Көкшетау қаласының
ресми интернет-ресурсы
Көкшетау қаласы әкімдігінің 2015 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қыркүйектегi

№ 983 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер тiзiлiмiне сәйкес, он қалалық мемлекеттiк орган мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң 10 түрiн көрсетедi.

1.«Көкшетау қ. жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» ММ — 18;

2.«Көкшетау қ. бiлiм бөлiмi» ММ — 24;

3. «Көкшетау қ. жер қатынастары бөлiмi»ММ — 6;

4.«Көкшетау қ. сәулет және қала құрылысы бөлiмi»ММ — 4;

5.«Көкшетау қ. ауыл шаруашылығы бөлiмi»ММ — 14;

6.«Көкшетау қ. ветеринария бөлiмi» ММ — 5;

7.«Көкшетау қ. дене тәрбиесi және спорт бөлiмi» ММ — 1;

8.«Көкшетау қ. тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» ММ — 4;

9.«Көкшетау қ. азаматтық хал актiлерiн тiркеу бөлiмi» ММ — 9;

10.«Көкшетау қ. экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмi» ММ — 1.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң сапасын арттыру мақсатында қала әкiмi орынбасарларының, қала әкiмi аппараты басшысының, мемлекеттiк органдардың басшыларының лауазымдық нұсқаулықтарына мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi көрсетудi бақылау жөнiндегi мiндеттер енгiзiлдi, барлық бөлiмдерде мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсетуге және дұрыс есептiлiктi беруге жауапты мамандар бекiтiлдi.

Халыққа сапалы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi ұсынудың сапалы жағдайларын жасау бойынша шаралар қолданды. Барлық мемлекеттiк органдар кабинеттермен, компьютерлiк және ұйымдық техникамен, күтiп отыруға арналған орындармен жабдықталды, бөлмелер жарық, қызметтердi көрсету рәсiмi жөнiндегi көрнекi ақпарат орналастырылған ақпараттық стендтер бар.

Баламалы және баламалы емес негiзде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердi Халыққа қызмет көрсету орталықтарына ауыстыру, сондай-ақ, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi электрондық нысанға ауыстыру бойынша мақсатты жұмыс жүргiзiлуде.

Барлық мемлекеттiк мекемелерде қызметтердi және халықтан келiп түскен шағымдарды тiркеу журналдары бар. 2015 жылы көрсетiлетiн қызметтi алушылардан шағымдар мен ұсыныстар келiп түскен жоқ.

Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбiнiң бұзылуына жол бергенi, лауазымдық мiндеттерiн тиiстi түрде орындамағаны үшiн 1 маман тәртiптiк жауапкершiлiкке (сөгiс) тартылды.

Жауапты мамандардың кәсiби дағдыларын арттыру, олардың жұмыс сапасын арттыру мақсатында 2015 жылы мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi көрсету мәселелерi жөнiнде бөлiм мамандарына және Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерiне арналған 13 семинар-кеңес, «дөңгелек үстел», брифинг, конференция өткiзiлдi. Сонымен қатар, халықтың мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы хабардар болуын арттыру мақсатында жергiлiктi баспа басылымдарда 29 мақала жарық көрдi.

Көкшетау қаласының жергiлiктi атқарушы органдары 2015 жылы барлығы 53 096 мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет көрсеттi. Соның iшiнде 21 578 — Халықа қызмет көрсету орталықтары арқылы, 3 318 — «лектрондық үкiмет» порталы арқылы, 27 390 — мемлекеттiк органның кеңсесi арқылы, 810- «Е-лицензиялау» мемлекеттiк мәлiметтер базасы жүйесi арқылы көрсетiлдi.

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 23.02.2016 15:45

Комментарии


Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

 

 

г.Кокшетау, ул. Ауэзова 141

8 (7162) 29-78-00

8 (7162) 29-78-66

 

akymat_kokshetay@mail.ru

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-78-23, 29-78-24

@2017 «Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы» ММ
Разработка сайта: Компания Интегро