Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 389.86
EUR | KZT 435.32
RUB | KZT 6.12
Көкшетау қ.
-1 °C
2019 ж. қазанның 22
Жәрдемдесуге уәде етті

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдауында Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова жеке мәселелер бойынша тұрғындардың өтініш-тілегін тыңдады. Бұл жолы қабылдауға төрт адам келді.

 

Күз айында «Аңсат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты кеңсеге жөндеу жұмыстарын жүргізген сылақшы, құрылысшылар, барлығы 25 адам өздерінің тиісті жалақысын ала алмай жүр. Олардың өтініш-тілектерін Аза Гондолоева жеткізді. Қыркүйек айында аталған серіктестік кеңсесінің ішіне толық жөндеу жүргізіп, қасбетін де қалыпқа келтірген олар келісім-шарт жасасқанына қарамастан, төлемақыдан қағылған. Жекеменшік кәсіп иесі айтқандарына құлақ асатын емес. Қала әкімінің орынбасары Алтынай Байқадамқызы сотқа шағымдану арқылы бұл мәселені заң түрінде шешуге әбден болатындығы жөнінде кеңес берді. Қала тұрғыны Сейіт Молдабаев болса, «Еңбек ардагері» деген дәрежесіне қол жеткізе алмай келеді. Бұрынғы ауыл шаруашылығы басқармасына қарасты нан өнімдері филиалында жұмыс істеген. Алайда, кәсіпорын тарап кеткеннен кейін, тиісті құжаттарын рәсімдеуге мүмкіндік болмай қалған. 47 жылдық еңбек өтілі бар жан өзін еңбек ардагері қатарына қосуды сұрайды. Қала әкімінің орынбасары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне хат жолдап, бұл мәселені қалай шешуге болатынын қарастыруға уәде етті. Әлеуметтік жағдайына байланысты қабылдауға жазылған Бота Иманқұлова мен  материалдық көмекке зәру Болат Байжанов журналистердің қатысуына қарсылық білдірді. Соған орай Алтынай Байқадамқызы аталған екі тұрғынның тілегін жеке тыңдады.

«Көкше ақпарат». 

Мақаланың шыққан күні: 19.01.2017
Қаралым саны: 193

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіз қандай санатқа жатасыз?