Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 385.55
EUR | KZT 426.57
RUB | KZT 6.05
Көкшетау қ.
-3 °C
2019 ж. желтоқсанның 9
«Көкшетау қаласының ветеринария бөлiмi» ММ

«Көкшетау қаласының ветеринария бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Заңды мекенжайы: 020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесi 142 «А»

Байланыс телефоны: 76-04-55

Электрондық пошта: kokshe_ov@mail.ru

Лауазымы Т.А.Ж.
1 Басшы Сәрсембаев Тоқтар Шәйкенұлы
2 Бас маман Жүнісов Дінмұхамед Оралбайұлы
3 Бас маман Ахметов Жанат Жақсылықұлы
4 Бас маман Қазизов Төлеген Қадымұлы
5 Статист Қалипенова Индира Маратқызы

«Көкшетау қаласының ветеринария бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң миссиясы жануарлардың аса қауiптi ауруларынан және энзоотиялық ауруларынан ветеринариялық қолайлылық негiзiнде қаланың азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету.

Ағымдағы қызметi:

1) облыстың жергiлiктi өкiлдi органына бекiту үшiн жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгiлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзу;

2) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;

3) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтiп-ұстауды қамтамасыз ету;

4) мүдделi тұлғаларға өткiзiлiп жатқан ветеринариялық iс-шаралар туралы ақпарат берудi ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

5) ветеринария мәселелерi бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргiзу;

6) жануарлар өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiн, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндiру, сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттiк комиссияларды ұйымдастыру;

7) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;

8) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың құнын иелерiне өтеу;

9) облыстық маңызы бар қаланың аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиiстi аумақтың бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантиндi немесе шектеу iс-шараларын белгiлеу туралы шешiмдер қабылдау;

10) облыстық маңызы бар қаланың аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнiндегi ветеринариялық iс-шаралар кешенi жүргiзiлгеннен кейiн тиiстi аумақтың бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу iс-шараларын немесе карантиндi тоқтату туралы шешiмдер қабылдау;

11) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастыру;

12) уәкiлеттi орган бекiтетiн тiзбе бойынша жануарлардың аса қауiптi ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшiн жеткiзу бойынша ветеринариялық iс-шаралардың жүргiзiлуiн ұйымдастыру;

13) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру, ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi дерекқорды жүргiзу бойынша iс-шаралар өткiзудi ұйымдастыру;

14) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi жүргiзу үшiн бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттiлiктi айқындау және облыстың жергiлiктi атқарушы органына ақпарат беру;

15) ветеринариялық есепке алу мен есептiлiктi жинақтау, талдау және оларды облыстың жергiлiктi атқарушы органына ұсыну;

16) облыстың жергiлiктi атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық iс-шаралар жөнiнде ұсыныстар енгiзу;

17) облыстың жергiлiктi атқарушы органына профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тiзбесi жөнiнде ұсыныстар енгiзу;

18) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебiнен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;

19) облыстың жергiлiктi атқарушы органына тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi ветеринариялық iс-шаралар туралы ұсыныстар енгiзу;

20) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;

21) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:

iшкi сауда объектiлерiнде;

жануарлар өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiнде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);

ветеринариялық препараттар өндiрудi қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын адамдарда;

экспортын (импортын) және транзитiн қоспағанда, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк шегiнде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсiру кезiнде;

экспортты (импортты) және транзиттi қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкiн көлiк құралдарының барлық түрлерiнде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлерi бойынша;

тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетiн, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;

экспортты (импортты) және транзиттi қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi өсiретiн, сақтайтын, өңдейтiн, өткiзетiн немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндiрiстiк үй-жайларында және қызметiне жүзеге асыру;

22) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi күтiп-ұстауға, өсiруге, пайдалануға, өндiруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткiзуге байланысты мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiн орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезiнде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезiнде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

23) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актiсiн жасау;

24) мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттiк ветеринариялық дәрiгерлер тiзiмiн бекiту;

25) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк шегiнде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

26) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргiзу;

27) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актiсiн беру;

28) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ветеринария саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдау, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттiк электрондық тiзiлiмiн жүргiзу;

29) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру кiредi.

«Көкшетау қаласының ветеринария бөлiмi» ММ басшысы

«Көкшетау қаласының ветеринария бөлiмi» ММ басшысы – Сәрсембаев Тоқтар Шәйкенұлы. 1956 жылы 3 қараша Көкшетау облысы, Чистополье ауданы, Жданов ауылында дүниеге келген.1974 жылы Чистополье орта мектебiн бiтiрдi.

1975 жылы Целиноград ауыл шаруашылық институтiнiң малдәрiгерлiк факультетiне түсiп, 1980 жылы аяқтады. 1980 ж. 1983 ж. аралығында Көкшетау облысындағы Чистополье ауданында малдәрiгерi болып жұмыс iстеген.

1983 ж. 1988ж. аралығында малдәрiгерлiк факультетiнде ұстаз болған.

1988 ж 1998ж. аралығында бас малдәрiгерi болды. Көкшетау қаласының №47 жылқы өсiретiн зауытында жылқы бөлiмiнiң басшысы .

1999 ж. 2005 ж.аралығында көкшетау қаласы әкiмдiгi маңындағы «ветеринариялық-санитариялық эпизоотикалық пунктiнде» малдәрiгерi.

2005 ж. 2009 ж. аралығында «ҮКШБ» ММ-де бас маман.

2010-2014 жж. аралығында Станционный ауылында әкiм апаратында бас маман болып жұмыс iстеген.

2014 жылдың 3 қарашасынан «Көкшетау қаласының ветеринария бөлiмi» ММ-нiң басшысы болып тағайындалды.

2019 жылдың
«Көкшетау қаласының ветеринария бөлiмi» ММ
азаматтарды және заңды тұлғаларды қабылдау кестесі

Тегі, аты-жөні Қызметі Қабылдау уақыты
Сәрсембаев Тоқтар Шәйкенұлы Бөлім басшысы Әр сәрсенбі сайын 16.00 ден 17.00-ге дейін.
Мақаланың шыққан күні: 26.03.2018 17:16
Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.01.2019 17:00
Қаралым саны: 1389

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіз қандай санатқа жатасыз?