Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 352.54
EUR | KZT 415.15
RUB | KZT 5.31
Көкшетау қ.
10 °C
2018 ж. қыркүйектiң 22
Бизнес-жоспар. Қалай жазу керек.

Өз iсiн бастағысы келгендердiң көбi, оны бастамайды да. Оның себебi қарапайым — бизнестi iске қосу үшiн жасау керек жұмыстың тiзiмi өзiнiң ауқымымен еңсенi басады. Осы басылымда бизнес-жоспарды жасауға байланысты барлық негiзгi аспектiлер қарастырылады. Оқысаңыздар көптеген нәрселер қарапайым және анық болып көрiнедi.

Бизнес- жоспар: неге және не үшiн.

Жақсы бизнес- жоспар жақсы бастамаға ғана емес, келешектегi iстiң тұрақты жағдайына да кепiлдiк бередi.

Бизнес- жоспар жазу өз бизнесiңiздi ұйымдастыру бойынша басқа да белсендi әрекеттер жасамай тұрып, бiрiншi iстеу керек нәрсе. Көбi осы қадамды елемейдi. Әрине, бизнес-жоспрасыз да бастауға болады. Бiрақ Сiз компанияңызды дамыту қажет болған жаздайда қызмет-әрекеттерiңiздi дүрлiгiстi түрде реттегiңiз келе ме?

Несие алатын болсаңыз, сiзден мiндеттi түрде бизнес-жоспар сұрайды. Жақсы серiктес тапсаңыз, ол да Сiздiң ойыңызды қағаз бетiнде көруден бас тартпайды. Кез келген саналы инвестор өзi қаражат салайын деп жоспарлаған кәсiпорынның бар өзгешелiктерiн бiлгiсi келедi. Егер бiрнеше бағыттардың iшiнен бiреуiн таңдау қажеттiлiгi туса, Сiз өз iсiңiздiң негiзi салынған бизнес-жоспардың болмауы салдарынан қымбат уақытыңызды терең ойға батумен жоғалтасыз.

Бизнес-жоспарды қалай дайындау керек.

1.1 Жобаның бюджетiн анықтау. Жобаны толық iске қосып, алғашқы бiрнеше ай iшiнде жұмыс iстеуi үшiн ЕДБ-н қанша қаражат алу керек.

1.2 Банктi анықтап, шарттарын, пайыздық мөлшерлемесiн, мерзiмiн, жеңiддiктерiн, кепiлдiк, несиенiң ең көп сомасын туралы бiлу, жеке тәуелсiз бағалаудан өткiзу.

1.3 Кiрiстi есептеу үшiн несиенi төлеу тәсiмiн алу, түсiм алу мүмкiндiктерiн, бар шығындарды бағалау.

1.4 Кепiлзат, несие сомасы, мерзiмi, шарттары, төлеу тәсiлдерi (аннуитет, тең бөлiктермен және т.б. ) бойынша банктiң алдын-ала қолдауын алу

2.1 Е xcel форматында барлық тиянақталған және ауыспалы шығындарды, өнiмнiң өз құнын, өндiрiстiк мүмкiндiктердi, құралдарға кететiн шығындарды, жалақы қорын, салықтарды, жарнама мен жылжытуға кететiн шығындарды есептеу.

2.2 1-7 жыл арасындағы болжалды табысты есептеу, әлеуеттi сұранысты сандық көрсеткiште бағалау, статистикамен растау (ниет шарты), ақша ағынын (cash flow) есептеу. Өтелiмдiлiк. Кiрiстiлiк.

ҮЛГI ТҮРI

Басты бөлiмдердiң құрылымы мен мазмұны:

Бизнес-жоспарды жасау кезiнде келесi құрылымды ұстану керек:

1.Жобаның титулдық парағы.

2.Кiрiспе бөлiм ( жоба түйiндемесi ).

3.Нарық пен сала жағдайына талдау.

4.Жобаның мәнi.

5.Маркетинг жоспары.

6.Өндiрiс жоспары.

7.Инвестици ялық климат пен тәуекелдер.

8.Ұйымдық жоспар ( басқару және кадр лар ).

9.Қаржылық жоспар.

10.Қосымшалар.

Жобаның суреттеудiң қисынына байланысты құжаттың құрылымы, бөлiмдердiң орны ауысуы мүмкiн. Бiрақ, ұсынылған жобаны сипаттайтын барлық сұрақтар кешенi қарастырылуы қажет.

Бөлiмдердiң мазмұны:

1. Жобаның титулдық парағы

Титулдық парақ инновациялық жоба мен осы жобаны iске асыратын заңды тұлға жайлы жалпы ақпаратты қамтуы керек:

•кәсiпорынның атауы мен заңды мекенжайы;

•кәсiпорынның басшысының аты-жөнi, телефон нөмiрi;

•құрылтайшыларының заңды мекенжайлары;

•жобаның атауы мен мәнi (3 — 5 тармақ );

•жобаның толық құны, қаржының болжалды көздерi мен олардың құрылымы ( заңды тұлғаның өз қаражаты, акция шығару, несие, бюджет тен қаражат алу және сондайлар );

•коммерциялық құпияны сақтау туралы өтiнiш.

2. Кiрiспе бөлiм ( жоба түйiндемесi )

Жоба түйiндемесiнде оның барлық басты аспектiлерiн қамтитын түйiндер мен кеңестердi қысқаша баяндау керек, түйiндеменiң құрылымы бизнес-жоспардың құрылмына сәйкес келуi керек.

Жоба түйiндемесi — оның жарнамасы, сондықтан да ол жерде жоба тиiмдiлiгiнiң бар дәлелдерi болуы керек. Осы бөлiмнiң мақсаты — жобаның мәнiн, мақсаттарын, қанша қаражат салынуы керектiгiн, болжалды нәтижесiн көрсету. Ұсынылған жобаның неге сәттi болатыны туралы негiздеме жеке берiледi.

Егер жобаны жүзеге асыру әлеуметтiк мәселелердi ( мүгедек жандардың еңбегiн пайдалану, жақсы жолдарды салу және т.б. ) шешуге мүмкiндiк берсе, оларды көрсету қажет.

Түйiндемеде бизнес-жоспардың жеке бөлiмдерiмен белгiленбейтiн, бiрақ инвестор үшiн аса маңызды келесi аспектiлердi айқындап көрсету қажет:

•жобаны iске асыру үшiн сыртқы инвестордан не керек — жарғылық капиталға қатысу, несие (қалаулы шарттарды көрсетiңiз), құрал-жабдықтарды жеткiзу және т.б.;

•жобаны iске асырудағы жобаны ұсынушы кәсiпорын мен сыртқы серiктестiң қатысу дәрежесiн анықтау, яғни жобаның жалпы құны мен қажеттi қарыз қаражатының арасалмағын анықтау;

•несие қорларын қайтарудың тәсiлдерiн көрсету. Бұл жерде тек жоба дұрыс iске асырылған жағдайда несиенi қайтару тәсiмi мен үрдiсi, несие бойынша пайыздық мөлшерлемелердi төлеу (сұрақтар «Қаржылық жоспра» бөлiмiнде мазмұндалған) ғана емес, жобаның кейбiр кезеңдерi орындалмаған жағдайда салымдарды қайтарып алу кепiлдiгiн меңзеп тұрмыз.

3. Нарық пен сала жағдайына талдау

Бұл бөлiмнiң мақсаты — жоба ұсынатын тауарға (қызметке) қажеттiлiктi ашып, негiздеп көрсету. Нарықты, саланың ерекшелiгiн бағалаудың таңдалған түрi жан-жақты сипатталып, негiзделуi тиiс.

Ұсынылатын тауардың Қазақстан бойынша соңғы бiрнеше жылдарда сатылым серпiнiн, нарықта пайда болуын, ұқсас және бәсекелес өнiмдерге сұранысты жеке қарастыру қажет.

Егер заңды тұлға-жобаның бастамашысы нарықтың осы саласында жұмыс iстейтiн болса, оның тәжiрибесi бар екенiн айрықша атап, оның осы саладағы жиынтық өнiм өндiрiстегi үлесiн көрсету керек.

Әлеуеттi iшкi және сыртқы бәсекелестердiң атаулары мен мекенжайларын атай отырып, ұсынылып отырған жобамен салыстырғанда олардың күштi және әлсiз жақтарына талдау жасау қажет.

Бөлiмнiң басты нәтижелерi:

•қарастырып отырған тауарға (қызметке) қазiргi нақты сұраныстың ауқымы мен құрылымы;

•сұраныстың серпiнi мен нарықтың дамуы бойынша негiзделген болжамдар;

•ұсынылған жлба аясында шығарылатын өнiмнiң сатылымы өсу серпiнiн болжау, компанияның нарықтағы мүмкiндiктерi;

•нарықтың болжалды реакциясы, компанияның өз тауарын нарықта жылжыту кезiнде кездесетiн басты кедергiлер, оларды жеңу жолдары.

4. Жобаның мәнi

Бұл бөлiм алдыңғы « Нарық пен сала жағдайына талдау » бөлiмiнiң жалғасы болып табылады. Бұл жерде жоба өндiрiсi бағытталған тауардың (қызметтiң) жан-жақты сипаттамасын беру керек. Келесi сұрақтар нақты қарастырылуы керек:

•пайдаланылатын патенттер туралы ақпаратты көрсетiп, тауар мен тауар белгiлерiн сипаттау;

•осы тауарды (қызметтi) шығарудағы тәжiрибесiнiң барлығын көрсету;

•сiздiң тауарыңыздың бәсекелестерiңiздiң (шетелдiк бәсекелестердi қоса алғанда) тауарларынан айырмашылығы неде;

•сiздiң тауарыңыздың бiрегей жаңа ерекшелiктерi бар ма, жоқ болған жағдайда тұтынушыларды немен қызықтыра алады;

•тауар қандай шарттармен экспортталады (бағасы, маркетинг, сату желiсiн құру және т.б.), лицензияның керектiгi.

Осы жерде жобаның сәттiлiгiн негiздейтiн жан-жақты дәлелдердi келтiру керек. Заңды тұлға-жобаның бастамашысы туралы, егер жоба оның өндiрiстiк құрылмын дамытуға бағытталып, онымен қарым-қатынаста болса, оның техникалық, технолгиялық, өндiрiстiк әлеуетi жайлы толық ақпаратты беру..

5. Маркетинг жоспары

Бұл бөлiм алдыңғы екi бөлiмнiң жалғасы болып табылады. Бөлiмнiң мақсаты — бәсекелестiк күрестiң қлайлы әдiсiн таңдауды, өнiмдi нарыққа жылжытудың тәсiлiн қамтамасыз ету. Бұл жерде келесi сұрақтарды жiтi қарастыру керек:

•шығарылған өнiмнiң түпкiлiктi тұтынушылары, сұраныс сипаты (бiр қалыпты немесе маусымдық); жоба бағытталған нарық сегментiнiң ерекшелiктерi, неге ол бәсекелестерге қарағанда сәттiрек болады ( олардың маркетинг стратегиясына талдауды есепке алғанда ); өнiмнiң қандай ерекшелiктерi немесе қандай қосымша қызметтер оны бәсекелестерге қарағанда ұнамды етедi;

•бәсекелестердiң қандай әрекеттерiнен сақтану керек, оларға қарсы әрекеттiң стратегиясының басты элементтерi;

•технологиялық өзгерiстердiң өнiмге әсер етуi (табиғатты қорғау заңнамасы, алмастырушы өнiмдер); ұсынылған өнiмге бәсекелес болатын жаңа өнiмдердi жасау туралы деректер;

•өнiм бағасын негiздеу (сапа талаптарын, өзiндiк құн талдауын есепке ала отырып );

•өнiмдi өткiзудi ұйымдастыру : өнiмдi тарату каналдары, өткiзу жүйесiн тартымды фирмаларды атай отырып суреттеу;

•тауарды өткiщзу туралы келiсiм-шарттар мен ниет шарттарының бар екенi;

•өнiмдi өндiрер алдында, өндiрiс басталғанда және өткiзу кезеңдерiнде жарнамалау бағдарламасы;

•жарнамаға, өнiмдi тарату және өткiзуге қажет шығындарды бағалау.

6. Өндiрiс жоспары

Бұл бөлiмнiң басты мақсаты — барлық өндiрiстiк процестiң жақсылап ойластырылғаны, заңды тұлғаны дамытудың негiзделген жоспары барлығы, қойылған мақсаттарға жету стратегиясының барлығы туралы сендiрерлiк дәлелдер келтiру. Бiрақ инвестордың көңiлiн бөлiп, оның қызығушылығын азайтатын тым жан-жақты ақпарат бермеңiз, ал технологиялар, жабдықтар және басқалар туралы көлемдi деректердi сiлтемелермен қосымшаға орналастыру қажет.

Бөлiмдi жобаның алғытарихын сипаттаудан бастау қажет :

•заңды тұлға, оның серiктестерi туралы толық ақпарат, қысқаша сипаттама (ұйымдық құрылымы, өндiрiстiк әлеуетi, қаржылық мүмкiндiктер, жасы, басшылық жұмыс, кәсiпкерлiк тәжiрибесi және т.б.);

•жобаны жасау және iске асыру тарихы, оның маңызды күндерi;

•жүргiзiлген зерттеулер мен iзденулер (қашан, кiм, кiммен, кiмнiң тапсырысы бойынша);

•жобаны iске асырудың барысы бойынша, қазiргi жағдайы туралы ақпарат, оның нелiктен бiтпегендiгiн түсiндiру;

•дайындық, инвестиция салар алдындағы зерттеулер мен iзденулерге қажет шығындар туралы ақпарат — егер олар жоба құнына қосылған болса, басқа тараптардан төленбейтiн болса.

Ары қарай жобаны iске асырудың басты шарттарын сипаттау қажет, оларды мазмұндаудың нақты құрылымын және айқындығын қамтамасыз ету үшiн бөлiкше ретiнде көрсету қажет :

•жобаны жүзеге асыру жерi ( таңдауды негiздей отырып) және құрылыс алаңы, олардың ерекшелiктерi, климат, көлiктiк, инженерлiк, әлеуметтiк, инфрақұрылыммен қамтамасыздандырылуы, құрылыс-монтаждау, қосымша жөндеу ұйымдарының болуы, өндiрiс алаңдарының барлығы және олардың жағдайы, фискалды және заңдық тәртiп және т.б.;

•өндiрiс бағдарламасы және заңды тұлғаның қуаты, өндiрiс технологиясы және оны таңдаудың негiздемесi, керек инженерлiк құрылыстар, өндiрiстiк активтердiң басты басты түрлерi (жабдықта және т.б.), оны жеткiзушiлер, жеткiзу шарттары (жалға алу, сатып алу), бағасы;

•материалдық қорларға жылдық сұраныс (шикiзат, қосымша материалдар, бөлщектер, қосалқы бөлшектер, коммуналдық қызметтер және т.с.с.), қорларды жеткiщушiлер, оларды таңдау негiздерi, жеткiзу шарттары, шамалы бағалары, басқа да ықтимал шикiзат пен материал қорлары;

•ұйымдық құрылым мен басқарудың басты элементтерi;

•жұмыс күшiнiң қажеттi құрамы, саны, құрылымы, адам ресурстарының барлығы және құны, кәсiби даярлаудың қажеттiгi және мұмкiндiгi;

•жоба бойынша жұмыстардың сметалық құны, оларды жоспарлау — құрылыс, монтаждау, эксплуатацияға енгiзу және жабдықты жобалық қуатқа жеткiзу мерзiмi (әр кезеңдi iске асыруға кетеiн шығындар көрсетiлген күнтiзбелiк жоспар);

•жобаны уақытында жүзеге асыруға арналған маңызды шаралар;

•қарастырылып отырған тауардың сапасы бойынша қалыптасқан жағдайға талдау жасау, сапа мен сенiмдiлiктiң қажеттi деңгейiне жетудiң нақты сипаттамасы;

•шығарылатын өнiмнiң өзiндiк құнын есептеп шығару және негiздеу;

•жобаны iске асырудың экологиялық салдары, экологиялық және техникалық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету.

7. Инвестициялық климат пен тәуекелдер

Бұл бөлiмде инвестициялық климаттың жеке басты факторларына баға берiп, олардың даму үрдiстерiн жақсару немесе нашарлау жағдайында қарастыру қажет.

Жобаның сәттi жүзеге асырылуымен байланысты тәуекел факторларын бағалау қажет. Бизнес-жоспарда (ең болмаса ұлғайтылған) тәуекелдердiң талдауы және оларды төмендетудiң амалдарының барлығы осындай жобалардың пайдасына есептелiп, инвесторлардың қызығушылығын арттырады.

Бизнес-жоспарды дайындау барысында келесi тәуекелдердi қарастыру жөн:

1.Технологи ялық тәуекел.

oТехнологияның пайдаланылғандығы, жабдықтардың бар болуы, жөндiлiгi, жөндеуге жарамдығы; қосалқы бөлшектердiң барлығы, қосымша жабдықтардың болуы;

oҚызмет көрсетушi қызметкерлердi даярлау, жобамен қамтылған жағдайда кадрлық құрамның импорттық жабдықты қабылдау қабiлетi; персоналды оқыту жоспарда бар ма, монтажға шетелдiк мамандардың қатысуы;

oЕгер технология өндiрiсте игерiлiп жатса — оның тұрақты және сенiмдiлiгiне сенiм неге негiзделедi;

oҰқсас түпкiлiктi тауарға ауысқан жағдайда технологиялық диверсификациялау мүмкiндiгi.

2.Ұйымдық және басқарушылық тәуекел.

oжұмысты орындаудың жоспар-кестесiның барлығы және оны орындаудың кепiлдiгi; барлық қатысушылардың жоспар-кестесiн нақты орындауға қызығушылығының болуы;

oұйымдық олқылықтарды қайталау мүмкiндiгi;

oмамандандырылған басқарушы қызметкерлердiң болуы (менеджерлердi сертификаттау );

oжергiлiктi администрациямен қарым-қатынастар ( оның жобаға қатысуға қызығушылығын көрсететiн дәлелдердi келтiру өте маңызды );

oшешiмi жергiлiктi администрациямен қарым-қатынастарға тәуелдi сұрақтарды көрсету.

3.Шикiзатпен қамтамасыз ету тәуекелi.

oбасты шикiзатты жеткiзушiлер туралы ақпаратты талдау: шикiзат қорын қамтамасыз ету мүмкiндiгi;

oбасқа шикiзатқа көшу мүмкiндiгi;

oшикiзаттыкiрiстiк бақылауды ұйымдастыру мүмкiндiгi.

4.Қаржылық тәуекел.

oқазiргi қаржылық жағдай ( тұрақты, қанағаттандырарлық, тұрақсыз );

oнесиенi өтеу көздерi;

oжобаға қатысушылардың төлемеу мүмкiндiгi.

5.Кепiлзат пен кепiлдiктер бойынша тәуекелдер.

oкепiлзаттың бар болуы, несиенi өтеудiң кепiлдiгi;

oкепiлзаттың өтiмдiлiгi ( бағалы қағаздардың өтiмдiлiк дәрежесi ) және материалдық кепiлзаттарды тиiмдi пайдалану мүмкiндiгi ( жабдықтар, тауар, жылжымайтын мүлiк ).

6.Экономи калық тәуекелдер.

oқұнсыздану, өзара төлемеушiлiк сияқты мәселелердiң шиеленiсуiне әкелетiн елдегi экономикалық жағдай нашарлаған болса, заңды тұлғаның экономикалық жағдайының тұрақтылығы;

oшикiзат, көлiк, энерготасымалдаушы бағалары мен тарифтердiң өсу мүмкiндiгiн бағалау, олардың дайын өнiм құнына әсер етуiн бағалау;

oвозможность снижения платежеспособного спроса на продукцию в районе ее реализации и его влияние на общий баланс товарно — денежных активов юридического лица; наличие запасных рынков сбыта.

7.Салы климатымен байланысты тәуекелдер. Ықтимал салық заңнамасының қатаюы заңды тұлғаның қаржылық жағдайын қанша нашарлатуы мүмкiн.

8.Экологиялық тәуекелдер, қалдықтардың қоршаған ортаға жоспарланбаған шығарылуы үшiн мүмкiн айыппұл шаралары, олардың заңды тұлғаның экономичкалық жағдайына әсерi.

9.Сақтандыру өтемiн алмау тәуекелi.

oСақтандырудың болуы, сақтандыру шарттарының жiтi қарастырылуы.

8. Ұйымдық жоспар (басқару және кадрлар)

Бұл бөлiмде келесi аспектiлер қарастырылуы керек :

•жаңадан жасалған заңды тұлғаның меншiк нысаны (серiктестiктер бойынша жасалу және серiктестiк шарттары көрсетiледi, АҚ бойынша басты (жарғы капиталының 5 % жоғарысына ие) акционерлер мен олардың үлесi көрсетiледi ); егер бұл ашық АҚ болса, онда қанша акция шығарылды және қанша шығарылатынын көрсету керек;

•директорлар кеңесiнiң мүшелерi, олардың телефондары, кәсiби мамандықтары, қызмет туралы тiзiмi, осы саладағы жұмыс тәжiрибесi көрсетiлген қысқаша биографиялық анықтамалар;

•басшылық құрам мүшелерiнiң арасында мiндеттердi бөлiсу, кiм қаржылық құжаттарға қол қою құқығына ие.

9. Қаржылық жоспар

1. коммерциялық банктердiң немесе басқа қарыз берушiлердiң (шетелдiктердi қоса алғанда) несие беруге келiсiмдерi осы ұйымдардың сәйкес басшыларымен құжатты түрде расталған болуы керек, несие беру шарттары мiндеттi түрде көрсетiлуi керек: мемлекеттiк кепiлдiктiң бар болуы, пайыздық мөлшерлеме, несиенi беру және өтеу мерзiмдерi, қосымша талаптар.

Облыстық бюджеттен қайтарымды және ақылы қаржы алу туралы өтiнiш сұратылып отырған қаржының мақсатты жұмсалатыны туралы мiндеттемемен нығайтылған болу керек.

Салынған қаражат жойылған жағдайда талапкер мемлекеттiк кепiлдiктi алуға тырысса, осы бөлiмде тәуекелдердi сипаттап, кепiлдiктiң маңыздылығын негiздеу керек.

2. Инвестициялық жобаны жүзеге асырудың қаржылық нәтижесi (пайда бойынша жоспары) өндiрiлген өнiмдi сатудан түскен түсiмдердiң бөлiнуiн, тоқсандар мен жылдар бойғы таза пайданың көлемiн көрсетедi.

3.Инвестициялық жобаның тиiмдiлiгiн анықтаудың бастапқы деректерi болып ақша түсiмдерi мен төлемдер жоспарының деректерi табылады. Жобаны iске асырудың алғашқы екi жылы бойынша көрсеткiштер тоқсан бойынша бөлiнумен көрсетiледi. Жобаның iске асырылатынының басты шарты болып әр уақыт интервалындағы ақша ағынының оң мәнi табылады.

4. Инвестициялық жобаның тиiмдiлiгi таза дисконтталған кiрiс көрсеткiштерi кiрiстiлiк индексi, кiрiстiлiктiң iшкi нормалары, өтемдiлiк мерзiмi, залалсыздық межелi, бюджеттiк әсер бойынша бағаланады.

5. Өтемдiлiк мерзiмi — осы бизнес-жоспар бойынша жобаны жүзеге асыруды бастаған уақыттан бастап, амортизациялық шығындарды қосқанда жинақталған таза кiрiс пен инвестициялық шығындар арасындағы айырмашылықтың мәнi оң болған уақыт аралығы. Таза дисконтталған кiрiс, кiрiстiлiк индексi, кiрiстiлiктiң iшкi нормалары, өтемдiлiк мерзiмi — тиiмдiлiк талаптары. Осы тиiмдiлiк талаптарын есептеу барысында дисконттау мөлшерлемесi конкурсқа құжаттарды өткiзген уақытта бағалы қағаздарды қайта қаржыландыру мөлшерлемесiнен кем болмау керек.

Жобаның тиiмдiлiгiн анықтау кезiнде таза кiрiс мен амортизациялық шығындар көрсеткiштерi тек инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысына қатысты есептеледi, жұмыс iстеп тұрған ұйымныңағымдағы шаруашылық қызметiне қатысты емес.

6. Залалсыздық пайда әкеле бастаған межелi өнiмдi өткiзу көлемiне сәйкес келуi тиiс.

Еспетлеген өнiмдi өткiзу (шығару) көлемi жасалып жатқан кәсiпорынның жобалық қуатымен салыстырылады.

Залалсыздық межелi тұрақты табыстардың мөлшерi мен өнiм бағасынынң әр түрлiлiгiне қатынасын өнiмдi өткiзу көлемiне бөлгенде есептеледi.

7. Бюджеттiк әсер — инвестициялық жобаның әсерi осы жобаны жүзеге асыру барысындағы түсiмдер мен облыстық бюджеттiң төлемдерi арасындағы сальдо. Есептерде түсiмдер көлемi мен төлемдердi жобаны жүзеге асыру жылдары дисконттау жүргiзiледi.

Толығырақ мәлiмет үшiн төмендегi сiлтемеге жүгiнiңiз:

https://business.gov.kz/kz/aspiring-entrepreneurs/business-plan-writing/ 

Мақаланың шыққан күні: 02.07.2018 12:19
Парақтағы соңғы өзгерістер: 02.07.2018 12:19
Қаралым саны: 199
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика