Көкшетау қаласының
ресми интернет-ресурсы
Көкшетау қаласы бойынша «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» жүзеге асырылуы туралы ақпарат.

Көкшетау қаласында жұмысқа орналастыруға көмек көрсету мақсатында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» Бағдарламасы (бұдан әрi — Бағдарлама) жүзеге асырылады. Бағдарлама келесi бағыттар бойынша жүзеге асырылады.
1. Бiрiншi бағыт: «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебiнен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бойынша 2016 жылы жоспарға сәйкес денсаулық сақтау саласында 3 жобаларды жүзеге асыру алдын-ала қарастырылған. Баяндалған жобаларға Жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен Бағдарламаның 9 қатысушыларын жұмысқа орналастыру көзделген. Осы жобалардың жүзеге асырулуына — 41 346,0 мың тенге, оның iшiнде республикалық бюджеттен — 37 210,0 мың тенге және жергiлiктi бюджеттен — 4 136,0 мың тенге бөлiндi. Ағымдағы жылдың 15 сәуiрiнде «Ақмола облысының онкологиялық диспансерi» ШЖҚ МҚК терезе блоктарын ауыстыру бойынша күрделi жөңдеу жұмыстары басталды. Осы жобаға Жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен 4 адам жiберiлдi және жұмысқа орналастырылды.
2. Екiншi бағыт: «Кәсiпкерлiк бастаманы ынталандыру» бойынша — «Ақмола облысының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестiру басқармасы» ММ топтастыруына сәйкес, ағымдағы жылы жоспар бойынша 7 қатысушыларға жалпы соммасы 21 000,0 мың тенге шағын несие беру, сонымен қатар а.ж. шiлде айында өтетiн «Кәсiпкерлiк негiздерi» курсына 2 адамды жiберу көзделдi. Қазiргi уақытта несие алуға ниет бiлдiрген барлығы 7 адам «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ ықтимал қарыз алушылардың төлем қабiлетiлiгiнiң бiрiншi санатын өттi. Қазiргi уақытта 5 адам жолдама алды, оның iшiнде 1 адам — құм блоктарын дайындайтын цех өндiрiсiне 3 000,0 мың тенге алды.
3. Үшiншi бағыт: «Жұмыс берушiнiң қажеттiлiгi шеңберiнде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» Бағдарламасы бойынша:
«Азаматтарды әлеуметтiк жұмыс орындары бойынша жұмысқа орналастыру». Уақытша әлеуметтiк жұмыс орындарына 59 адам жiберiлдi жылдық жоспар бойынша 50 адам немесе 118,0%. Қазiргi уақытта әлеуметтiк жұмыс орындарына ағымдағы жылы бөлiнген (12 093,0 тыс. тенге) 2 999,4 мың тенге игерiлдi, яғни 24,8% құрайды. Халықтың нысаналы топтар iшiндегi азаматтар: «Akmola Building — Travel» ЖШС, «Астана партнер KZ» ЖШС, «Атамекен — АгроСтрой» ЖШС, «Новая Волна» ЖК, «Бекмагамбетова К.К.» ЖК және т.б. ұйымдарға жiберiлдi. Қазiргi уақытта қаланың еңбек нарығындағы қажет мамандықтар болып саналады: тiгiншi, есепшi, дизайнер, педагог-психолог, электромонтер, тәрбиешi. «Жұмыссыз азаматтарды жастар iс-тәжiрибесiне жiберу». Бағдарлама аясында жоғарғы және арнаулы орта бiлiм беру ұйымдарын бiтiрген, алған мамандығы бойынша еңбек өтiлi жоқ түлектер басты назарға алынады. Алған мамандықтары бойынша бастапқы еңбек өтiлiн жинау мүмкiндiктерiнiң бiрi — жастар iс-тәжiрибесi болып табылады. Жастар iс-тәжiрибесiне жоспар бойынша 50 адамнан 23 адам жiберiлдi немесе 46,0%. Қазiргi уақытта жастар iс-тәжiрибесiне бөлген (10 544,0 тыс. тенге) 1 723,1 мың тенге игерiлдi, яғни 16,3% құрайды. Осы жұмыс түрiнiң қатысушылары «Ақмола облысының транспорттық бақылау инспекциясы» РММ, «Көкшетау қаласының бiлiм бөлiмi» ММ, «Көкшетау қаласының тұрғын-үй инспекция бөлiмi» ММ, «Исабаева А.М.» ЖК, «Радуга» ЖК және т.б. уақытша жұмысқа орналастырылды.
«Жұмыссыз азаматтарды кәсiптiк оқытуға жiберу». А.ж. 19 сәуiрiнде қайта даярлау бойынша 3 айлық курстарға жоспар бойынша 15 адамның iшiнен 15 адам жiберiлдi. Осы оқу түрi Ақмола облысы бiлiм басқармасының «Көкшетау қаласы, № 1 Құрылыс-техникалық колледж» МКМ-нде келесi мамандықтарды даярлауда: аспазшы, электрик және дәнекерлеушi. Қазiргi уақытта ағымдағы жылы қайта даярлауға бөлген (1 446,0 тыс. тенге) 476,4 мың тенге игерiлдi немесе 32,9%. Сонымен қатар жоспар бойынша қыркүйек айында кәсiптiк оқытуға келесi мамандықтар бойынша 5 адамды жiберу қарастырылуда: поливинилхлорид қабығын өндiру вальцово-каландролық жүйе операторы — 1 адам, экструдер машинисi — 3 адам, пластмассаларды ұсақтау машинисi — 1 адам. Жұмыспен қамту орталығына осы мамандықтарға өтiнiмдi «Асыл Арман» ЖШС ұсынды. А.ж. наурыз айында салалық бос жұмыс орындар жәрмеңкесi және мүгедектерге арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесi өткiзiлiп, оған халықтың осы санаттары қатысты. Жұмыспен қамту орталығының мамандарымен жәрмеңке қатысушыларына Бағдарламаға қатысу үшiн буклеттер таратылды және түйiндемелерiн толтыру ұсынылды, сонымен қатар барлығына кәсiптiк оқыту, әлеуметтiк жұмыс орындары, жастар iс-тәжiрибесi және шағын несие алу бойынша түсiндiру жұмыстары жүргiзiлдi. Ай сайын бекiтiлген жоспарға сәйкес ҚР заңнамаларын түсiндiру мақсатында ЕЦ 166/23, 166/24 мекемелер базасында баяндама лекциялары өткiзiледi. А.ж. 5 айында 1 лекция және 1 дөңгелек үстел өткiзiлдi. А.ж. көзделген жоспарлардың жүзеге асырылуы бойынша Жұмыспен қамту орталығы қала iшiнде, сонымен қатар Красный яр және Станционный пос. жеке меншiк секторларда хабарландыру жабыстыру арқылы халық арасында ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргiзедi. («Любимый город», «Степной Маяк» және «Көкшетау») БАҚ-нда халыққа Бағдарламаға қатысу ережелерi мен мүмкiндiктерi туралы хабарландырулар мен мақалалар жарияланды, сонымен қатар Бағдарламаның жүзеге асырылуы туралы ақпараттар берiлдi. Ағымдағы жылы Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң «Жұмыспен қамту орталығы» МКМ және «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» ММ мамандарынан құрылған негiзгi жұмылдыру тобының жұмысымен Қызыл Жұлдыз селолық округi мен Станционный пос. қамтылды. Аталмыш елдi мекендердiң тұрғындарына «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» Бағдарламасына және «Өрлеу» жобасына қатысу шарттары түсiндiрiлдi, сондай-ақ мемлекеттiк бағдарламаларына қатысуға шақыру мақсатымен ақпараттық және үлестiрме материалдар таратылды. Сонымен қатар, қаланың әр жақ бөлiктерiне Бағдарламаның мүмкiндiктерiн ашатын 2 билборд орналастырылды және бiз орналасқан Есенберлина 38 ғимаратында «Жұмыспен қамту орталығы» жарық сыртқы маңдайша бар.

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 17.06.2016 11:43
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

г.Кокшетау, ул. Ауэзова 141

8 (7162) 29-78-00

8 (7162) 29-78-66

akimkokshe@akmol.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-78-23, 29-78-24

@2017 «Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы» ММ
Разработка сайта: Компания Интегро