Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 345.55
EUR | KZT 401.01
RUB | KZT 5.45
Көкшетау қ.
24 °C
2018 ж. шiлденiң 19
Рұқсат беру құжаттарын алу тәртібі

Негiзi: Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ЗРК «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңы http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z1400000202#z113 

25-бап. Рұқсаттарды алуға арналған өтiнiштердi қараудың жалпы тәртiбi

1. Рұқсат беру органы лицензиялау кезiнде немесе рұқсат беру рәсiмдерiн жүзеге асыру кезiнде рұқсатты және (немесе) оған қосымшаны беруге өтiнiш берушiнiң құжаттарын алған кезден бастап екi жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге мiндеттi.

Өтiнiш берушi құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, рұқсат беру органы көрсетiлген мерзiмде өтiнiштi одан әрi қараудан уәждi түрде бас тартады.

2. Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарында немесе Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларында белгiленген жағдайларда өтiнiш берушiнiң Нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптарға сәйкестiгi тұрғысынан мемлекеттiк органдардың келiсiмдерiн (iлеспе рұқсаттарды) алу үшiн рұқсат беру органы өтiнiш берушiнiң рұқсатты және (немесе) оған қосымшаны алуға арналған құжаттары тiркелген күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiнiң алдағы қызметтi немесе әрекеттi (операцияны) жүзеге асыру орны бойынша тиiстi мемлекеттiк органдарға сауал жiбередi.

Мемлекеттiк органдар рұқсат беру органының сауалы негiзiнде он жұмыс күнi iшiнде тиiстi рұқсат беру органына өтiнiш берушiнiң лицензиялау кезiнде немесе рұқсат беру рәсiмдерiн жүзеге асыру кезiнде қойылатын талаптарға сәйкестiгi немесе сәйкес еместiгi туралы жауапты жiбередi.

Екiншi санаттағы рұқсаттар үшiн нормативтiк құқықтық актiлерде осы баптың 1-тармағында, осы тармақтың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген жағдайлар үшiн өзгеше мерзiмдер белгiленуi мүмкiн.

3. Мемлекеттiк органдар белгiленген мерзiмдерде жауап ұсынбаған жағдайда, рұқсат беру келiсiлген деп есептеледi.

Осы тармақтың ережелерi осы Заңға 1 және 2-қосымшаларда тиiсiнше ескерту бар рұқсаттарға қолданылмайды.

4. Рұқсатты және (немесе) оған қосымшаны беру үшiн тиiстi рұқсат беру органына немесе Мемлекеттiк корпорацияға ұсынылған барлық құжаттар тiзiмдеме бойынша қабылданады, оның көшiрмесi көрсетiлген органның құжаттарды қабылдаған күнi туралы белгiмен өтiнiш берушiге жiберiледi (тапсырылады). Бұл ретте тiзiмдеменi өтiнiш берушi жасайды.

Өтiнiш рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттiк ақпараттық жүйесi арқылы электрондық нысанда берiлген жағдайда рұқсат беру органының уәкiлеттi адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, тиiстi өтiнiштiң қабылданғандығын растау туралы құжат берiледi.

Рұқсат құжаттарын бергенi үшiн алым мөлшерлемелерi қызмет түрiне байланысты дифференцияланады (Салық кодексiнiң 554-бабы Рұқсат құжаттарын бергенi үшiн алым мөлшерлемелерi)

*Рұқсат беру органдары — лицензиарлар және екiншi санаттағы рұқсаттарды беруге уәкiлеттi органдар;

лицензиар — осы Заңға сәйкес лицензиялауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;

Мақаланың шыққан күні: 02.07.2018 10:40
Парақтағы соңғы өзгерістер: 02.07.2018 10:40
Қаралым саны: 66
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика