Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 386.82
EUR | KZT 428.67
RUB | KZT 5.86
Көкшетау қ.
19 °C
2019 ж. тамыздың 19
Қаланың үш жылдық бюджеті бекітілді

Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен 23 желтоқсанда алтыншы шақырылған Көкшетау қалалық мәслихатының кезекті жетінші сессиясы өтіп, онда облыс орталығының «2017-2019 жылдарға арналған қалалық бюджеті» бекітілді. Сессияда сөз сөйлеген қала басшысы халық қалаулыларына бірлесе, ынтымақтаса атқарған қызметтері үшін алғысын білдірді.

Депутат Ғалымжан Көпішевтің төрағалығымен өткен алтыншы шақырылған Көкшетау қалалық мәслихатының жетінші сессиясында Көкшетау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы №С-44/3 «2016-2018 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу және «2017-2019 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» мәселе қаралып, Көкшетау қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің жетекшісі Гүлмира Шұқатова баяндама, қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы  депутат Жұмабай Әміржанов қосымша хабарлама жасады. Қалалық ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметі басшысының міндетін уақытша атқарушы, полиция подполковнигі С.Зейнулин жергілікті полицияның бүгінгі күнге дейінгі атқарған жұмысы жайлы толық ақпарат берді.

Сессияда, сондай-ақ, Көкшетау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы №С-32/4 және №С-32/3 шешімдеріне өзгерістер енгізуге орай Станционный поселкесі және Красный Яр селолық округі жергілікті қауымдастығының жиындарын өткізу ережелерін бекіту туралы мәселе қаралды. Бұл туралы Станционный поселкесінің әкімі Е.Байдалин мен Красный Яр селолық округінің әкімі Б.Әбуов хабарлама жасады. Тіркелген салықтың бірыңғай ставкаларын белгілеу, автотұрақтардың категорияларын белгілеу және автотұраққа бөлінген жерлердің базалық салық ставкаларын көбейту туралы Көкшетау қаласының мемлекеттік кіріс жөніндегі басқарма жетекшісі Б.Кәрімов хабарлама жасады. «Тазалық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының банкроттық басқарушысы А.Әбілтаев «Көкшетау қаласы бо-йынша коммуналдық қалдықтардың жинақталу нормасын бекіту туралы» Көкшетау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 6 тамыздағы №С-40/4 шешіміне енгізілетін өзгерістер жайлы айтып берді. «2016-2020 жылдарға арналған Көкшетау қаласының даму бағдарламасын бекіту туралы» Көкшетау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 10 ақпандағы №С-46/3 шешіміне қосымша толықтырулар мен өзгерістер енгізіліп, Көкшетау қаласы әкімдігінің дербес құрамына өзгерістер жасалды. Сондай-ақ, сессияда қалалық мәслихаттың депутаттық өкілеттік және этика, тұрғындардың денсаулығы, білім, мәдениет, заңдылық және құқықтық тәртіп, әлеуметтік-экономикалық даму, экология, коммуналдық сала және абаттандыру, бюджет және қаржы мәселелері жөніндегі комиссиялардың да жұмысына қатысты мәселелер талқыланып, депутаттар Е.Исімбаев, Р.Қалышев, Ж.Әміржанов хабарлама жасады. Сессия соңында депутаттар қалалық мәслихаттың 2017 жылға арналған жұмыс жос-парын және келесі сессияның күн тәртібін бекітті. Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы Бауыржан Ғайсаның ұсынысы бойынша кезекті сессияның төрайымына депутат Роза Арыстанқызы бірауыздан сайланды. 

Мақаланың шыққан күні: 23.12.2016
Қаралым саны: 964

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіздің жасыңыз?