Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 378.14
EUR | KZT 429.42
RUB | KZT 5.68
Көкшетау қ.
-14 °C
2019 ж. қаңтардың 22
«Көкшетау қаласы әкімінің аппараты» ММ жалпы ережелері

Көкшетау каласы әкiмдiгiнiң
2013 жылғы «09» қаңтардағы
№ А-1/16 қаулысымен
БЕКIТIЛГЕН

1.Жалпы ережелер

1. Ақмола облысы «Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi жергiлiктi атқарушы органның (құрылған жағдайда) және әкiмнiң қызметiн ақпараттық талдау, құқықтық-ұйымдастыру және материалдық-техника аясында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

2. Ақмола облысы «Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi өзiнiң iс-әрекетiнде Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Ақмола облысы «Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Ақмола облысы «Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

5. Ақмола облысы «Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. Ақмола облысының «Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi өз құзыретiндегi мәселелерi бойынша, заңнамада белгiленген тәртiппен, басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен рәсiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

7. Ақмола облысы «Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi құрылымы мен штат санының лимитi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес берiледi.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: Қазақстан Республикасы, 020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы. Әуезов көшесi, 141.

9. Мемлекеттiк органның толық атауы — Ақмола облысы «Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi.

10. Осы Ереже Ақмола облысының «Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң құрылтай құжаты.

11. Ақмола облысы «Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметiн қаржыландыру Республикалық және жергiлiктi бюджеттерiнен жүзеге асырылады.

12. Ақмола облысы «Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi кәсiпкерлiк субъектiлерiмен әкiм аппаратының функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Ақмола облысы «Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары және мiндеттерi

13. Ақмола облысы «Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң миссиясымен мiндетi жергiлiктi атқарушы органның (құрылған жағдайда) және әкiмнiң қызметiн ақпараттық талдау, құқықтық-ұйымдастыру және материалды-техника аясында басшылық жүргiзедi.

14. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына сәйкес Ақмола облысы «Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiне келесi функциялар жүктелген:

1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң саясатының бiртiндеп өмiрге өткiзуiн, мемлекеттiк билiктiң мәртебесiн күшейту, Көкшетау қаласында әлеуметтiк және экономикалық процесстердi басқару және жүзеге асыру, мемлекеттiк институттарын дискредитациялауды болдырмау, қабiлеттi басқару реформаларды тереңдету бойынша механизмiн жетiлдiруi;

2) Қазақстан Республикасы Заңдары, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Ақмола облысы және Көкшетау қаласы әкiмдiгiнiң қаулылары, Көкшетау қаласы және Ақмола облысы әкiмiнiң өкiмдерi және шешiмдерiнiң орындалуын қамтамасыз ету және ұйымдастыру, бұзушылықтарды жою бойынша iс шаралар қолдану және жүзеге асыруын бақылау, олардың орындалмауының шарттары және себептерi;

3) Ақмола облысы «Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң бөлiмдерiнiң, жергiлiктi атқарушы органдарының жұмысына нақты және жүйелiк талдау жүргiзу, реформалардың жүргiзiлуiне бақылау жасауды қамтамасыз ету, қала әкiмiнiң қатысуымен шешуге жататын маңызды мiндеттердi орындау;

4) қала кәсiпорындарының, коммуналдық ұйымдардың, қаланың көлiк қызметтерiнiң, денсаулық сақтау, бiлiм мекемелерiнiң жұмысын үйлестiру, оларға тәжiрибелiк көмек көрсету, қаланың әлеуметтiк-экономикалық дамуының мәселелерiне талдау жасау, қажеттi ұсыныстарды және болжамды материалдарды дайындау;

5) қала әкiмiнiң Көкшетау қалалық мәслихатымен, басқару органдарымен, оның қоғамдық байланысы бар, мәдени, шығармашылық өзара, дiни ұйымдармен, қозғалыстармен, партиялармен, бiрлестiктермен әрекеттесуiн қамтамасыз ету;

6) қалада экономикалық өзгерулердi жүзеге асыру бойынша, ұлтаралық азаматтық келiсiмнiң, тұрақтылық және табысқа сақталуына қала әкiмiнiң қызметiнiң түсiнiктемесi;

7) әкiмдiктiң қаулыларының жобаларының, әкiмнiң шешiмдерi және ұйғарымдарын, әкiмдiк отырыстарына материалдар әзiрлеу;

8) қала әкiмi қызметiн бұқаралық ақпарат құралдарында баяндау, олармен өзара әрекеттесуiн ұйымдастыру, оның басқа да мәселелер бойынша әрекеттерiне түсiнiктеме беру;

9) қала әкiмiнiң кадрлық саясат, кадрлардың резервiн қалыптастыру, Қазақстан Республикасының бекiтiлген қолданыстағы заңнамаларының тәртiбiмен жүзеге асыруын қамтамасыз ету;

10) қызметтiк құжаттарды, хаттарды, өтiнiштердi қарастыру, келiп түсетiн құжаттарды талдау, азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру;

11) мемлекеттiк және орыс тiлдерiнiң қолданылуын кеңейтудi қамтамасыз ету, аппарат жұмысының әдiстерi мен стильдерiн жақсарту;

15. Ақмола облысы «Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң құқықтары және мiндеттерi:

1) басқармалардан, комитеттерден, бөлiмдерден, кәсiпорын, мекеме басшыларынан қажеттi ақпаратты, сондай-ақ өз құзiреттiгi шегiнде тапсырманы орындауға мiндеттердi алу қажет;

2) қала әкiмiнiң құзiреттiгiне кiретiн кәсiпорындар, мекемелер және ұйымдардан материалдардың барлық формаларын, ауызша және жазбаша түсiнiктемелер бойынша мәселелердi сұрау және алу;

3) әкiмдiктiң отырыстарына, активтерiне және жиналыстарына қатысу;

4) басқарма, комитет, бөлiмдер қызметкерлерiн қала әкiмiнiң мәжiлiстерiне және әкiмдiк отырыстарында қарастырылатын мәселелердi шешу iсiне қатысуға тарту;

5) Ақмола облысы «Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi өз қызметiнде Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарын қатаң сақтауға мiндеттi.

3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

16. Ақмола облысы «Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнде басшылықты жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

17. Ақмола облысы «Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы Көкшетау қаласы әкiмiнiң өкiмi негiзiнде қызметке тағайындалады және лауазымнан босатылады.

18. Ақмола облысы «Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi басшысының өкiлеттiгi:

1) Ақмола облысы «Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi туралы ережесiн әзiрлеу, оның құрылымдарын және оны қала әкiмдiгiне бекiтуге ұсынады, келiсiм бойынша құрылымына және штатқа өзгерiстер енгiзу штат санының лимиттерiнiң, Қазақстан Республикасының бекiтiлген қолданыстағы заңнамаларының шегiнде;

2) әкiм аппараты бөлiмдерiнiң жұмысын ұйымдастырады және басқарады;

3) шешiмдер мен ұйғарымдардың жобаларын қала әкiмiмен келiседi;

4) өз құзiреттiгi шегiнде қызметтiк құжаттарға қол қояды;

5) әкiм ұйғарымдары мен шешiмдерiн, әкiмдiкпен қабылданған қаулылардың орындалуын бақылау бойынша жұмысын үйлестiру;

6) қала әкiмiнiң кадрлық саясатын жүзеге асыру бойынша жұмысын ұйымдастырады, әкiм аппараты бөлiмдерiнiң жетекшiлерi мен қызметкерлерiнiң басқа да құрылымдық бөлiмшелердi қызметке тағайындалу және лауазымнан босату жөнiнде ұсыныс енгiзедi.

7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жұмыс жүргiзу және ол жөнiнде жеке жауапты;

8) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларын сақтай отырып, әкiм аппаратында iшкi еңбек тәртiбiн орнатады.

9) Өзiнiң құзiрет шегiнде басқа да өкiлдiктi жүзеге асыру. Әкiм аппаратының басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттiк органның мүлкi

19. Ақмола облысы «Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.

20. Ақмола облысы «Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiне бекiтiлген мүлiк коммуналды меншiкке жатады.

21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Ақмола облысы «Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

22. Ақмола облысы «Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Мақаланың шыққан күні: 17.03.2016 09:26
Парақтағы соңғы өзгерістер: 14.01.2019 15:27
Қаралым саны: 1558
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Біздің сайтқа не арқылы кірдіңіз?