Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 352.54
EUR | KZT 415.15
RUB | KZT 5.31
Көкшетау қ.
10 °C
2018 ж. қыркүйектiң 22
Атамекен

Бизнесті қорғау

Мемлекеттік бағдарламалар

Бастау жобасы (DOCX 896 Kb)

«Атамекен» миссиясы мен тарихы

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы — коммерциялық емес ұйым. Ұлттық кәсiпкерлер палатасы отандық бизнестiң ҚР Үкiметi және мемлекеттiк органдармен келiссөздер жүргiзу жұмыстарының қарқынын арттыру мақсатында құрылған. Кәсiпкерлер палатасы шағын, орта және iрi бизнес мүдделерiн бiлдiредi және құқықтарын қорғайды. Палата өз қызметiнде кәсiпкерлiк саласының, оның iшiнде iшкi және сыртқы сауда салаларын қамтиды.

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасының басты мiндетi — бизнес құқығын және мүдделерiн қорғау, бизнестiң қызметiне қатысты заңнамалық және басқа да нормативтiк қағидаларды қалыптастыру үрдiсiне барлық кәсiпкерлердiң кең көлемде қамтылуы мен осы үрдiстерге кәсiпкерлердiң қатысуын қамтамасыз ету.

Ұлттық кәсiпкерлер палатасының қызметi iскерлiк және инвестициялық ахуалды жақсартуға, тұрақтылықты нығайтуға, елде ұлттық, сондай-ақ шетел инвесторларының бизнес жүргiзуiне қолайлы жағдайларды дамытуға бағытталған.

ҰКП негiзгi қызметтерi:

•кәсiпкерлердiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау;

•өңiрлерде кәсiпкерлiк қызметке жасалынған жағдайлардың, кәсiпкерлiк белсендiлiктiң қоғамдық мониторингiн жүргiзу;

•кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдауға бағытталған мемлекеттiк бағдарламаларға қатысу;

•отандық өндiрiске қолдау көрсету және ұйымдардың сатып алуларында жергiлiктi мазмұн үлесiн арттыру;

•мамандар дайындау, қайта дайындау, бiлiктiлiгiн арттыру, сертификаттау және аттестациялау, техникалық және кәсiптiк бiлiм беру жүйесiн дамыту;

•кәсiпкерлiк субъектiлердi сыртқы экономикалық қызметiн ынталандыру;

•инвестицияларды тарту және экономиканы әртараптандыру.

Сонымен қоса, Ұлттық кәсiпкерлер палатасы мемлекеттiк бағдарламалардың жүзеге асырылуы барысына отандық бизнестiң барынша тартылуын көздейдi. мемлекеттiк мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында iскерлiк орта мүддесiн қорғау. ҰКП шет елдердiң бизнес қауымдастықтарымен байлансты кеңейтуде және нығайтуда. Сондай-ақ Ұлттық кәсiпкерлер палатасы интеграциялық үрдiстерде отандық бизнеске қолдау көрсетедi.

Ақмола облысы кәсiпкерлер палатасы

Ақмола облысының кәсiпкерлер палатасы — ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсiпкерлер палатасының аумақтық бөлiмшесi. Ақмола облысы кәсiпкерлер палатасының мақсаты — Ақмола облысындағы кәсiпкерлiктiң дамуы мен өркендеуi үшiн институционалдық негiздi қалыптастыру.

Мiндеттерi: кәсiпкерлер құқықтары мен мүдделерiн қорғау; неғұрлым көп қауымды қамтып, барлық кәсiпкерлердi бизнес жұмысындағы құқықтық және басқа да нормативтiк ережелердi жасауға атсалысуға шақыру.

Ақмола облысының кәсiпкерлер палатасының жұмысы отандық және шетелдiк инвесторлар үшiн iскерлiк, инвестициялық климатты жақсартып, өңiрде бизнес жүргiзу жағдайын тұрақтандыруға бағытталатын болады.

Заңды мекен жай: Көкшетау қаласы, Абай& көшесi, 96

Байланыс: 8 (7162) 722-548 | 8 (7162) 722-535

Электронды мекен жай: kokshetauinfo@palata.kz

Мақаланың шыққан күні: 17.05.2018 15:46
Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.07.2018 16:05
Қаралым саны: 314
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика