Көкшетау қаласының
ресми интернет-ресурсы
Амренова Алтынай Байкадамовна

Әмiренова Алтынай Байқадамқызы 1973 жылғы 23 шiлдеде Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Киевка кентiнде туған. Орыс тiлi мен әдебиетi оқытушысы, филолог мамандығы бойынша Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттiк университетiн, мемлекеттiк басқару бакалавры, экономика және менеджмент Көкшетау институтын тәмамдаған.

Жоғары бiлiм туралы диплом алғаннан кейiн 1997 жылдан бастап 2000 жылға дейiн Қарағанды облысы, Қараой орта мектебiнде, Астана қаласының №8 орта мектебiнде мұғалiм болып қызмет еттi. 2003 жылы Степногорск қаласы әкiмi аппаратының iшкi саясат және әлеуметтiк сала бөлiмiнiң бас маманы ретiнде мемлекеттiк қызметке келдi. Одан кейiн Степногорск қаласы әкiмi аппаратының жинақтау-талдау бөлiмiнiң және iшкi саясат бөлiмiнiң басшысы қызметiн атқарған.

2008 жылдың маусым айынан 2012 жылдың қыркүйегiне дейiн Көкшетау қаласы әкiмi аппараты iшкi саясат бөлiмiнiң басшысы болған. Қала әкiмiнiң 2012 жылғы 10 қыркүйектегi № 50-ө өкiмiмен Әмiренова Алтынай Байқадамқызы Көкшетау қаласы әкiмiнiң орынбасары қызметiне тағайындалды.

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 13.07.2017 11:03
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

 

 

г.Кокшетау, ул. Ауэзова 141

8 (7162) 29-78-00

8 (7162) 29-78-66

 

akymat_kokshetay@mail.ru

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-78-23, 29-78-24

@2017 «Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы» ММ
Разработка сайта: Компания Интегро