сәйкес қоқыс контейнерлерiне, кiр кептiретiн, балалар демалатын, ойнайтын, спортпен айналысатын, үй жануарларын серуендетуге арналған алаңдармен, автотұрақтармен, орынтұрақтармен, жасыл аймақтармен жабдықталады.

32. Алаңдардың саны, орналасуы мен жабдықталуы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттiк нормативтерге сәйкес болуы тиiс.

Ескерту. 32- тармақ жаңа редакцияда — Ақмола облыстық мәслихатының 16.03.2018 № 6С-19-8 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) шешiмiмен.

5-параграф. Ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерiн күтiп-ұстау

33. Қарамағында ғимараттар мен құрылыстар бар жеке және заңды тұлғалар, ғимараттар мен құрылыстардың меншiк иелерi көрсетiлген объектiлердiң қасбеттерiн және олардың жекелеген элементтерiн (балкондар, лоджиялар, су ағатын құбырлар) қалпына келтiру, жөндеу және бояу бойынша жұмыстарды уақтылы жүргiзудi қамтамасыз етедi, сондай-ақ қасбеттерде орналастырылған ақпараттық тақтайшаларды, ескерткiш тақтайларды таза және дұрыс жағдайда ұстайды. Дүкендер мен кеңселердiң көшелерге қасбеттермен шығатын витриналары жарықпен безендiрiледi.

34. Өз еркiмен ғимараттардың қасбеттерiн және олардың конструктивтiк элементтерiн қайта жабдықтауға жол берiлмейдi.

6-параграф.Сыртқы жарықтандыруды және субұрқақтарды күтiп ұстау

35. Көшелердiң, жолдардың, алаңдардың, жағалаулардың және басқа жарықтандырылатын объектiлердiң сыртқы жарығын қосу жергiлiктi атқарушы орган бекiткен кесте бойынша табиғи жарық деңгейiнiң азаюы кезiнде кешкi ымырт кезiнде 20 люкске дейiн, ал сөнуi — таңғы күңгiртте 10 люкске дейiн артуы кезiнде жүргiзiледi.

36. Сыртқы жарық құрылғылары мен байланыс желiлерiнiң элементтерi, металл бағаналары, кронштейндер тазалықта ұсталып, тот басу ошағы болмай, сырлануы қажет. Жанып кеткен шамдарды ауыстыруды тиiстi ұйымдар жүзеге асырады.

37. Iстен шыққан құрамында сынап бар газ разрядты шамдар осы мақсаттарға арналған арнайы бөлiнген үй-жайларда сақталады және олар кәдеге жарату үшiн арнайы кәсiпорындарға шығарылады. Көрсетiлген шамдардың түрлерi полигонға шығарылмайды.

38. Электрлендiрiлген көлiктiң жарық және байланыс желiлерiнiң құлап қалған бағаналарын шығаруды негiзгi магистральдарда бағана иелерi дереу жүзеге асырады; басқа аумақтарда, сондай-ақ бөлшектелген бағаналар — тәулiк iшiнде шығарылады.

39. Уәкiлеттi орган коммуналдық меншiктегi субұрқақтардың тиiстi жағдайын және пайдаланылуын қамтамасыз етедi.

40. Субұрқақтарды қосу мерзiмдерiн, олардың жұмыс iстеу режимдерiн, тостағандарын жуу және тазарту кестесiн, технологиялық үзiлiстерiн және жұмыс iстеуiнiң аяқталуын уәкiлеттi орган айқындайды.

41. Субұрқақтар жұмыс iстеп тұрған кезеңде судың бетi күн сайын қоқыстан тазартылады. Пайдаланушы ұйымдар субұрқақтардың тазалығын жұмысы тоқтаған кезеңде де оларды тазалықта ұстайды.

Мақаланың шыққан күні: 17.05.2018 15:20
Парақтағы соңғы өзгерістер: 05.06.2018 09:19
Қаралым саны: 322
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика