Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 384.87
EUR | KZT 432.52
RUB | KZT 6.11
Көкшетау қ.
23 °C
2019 ж. шiлденiң 22
2018 жыл бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндама

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы ұлттық баяндама ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл Агенттiгiмен Елбасына енгiзiлетiн өзектi құжаттардың бiрi болып табылады. Ол сыбайлас жемқорлықтың халықаралық және ұлттық деңгейлерде таралу жай-күйi мен үрдiстерiн талдау мен бағалауды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру, iске асыру және жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды қамтиды.

Ұлттық баяндаманың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны iске асыру жөнiндегi жоспарды орындаудың жылдық қорытындылары шығарылды. Сонымен қатар халықаралық зерттеулерге, құқықтық статистика деректерiне, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейiнiң әлеуметтiк өлшемдерiне негiзделген Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың жай-күйi мен таралу үрдiсiне талдау көрсетiлген», — дедi спикер.

Transparency International Kazakhstan сарапшылары Қазақстанның трансұлттық және жергiлiктi сыбайлас жемқорлықтың өсуi аясында рейтингтегi өз ұстанымдарын ұстап қалғанын (31 балл), сондай-ақ елдiң Орталық Азия өңiрiндегi үздiк көрсеткiштерiн атап өттi.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылдың ұлттық моделiнiң және оның алдын алудың негiзгi басымдықтары ашылған.

Есеп беретiн және кәсiби мемлекеттiк аппаратты дамыту, этикалық бақылауды жетiлдiру, сыбайлас жемқорлықтың пайда болуына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою бойынша қабылданып жатқан шаралар баяндалды.

Мемлекеттiк қызметтердi электрондық форматқа көшiру жұмыстары 2018 жылы олардың үлесiн 69%-ға дейiн арттыруға мүмкiндiк бердi (2017 жылы — 50%).

Салалық сыбайлас жемқорлық тәуекелдерi зерттелдi.

Жобаларды басқару және ақпараттық технологиялар негiзiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа тәсiлдердi сипаттайды.

Мысалы, бизнес пен инвесторлардың мемлекеттiк билiк институттарына сенiмiн арттыру, сондай-ақ олардың заңды құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында «Protecting Business and Investments» жобасы жүзеге асырылуда.

Айрықша назар сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылға азаматтық қоғамды тарту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты қоғамдық қабылдамауды қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi iлгерiлету мәселелерiне аударылған.

Баяндаманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жақсарту бойынша ұсынымдар қорытындылай келедi. Мәселен:

1) заңсыз байытқаны, пара беруге уәде бергенi және ұсынғаны үшiн жауапкершiлiк белгiлеу;

2) жария құқық заңды тұлғалар институтын енгiзу;

3) бақылаушы құрылымдарды тарата немесе түбегейлi қысқарта отырып, мемлекеттiк бақылаудың орнына кәсiпкерлердiң жауапкершiлiгiн сақтандыруды енгiзу;

4) Еуропа Кеңесiнiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобына (ГРЕКО) кiру;

5) мемлекеттiк қызметшiлердi парасаттылыққа тексерудi енгiзу (integrity check);

6) заңнамалық актiлерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлаған адамдарды қорғау туралы сараланған ережелердi көздеу;

7) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiлерi туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылда өзгеше түрде жәрдем көрсететiн азаматтарды көтермелеудiң сараланған жүйесiн енгiзу;

8) басшылардың бағынысындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда дербес жауапкершiлiгi белгiлеу;

9) сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою жөнiнде шаралар қолданбағаны үшiн тәртiптiк жауапкершiлiгiн белгiлеп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн сыртқы талдаудың қорытындылары бойынша ұсынымдарға орындауға мiндеттi сипат беру;

10) ақпаратқа қол жеткiзу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органды және оның құзыретiн айқындау.

11) рәсiмнiң өмiрлiк циклi шеңберiнде «бiр өтiнiш» (мемлекеттiк органға бiр рет жүгiну) қағидатына көшу жолымен мемлекеттiң халықпен және бизнеспен өзара iс-қимылының белсендi форматын барынша енгiзудi қамтамасыз ету;

12) азаматтардың ақпараттық сұраныстарын есепке алу тетiгiн енгiзу;

13) елдiң барлық өңiрлерiнде «қоғамдық бақылаудың интерактивтi картасын iске қосу»;

14) «Цифрлық агент» жүйесiне мемлекеттiк құрылымдардың неғұрлым көп санын қосу;

15) озық елдер мысалында мемлекеттiк қызметтер көрсету мерзiмдерiн түбегейлi қысқарту;

16) «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңiрлер» жобасы шеңберiнде:

- мемлекеттiк органдардың қызметiне тұтынушыға бағытталу қағидатын енгiзу;

- кедергiсiз орта құру;

- азаматтардың санасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды дамыту;

- «партиципаторлық» бюджеттеудi кеңiнен тарату (халықтың бюджеттi қалыптастыруға тiкелей қатысуы) ұсынылған.

Бұл шараладың барлығы дамыған елдерде кеңiнен қолданылады.

Елбасы Ұлттық баяндаманы мақұлдап, аталған баяндама Агенттiктiң сайтында орналастырылды http://kyzmet.gov.kz/kk/kategorii/nacionalnyy-doklad-o-protivodeystvii-korrupcii.

Мақаланың шыққан күні: 08.05.2019 11:50
Парақтағы соңғы өзгерістер: 08.05.2019 11:50
Қаралым саны: 303

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіздің жасыңыз?