Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 345.55
EUR | KZT 401.01
RUB | KZT 5.45
Көкшетау қ.
24 °C
2018 ж. шiлденiң 19
Инженерлік инфрақұрылымға қосылу тәртібі

Инженерлiк инфрақұрылымның көздерiне қосылу тәртiбi Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi N 242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 «Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсiмдерiнен өту қағидаларын бекiту туралы» бұйрығымен (Құрылыс салу қағидаларымен) және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы басқа нормативтiк актiлерiмен реттеледi.

Аталған заңның 1-бабының 18 тармағына сәйкес, инженерлiк инфрақұрылым — адамдардың тiршiлiк етуi, сондай-ақ өндiрiстiң немесе тауарлар мен көрсетiлетiн қызмет айналымының тұрақты жұмыс iстеуi үшiн қалыпты жағдай туғызатын кәсiпорындардың (ұйымдардың), объектiлердiң (ғимараттар мен құрылыстардың), инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету коммуникацияларының және желiлерiнiң жиынтығы.

Құрылыс салу қағидаларыне сәйкес, құрылыс жөнiндегi кез келген жобаны жүзеге асыру жер учаскесiне тиiстi құқығы негiзiнде және келесi кезеңдерде жүзеге асырылады:

1.Құрылыс жобаларын әзiрлеу үшiн бастапқы материалдарды алу;

2.Эскиздi (эскиздiк жобаны) келiсу;

3.Құрылыс жобаларын жобалау және сараптау;

4.Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру;

5.Салынған объектiнi қабылдау және пайдалануға беру.

Құрылыс жобаларын әзiрлеуге арналған бастапқы материалдар мыналарды қамтиды:

1) сәулет-жоспарлау тапсырмасы (бұдан әрi — СЖТ);

2) инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосуға арналған техникалық шарттар (бұдан әрi — техникалық шарттар);

3) жолдар мен көшелердiң көлденең қималары;

4) тiк жоспарлау белгiлерi;

5) түбегейлi жоспарлау жобасынан алынған үзiндi көшiрме;

6) сыртқы инженерлiк желiлер трассасының схемасы.

СЖТ және техникалық шарттар ұсыну туралы өтiнiш жергiлiктi атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшесiнiң атына "электрондық үкiмет" веб-порталы немесе Мемлекеттiк корпорация арқылы мынадай құжаттарды қоса бере отырып, Құрылыс салу қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берiледi:

1) жобалауға арналған бекiтiлген тапсырма;

2) жер учаскесiне құқық белгiлейтiн құжат;

3) Құрылыс салу қағидаларын 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық шарттарға арналған сауалнама парағы;

4) жеке тұлғалар үшiн — жеке басын куәландыратын құжат.

Сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын ЖАО инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлерге техникалық шарттарды алуға арналған сауалнама парағын жiбередi.

Инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлер сауалнама парағын және топографиялық түсiрiлiмдi алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде сыртқы инженерлiк желiлер трассасының алдын ала схемасымен бiрге техникалық шарттарды дайындайды және ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшесiне жiбередi.

ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшесi жоспарланған құрылыс бекiтiлген егжей-тегжейлi жоспарлау жобасына сәйкес келген жағдайда, мынадай материалдарды дайындайды:

1) Құрылыс салу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша СЖТ;

2) түбегейлi жоспарлау жобасынан алынған үзiндi көшiрме;

3) тiк жоспарлау белгiлерi;

4) жолдар мен көшелердiң көлденең қималары;

5) сыртқы инженерлiк желiлер трассасының схемасы.

ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшесi дайындалған материалдарды және құжаттарды Мемлекеттiк корпорацияға жiбередi немесе "электрондық үкiмет" веб-порталына орналастырады.

Техникалық шарттар объектiнi коммуникацияларға қосу схемалары туралы, сондай-ақ сәттi қосылу үшiн орындалуға тиiс жұмыстар туралы толық ақпаратты қамтуға тиiс. Мұнда қосылу нүктелерi, жiберу шарттары және бөлiнетiн қуаттардың өлшемдерi белгiленедi, тұтынатын ресурстарды есепке алу және үнемдеу бойынша шаралар ескертiледi. Одан басқа, техникалық шарттарға мiндеттi түрде қажеттi экологиялық нормативтер қосылады.

Объектiнi инженерлiк жабдықтауға техникалық шарттардың құрамы мен мазмұны:

1.Су құбыры мен канализацияның коммуналдық желiлерiне қосу:

•су құбыры желiлерi мен канализация желiлерi бойынша қосу нүктелерi;

сумен жабдықтау құбырлар iшiндегi арын; қолданыстағы желiнi шығынды өткiзуге тексеру туралы ТШ талаптары болған кезде — қосылған объектiлер көрсетiлген желiлер схемасы.

2. Жылумен жабдықтау:

•жылу көзi;

•жылу тасымалдағыштың параметрлерi (жылу желiлерiндегi температура;

•жiберу және керi құбырлардағы қысым);

•қосылу нүктесi;

•жылумен жабдықтаудың есептiк схемасы;

•резервтiк жылумен жабдықтау көзi (қажет болса);

•жылу тасымалдағышты есепке алуға қойылатын талаптар;

•жобаланатын жылу желiлерiнiң баланстық пен пайдаланушылық тиiстiлiгi және жылумен жабдықтайтын ұйым мен тұтынушының жылу желiлерiн бөлу шекарасы.

3. Электрмен жабдықтау:

•жобаланатын желiлер қосылатын тiреу қуат көздерi;

•жобаланатын желiлердi қосу үшiн тiреу қуат көздерiнде орындалуға тиiс жұмыстардың көлемi;

•қуат көздерiндегi кернеу деңгейi;

•ең жоғарғы мен ең төмен режимдерiнде көздер шиналарындағы үш фазалы КЗ тоқтары;

•жерге тұйықталу тоқтары;

•камераның типi, релейлiк қорғау типтерi және қондырғыларды таңдау бойынша ұсыныстар (берiлген техникалық параметрлердiң, белгiленген режимнiң немесе мәннiң, мысалы, қорғау iстеп кетуге тиiс тоқтың мәнi);

•кабельдердi таңдау бойынша ұсыныстар, шығарылатын немесе қайта салынатын кабельдердiң толық параметрлерi, қалыпты және апаттық режимдердегi қолданыстағы кабельдер бойынша жүктемелер;

•қолданыстағы желiлiк құрылыстардың схемалары мен жоспарлары (қажет болса);

•телемеханика сигналдарының тiзiмi;

•электр энергиясын есепке алуға қойылатын талаптар;

•жауапкершiлiк шегi және пайдалану шарттары.

4. Газбен жабдықтау:

•газбен жабдықтау желiлерiне қосылу нүктесi;

•қосылу нүктесiнде газдың қысымы.

5. Телефондандыру:

•желi көзiн көрсету (АТС, концентратор, шкаф);

•қосылу жерiн көрсету;

•АТС-қа желiлiк қосу паспорты, АТС кроссында қосымша орнатылатын қорғау рамкалардың типтерi мен олардың сыйымдылығын көрсету (қажет болған жағдайда);

•құрылыс объектiсiне телефон кабелiн тартуға арналған қолданыстағы телефон канализациясының схемасы;

•объектiнi телефондандыруды орындауға қажеттi жұмыстардың көлемдерi (қосымша жұмыстар).

6. Радиоландыру:

•желiге қосылған орны;

•редиожелiсiне қосу үшiн орындауға қажеттi жұмыстардың көлемi.

7. Теледидар:

•ұсынылатын жүйенiң конфигурациясы;

•құрылыс аймағында қабылданатын ТВ арналарының сигналдар деңгейi;

•жүйе жабдығының ұсынылатын типi;

•қолданыстағы желiге қосылу жерi көрсетiлген ситуациялық схема.

Техникалық шарттарды алу және келiсу ұзақ уақыт алуы мүмкiн, өйткенi әр бөлiгi тиiстi инстанцияда рәсiмделедi.

Одан басқа, егер коммуникацияларды келтiру болжалды трасса тапсырыс берушiге тиесiлi емес жер учаскелерi арқылы өтетiн болса, барлығын әр учаскенiң иесiмен жеке келiсу қажет болады.

Құжаттар тегiн дайындалады. Техникалық шарттарды алу үшiн толық талаптарды сәулет басқармасында, сондай-ақ өз елдi-мекендегi қызметтердi жеткiзушiлерден бiлуге болады.

Осы рәсiмнен кейiн инженерлiк желiлердiң жобаларына тапсырыс беруге болады. Газбен жабдықтауға және электрмен жабдықтауға жеке құжаттар қажет болады, сумен жабдықтауға және канализацияға — бiр ортақ.

Әрi қарай оларды қызметтердi жеткiзушiлермен және сәулет басқармасында келiсу керек және коммуникацияларды өткiзуге, магистральдық желiлерге қосуға кiрiсуге болады.

Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасында құрылыс саласын цифрландырудың маңызды элементi ретiнде мемлекеттiк қала құрылысы кадастры құрылып жатыр.

Қала кадастры жердiң үстiнен, жер бетiнде және жер бетiнiң астында орналасқан жылжымайтын мүлiк пен инфрақұрылымның барлық объектiлерi туралы бiрыңғай мәлiметтер жүйесi болып келедi. Қала кадастры халық пен бизнеске инфрақұрылымның болуы, инженерлiк коммуникацияларға қосылу мүмкiндiгi туралы қажеттi ақпаратты ұсынып, сәулет пен құрылыс қызметiнiң ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.

Мақаланың шыққан күні: 02.07.2018 10:38
Парақтағы соңғы өзгерістер: 02.07.2018 10:38
Қаралым саны: 66
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика