Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 388.7
EUR | KZT 428.7
RUB | KZT 6.08
Көкшетау қ.
0 °C
2019 ж. қарашаның 12
Көкшетау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 9 тамыздағы № С-3/6 шешiмi. Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде 2016 жылғы 5 қыркүйекте № 5513 болып тiркелдi

РҚАО-ның ескертпесi.

Құжаттың мәтiнiнде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10-бабына сәйкес Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Көкшетау қаласында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзу тәртiбi қосымшаға сәйкес қосымша реттелсiн.

2. Көкшетау қалалық мәслихатының "Көкшетау қаласында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзу тәртiбiн қосымша реттеу туралы" 2015 жылғы 30 наурыздағы № С-36/2 (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiмiнде № 4718 тiркелген, 2015 жылғы 2 сәуiрде "Көкшетау" газетiнде және 2015 жылғы 2 сәуiрде "Степной Маяк" газетiнде жарияланған) шешiмiнiң күшi жойылды деп танылсын.

3. Осы шешiм Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Алтыншы шақырылған Көкшетау
қалалық мәслихатының 3 –шi
кезектi сессиясының төрағасы                                                                Б.Бегалин

Алтыншы шақырылған
Көкшетау қалалық
мәслихатының хатшысы                                                                            Б.Ғайса

"КЕЛIСIЛДI"

Көкшетау қаласының әкiмi                                                                     Е.Маржықпаев

2016 жылғы "09" тамыз

Көкшетау қалалық
мәслихатының
2016 жылғы 09 тамыздағы
№ С-3/6 шешiмiне
қосымша

Көкшетау қаласында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзудiң қосымша тәртiбi

1. Бейбiт жиналыстар мен митингiлер өткiзу орындары белгiленсiн:

1) Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, "Тәуелсiздiк" аланы;

2) Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абылай хан даңғылы мен Төлеу Сүлейменов көшесiнiң қиылысындағы саябақ;

3) Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Максим Горький көшесiндегi Ауған соғысы интернационал жауынгерлерiнiң саябағы;

4) Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Александр Сергеевич Пушкин көшесiндегi "Бурабай" спорт сарайының сол жағындағы алаңша.

2. Шерулер мен демонстрациялар өткiзу маршруты белгiленсiн:

Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Максим Горький көшесiнен бастап, Абай көшесiнiң бойымен "Тәуелсiздiк" алаңына дейiн.

3. Iс-шара уәкiлдерi (ұйымдастырушылары) мен қатысушыларына алкогольдiк және есiрткiлiк масаң күйiнде қатысуға жол берiлмейдi.

4. Қоғамдық тәртiп пен пикет қатысушыларының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында:

1) түрлi жеке дара пикеттерге қатысушылар бiр-бiрiнен 50 метрден кем емес қашықтықта орналасуы немесе бiр-бiрiне айқын көрiнбей тұруы қажет.

2) бiр күнде және бiр уақытта бiр объектiде үштен аспайтын жеке дара пикеттi өткiзуге рұқсат етiледi.

5. Пикет өткiзу кезiнде:

1) пикет өткiзiлетiн объектiнiң алдында тұруға, отыруға;

2) көрнекi үгiт құралдарын пайдалануға;

3) пикеттiң тақырыбы бойынша қысқа ұрандар, слогандар айғайлап айтуға рұқсат етiледi.

6. Басқа формада бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзу шараларын жалғастыру үшiн Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзу және ұйымдастыру тәртiбi туралы" Заңында атап көрсетiлгенiндей, Көкшетау қаласының жергiлiктi атқарушы органының шешiмi болуы қажет.

7. Бейбiт жиналыстар, митингiлер шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзуге рұқсат беруден Көкшетау қаласының әкiмдiгi бас тартқан жағдайда немесе оны тыйым салу туралы шешiм шығарылса, уәкiлдер (ұйымдастырушылар) барлық дайындық шараларын тоқтатуға және бұл туралы ықтимал қатысушыларды тиiстi хабардар ету бойынша тез арада шаралар қолданады.

Мақаланың шыққан күні: 05.11.2019 11:03
Парақтағы соңғы өзгерістер: 05.11.2019 11:03
Қаралым саны: 38

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіз қандай санатқа жатасыз?