Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 374.2
EUR | KZT 420.34
RUB | KZT 5.52
Көкшетау қ.
-6 °C
2018 ж. қарашаның 14
Филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу тәртібі

Филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу тәртiбi:

1.Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2198 «Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы» Заңымен;

2.Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2007 жылғы 12 сәуiрдегi N 112 «Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы» Бұйрығымен регламенттеледi.

Заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан филиалдары мен өкiлдiктерi, оларға заңды тұлға құқығы берiлмей-ақ есептiк тiркеуге жатады.

Өтiнiш

Филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркеу үшiн тiркеушi органға Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен белгiленген нысанда өтiнiш берiледi. Өтiнiшке филиал (өкiлдiк) құратын уәкiлеттi заңды тұлға қол қояды және заңды тұлғаның мөрiмен (ол болған кезде) расталады.

Мемлекеттiк алым

Өтiнiшпен бiрге филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркелгенi үшiн бюджетке тiркеу алымы төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге де құжат берiледi, төлемнiң мөлшерi 6,5 айлық есептiк көрсеткiшке тең соманы құрайды. Осы сәтте алым сомасы 15 672,5 (он бес мың алты жүз жетпiс екi теңге бес тиын).

Филиал (өкiлдiк) туралы ереже

Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне жатпайтын, заңды тұлғалардың филиалдары (өкiлдiктерi), сондай-ақ, акционерлiк қоғамдар үшiн қосымша заңды тұлға бекiткен, үш данада қазақ және орыс тiлдерiндегi филиал (өкiлдiк) туралы ереже, жарғының (ереженiң) көшiрмесi және филиалдың (өкiлдiктiң) басшысына берiлген сенiмхат (қоғамдық және дiни бiрлестiктерден басқа) ұсынылады.

Шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдарын (өкiлдiктерiн) есептiк тiркеу

Шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдарын (өкiлдiктерiн) есептiк тiркеу Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының филиалдарын (өкiлдiктерiн) есептiк тiркеу үшiн белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгiленбесе, осы тәртiппен көзделген құжаттардан басқа,

1.филиалды (өкiлдiктi) құратын шетелдiк заңды тұлғаның шет мемлекеттiң заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын растайтын, сауда тiзiлiмiнiң заңдастырылған үзiндi көшiрмесi, шетелдiк заңды тұлғаның құрылтай құжаттары немесе басқа да заңдастырылған құжаты;

2.салықтық тiркеу нөмiрi (немесе оның аналогы) көрсетiле отырып, шетелдiк заңды тұлғаның инкорпорация елiндегi салықтық тiркелуiн растайтын құжат қосымша ұсынылуға тиiс. Филиалды (өкiлдiктi) құратын шетелдiк заңды тұлғаның құжаттары нотариат куәландырған қазақ және орыс тiлдерiндегi аудармасымен бiрге ұсынылады.

Мемлекеттiк кәсiпорын филиал (өкiлдiк) құрған кезде Ұлттық Банктiң не мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi уәкiлеттi органның (жергiлiктi атқарушы органның) филиал (өкiлдiк) құруға келiсiмiн растайтын құжат қосымша ұсынылады.

Құжаттар табыс етiлген соң тiркеушi орган:

1) ұсынылған құжаттар пакетiнiң толық екендiгi және олардың дұрыс дайындалғанын және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заң актiлерiне сәйкестiгiн тексередi;

2) құжаттары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заң актiлерiне сәйкес болған жағдайда филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркеу туралы бұйрық шығарады (бұйрық жобасын заңды тұлғаның құжаттарын қарастырған тiркеушi органның маманы үш данада дайындайды және осы маман, сондай-ақ тiркеу бөлiмiнiң бастығы қол қояды, содан соң тiркеушi органының бастығына немесе оның орынбасарына қол қоюға ұсынады);

3) Ұлттық тiзiлiмге филиал (өкiлдiк) туралы мәлiмет енгiзедi;

4) есептiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы мәлiмет енгiзiлген күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркегенi және БСН-i берiлгенi туралы мемлекеттiк кiрiс органына хабарлама жiбередi;

5) заңнамамен белгiленген филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркеу туралы анықтама бередi;

6) бiр данадан тұратын ережесi бар iстi рәсiмдейдi, iстi рәсiмдеп болғаннан кейiн шағын кәсiпкерлiк субъектiсiне жатпайтын және де акционерлiк қоғам заңды тұлғаларының филиалдарының (өкiлдiгiнiң) ережесiнiң төлнұсқасына БСН иеленгенiн растайтын мөртаңбалар қойылып, құрылтайшыға немесе оның өкiлiне қайтарылады.

«Заңды тұлғаларды

тiркеу (қайта тiркеу) туралы,

олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн

есептiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы

анықтама беру»

мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына

№2-Қосымша

Нысан

Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi

(нұсқасы: (Аумақтық әдiлет органы) _________)

Заңды тұлғалардың филиалдарын (өкiлдiктерiн) есептiк тiркеу туралы анықтама

_________________________________

бизнес-сәйкестендiру нөмiрi

________________ «___»_________20__ж.

елдi-мекен

Заңды тұлғаның филиалының (өкiлдiктiң) атауы:_ ______________________

__________________________________________________________________

Заңды тұлғаның атауы: _____________________________________________

__________________________________________________________________

Заңды тұлғаның филиалының (өкiлдiгiнiң) орналасқан жерi:

__________________________________________________________________

Анықтама Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберiнде құрылтай құжаттарына сәйкес қызметтi жүзеге асыру құқығын бередi

Мақаланың шыққан күні: 02.07.2018 10:42
Парақтағы соңғы өзгерістер: 02.07.2018 10:42
Қаралым саны: 562
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Біздің сайтқа не арқылы кірдіңіз?