Көкшетау қаласының
ресми интернет-ресурсы
Көкшетау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Тілдерді қолдану мен дамыутудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ақпарат

Көкшетау қаласында Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2014-2016 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары Көкшетау қаласы әкiмдiгiнiң 2014 жылғы 24 маусымдағы №А6/1141 қаулымен бекiтiлген.

2016 жылы тiлдердi дамыту мен қолдану бағдарламасын жүзеге асыруға қалалық бюджеттен 3316,0 мың теңге қаражат бөлiндi.

2016 жылдың жартыжылдығы бойынша кiрiс құжаттарының жалпы саны 36319, мемлекеттiк тiлде 26727 (73%), шығыс құжаттарының саны 31 789, мемлекеттiк тiлде 31 789 (100 %) құрайды.

2012 жылдан бастап Көкшетау қаласында Тiлдердi оқыту орталығы жұмыс жасайды.

Мемлекеттiк тiлдi оқытуды қамтамасыз ету

2012-2013 оқу жылы

Барлығы -293 тыңдаушы, оның мемлекттiк қызметте- 136(46%), бюджеттiк мекемелер және қала тұрғындары -157(54%)

2013-2014 оқу жылы

Барлығы -493 тыңдаушы, оның мемлекттiк қызметте- 158(32%),бюджеттiк мекемелер және қала тұрғындары -335 (68%).

2014-2015 оқу жылы

Барлығы -505 тыңдаушы, оның мемлекттiк қызметте- 217 ( 42,9%),бюджеттiк мекемелер және қала тұрғындары -288(57,1%).

2015-2016 оқу жылы

Барлығы -1011 тыңдаушы, оның мемлекттiк қызметте- 568 (56 %), бюджеттiк мекемелер және қала тұрғындары -443 (44%).

Орталығымызда 2012-2016 жылдар аралығында 1530 тыңдаушы тегiн дәрiс алды, оның 802 сертификатқа ие болды. Сертификат алушылардың елеулi үлесi мемлекеттiк мекеме қызметкерлерi.

Материалдық — техникалық базасы

1. Жабдықталған мультимедиялық кабинет (сенсорлы интерактивтiк тақта, кранштейн, проектор, ноутбук, 2 эл.маркер,).Жалпы соммасы -398 035 тыс.тең.

2. Компьютерлiк кабинет (11 компьютер топтамасымен, маркерлiк тақта, проектор,экран)

3. Әдiстемелiк кабинет. (2 компьютер топтамасымен, жиһаздар, оқыту-әдiстемелiк құралдары).

4. Оқыту-әдiстемелiк базасы:Типтiк бағдарлама -2012 жыл, Казтест бойынша оқулықтар (А1,А2,В1,В2, С1.).Тiл құралдары (тест тапсыруға дайындалу үшiн). Лексикалық минимум.

жалпы саны -148

әдiстемелiк құралдар саны -189

салалар бойынша сөздiктер -38

5. ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi және Ақмола облысының ұлттық тестiлеу орталығының тапсырысы бойынша 2013 жылы Қазтест жүйесi бойынша 1500 мемлекеттiк, бюджеттiк мекеме қызметкерлерi тестiлеуден өткiзiлдi. 2016 жылы мекемелерден түскен тапсырыстар бойынша 247 мемлекеттiк қызметкердiң және 58 түрлi сала мамандарының мемлекеттiк тiлдi бiлу деңгейi сыналды.

Бөлiм «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» заңының қолданылуын үнемi назарда ұстайды. Кәсiпкерлiк субъект иелерiне «ҚР тiл туралы» Заңынан үзiндi жазылған брошюралар таратылып, түсiндiрме жұмыстары жүргiзiлдi. Қалалық «Көкшетау», «Степной маяк» газеттерiнде тiл туралы заң талаптарын сақтауға бағытталған ақпараттар жарияланады.

ҚР Президентiнiң өкiмiне сәйкес 2015 жылдың 13 сәуiрiнен бастап сыртқы жарнаманы мемлекеттiк тiлдiң қолданылуы бойынша «Е-лицензирование» мемлекеттiк ақапараттық база» ақпараттық жүйесi жұмыс жасайды. Барлық бекiтiлген көрнекi ақпараттар аталмыш базаға енгiзiлiп отырады.

2016 жылдың 13 ақпанынан бастап Көкшетау қаласындағы сыртқы жарнама мен көрнекi ақпарат мәтiндерiн «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңына сәйкес орындалуы мақсатында консультациялық көмек көрсететiн «Жедел желi» (Callcenter) жұмыс жасайды.

Көкшетау қаласы бойынша барлығы 356 көше бар. Соның iшiнде 2000 жылдан берi 19 көше қайта аталды. 2014 жылы екi көше қайта аталған болатын. Бұл Северная көшесi С.Жүнiсов есiмiмен және Красная көшесi Ә. Баймұқанов көшесiмен қайта аталды. Бүгiнгi күнi ҚР Президент Әкiмшiлiгiнiң тапсырмасына сәйкес атау беру мен қайта атау жұмыстары тоқталып тұр.

Жыл сайын қала көлемiнде ауқымды iс-шара өткiзiледi. Олар: «Көкшетауға көктем келдi» тележобасы, «Наурыз акциясы», «Наурыз аруы», «Абай оқулары», «Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерi», «Жiгiт сұлтаны», «Балғын шақ», «Ой сана», «Тiл тұнық ойдың кәусарi», «Тiл парасат» байқаулары, жас ақындар арасында «Мүшәйра», «Бiрлiгi жарасқан қазақ елi» ақциясы.

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 19.07.2016 17:35
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

г.Кокшетау, ул. Ауэзова 141

8 (7162) 29-78-00

8 (7162) 29-78-66

akimkokshe@akmol.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-78-23, 29-78-24

@2017 «Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы» ММ
Разработка сайта: Компания Интегро