Көкшетау қаласының
ресми интернет-ресурсы
Көкшетау қаласының коммуналдық мүлігін иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдерді айқындау туралы

Көкшетау қаласының
коммуналдық мүлiгiн
иелiктен айыру түрлерiн
таңдау бойынша өлшемдердi
айқындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттiк мүлiк туралы» 2001 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарына, «Жекешелендiру объектiлерiн сату қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына сәйкес, Көкшетау қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Көкшетау қаласының коммуналдық мүлiгiн иелiктен айыру түрлерiн таңдау бойынша өлшемдер осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкшетау қаласы әкiмiнiң орынбасары Ш.Н. Сәдуақасовқа жүктелсiн.

3. Осы қаулы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қала әкiмi                                                                      Е. Маржықпаев

 

Көкшетау қаласы әкiмдiгiнiң
2016 жылғы ____________
№ ____________________
қаулысына қосымша

Көкшетау қаласының коммуналдық мүлiгiн иелiктен айыру түрлерiн таңдау бойынша өлшемдер

Өлшемдердің атауы Иеліктен айыру түрі
1 Егер мемлекеттің алдағы уақытта мемлекеттік меншік объектісін бақылауда мүдделігі болмаса Аукцион түріндегі жекешелендіру
2 Сату шартын бекіту арқылы уақыттың қандай да бір кезеңіне мемлекет тарапынан бақылауды сақтау қажеттілігі болса (қызмет түрін сақтау, кредиторлық берешекті өтеу, еңбек ақы бойынша берешекті өтеу және басқа шарттар) Тендер түріндегі жекешелендіру
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 22.04.2016 12:33
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

 

 

г.Кокшетау, ул. Ауэзова 141

8 (7162) 29-78-00

8 (7162) 29-78-66

 

akymat_kokshetay@mail.ru

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-78-23, 29-78-24

@2017 «Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы» ММ
Разработка сайта: Компания Интегро