Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 384.87
EUR | KZT 432.52
RUB | KZT 6.11
Көкшетау қ.
23 °C
2019 ж. шiлденiң 22
2019 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік жалпы білім беру тапсырысын, ата-ананың төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

«2019 жылға мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға
мемлекеттiк жалпы бiлiм беру тапсырысын,
ата-ананың төлемақысының мөлшерiн
бекiту туралы» Көкшетау қаласы әкiмдiгiнiң
2019 жылғы 4 наурыздағы № А-3/400
қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы», «Бiлiм туралы» Заңдарына сәйкес Көкшетау қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «2019 жылға мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк жалпы бiлiм беру тапсырысын, ата-ананың төлемақысының мөлшерiн бекiту туралы» Көкшетау қаласы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 4 наурыздағы № А-3/400 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 7098 болып тiркелген, 2019 жылғы 14 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрдегi эталондық бақылау банкiнде жарияланған) келесi өзгерiс енгiзiлсiн:

қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкшетау қаласы әкiмiнiң орынбасары А.Б. Әмiреноваға жүктелсiн.

3. Осы қаулы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi, ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2019 жылғы 1 маусымнан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Қала әкiмi                                                                                                                      А.Смайылов

Мақаланың шыққан күні: 14.06.2019 14:21
Парақтағы соңғы өзгерістер: 14.06.2019 14:31
Қаралым саны: 272

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіздің жасыңыз?