Көкшетау қаласының
ресми интернет-ресурсы
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» Бағдарламасына қатысудың оң нәтижелері

2013 жылы Көкшетау қаласының Жұмыспен қамту орталығына Красный Яр селосының тұрғыны Исатай Думанғалиұлы Искаков жүгiндi. Исатай Думанғалиұлына «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» Бағдарламасына қатысудың мүмкiндiктерi туралы түсiндiру жұмыстары жүргiзiлдi.

Мемлекеттiк қолдау шараларымен танысқаннан кейiн И.Д. Искаков «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» Бағдарламасының 2 бағытының қатысушысы болуға ниет бiлдiрдi. Екiншi бағыт бойынша мемлекеттiк қолдау түрлерiнiң бiрi болып кәсiпкерлiк негiздерiне тегiн оқыту болып саналады. 2013 жылы «Кәсiпкерлiк негiздерi» курстарын «Тұран-Профи» Кәсiптiк академиясы» Бiлiктiлiктi арттыру институты өткiздi. Исатай Думанғалиұлы Жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен жоғарыда баяндалған мекемеде кәсiпкерлiк курстарын өттi, бұл оның уәкiлеттi өңiрлiк қаржы ұйымынан несие алу үшiн ұсынылатын бизнес-жоспар құруда көмегiн тигiздi. 2013 жылы осы ұйым болып «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Ақмола облысы филиалы табылды.

Осы ұйымның мамандарымен қатысушының тапсырған құжаттарын қараудан кейiн, Исатай Думанғалиұлы мал шаруашылығы саласындағы жеке iсiн ашуға шағын несие алды. Ағымдағы жылы И.Д. Искаков алған несиенi өтеудi мерзiмiнен бұрын аяқтады.

Екiншi бағыт аясында несиенi өтеуде төлемдi мерзiмiнен бұрын аяқтаған қатысушаға 5 млн. тенге дейiн тағы бiр несие алуға құқық берiлген. Осыған орай және И.Д. Искаков өзiнiң мүмкiндiктерiн бағалай отыра жеке iсiн кеңейтуге Бағдарлама асында тағы бiр рет несие алуды шештi.

Осылайша, Исатай Думанғалиұлы Искаков Бағдарламаның мүмкiндiктерiн пайдалана отыра, табысты кәсiпкер қана болмай, сондай-ақ жеке iсiн белсендi дамытуда, бұл Красный яр а/о жұмыспен қамтамасыз етуге ықпалын тигiзедi.

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 11.07.2016 15:52
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

 

 

г.Кокшетау, ул. Ауэзова 141

8 (7162) 29-78-00

8 (7162) 29-78-66

 

akymat_kokshetay@mail.ru

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-78-23, 29-78-24

@2017 «Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы» ММ
Разработка сайта: Компания Интегро