Көкшетау қаласының
ресми интернет-ресурсы
2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде 2016 жылғы 28 шiлдеде № 5481 болып тiркелдi

2016 жылға арналған мектепке
дейiнгi тәрбие мен оқытуға
мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын,
жан басына шаққандағы қаржыландыру
және ата-ананың ақы төлеу мөлшерiн
бекiту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Көкшетау қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiлген 2016 жылға арналған мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерi бекiтiлсiн.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкшетау қаласы әкiмiнiң орынбасары А.Б. Әмiреноваға жүктелсiн.

3. Осы қаулы 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

4. Осы қаулы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қала әкiмi                                                                                                                               Е.Маржықпаев

 

Көкшетау қаласы әкiмдiгiнiң
2016 жылғы «27» маусымдағы
№ А-6/1502 қаулысымен
бекiтiлген

2016 жылға арналған мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерi

Елді мекеннің атауы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны Мектепке дейінгі ұйымдардағы жан басына шаққандағы бір айға қаржыландыру мөлшері (теңге)
Балабақша Күндіз толық қатынайтын шағын орталық Балабақша Күндіз толық қатынайтын шағын орталық
мемлекеттік жеке меншік мемлекеттік жеке меншік мемлекеттік жеке меншік мемлекеттік жеке меншік
Көкшетау қаласы 2224 1005 180 0 23869,7 23869,7 16921,6 0

кестенiң жалғасы

Айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) Мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-аналардың бір айға төлемінің ең жоғары мөлшері (теңге)
Күндіз толық қатынайтын шағын орталық Балабақша Күндіз толық қатынайтын шағын орталық
мемлекеттік жеке меншік мемлекеттік жеке меншік мемлекеттік жеке меншік
16921,6 0 10391,4 17697,4 10391,4 0
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 02.08.2016 10:12
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

г.Кокшетау, ул. Ауэзова 141

8 (7162) 29-78-00

8 (7162) 29-78-66

akimkokshe@akmol.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-78-23, 29-78-24

@2017 «Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы» ММ
Разработка сайта: Компания Интегро