Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 386.82
EUR | KZT 428.67
RUB | KZT 5.86
Көкшетау қ.
19 °C
2019 ж. тамыздың 19
Шығармашылық ізденістері, қоғамдық белсенді қызметі үшін

Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев «Достар» мәдениет сарайында ел тәуелсіздігінің мерейтойына арналған «Ақмола жұлдыздары» көркемөнерпаздар байқауының қорытындысын шығарып, мемлекетімізді нығайтуға, Көкшетау қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына лайықты үлес қосқан азаматтарға Қазақстан Рес-публикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы медалін табыс етті.

Жаңажылдық мерекеге сай безендірілген залға осы шараға қатысты адамдар тегіс жиналды. Қала әкімі Ермек Боранбайұлы облыс орталығының 2016 жылғы мәдениет пен өнер саласында қол жеткен жетістіктерін тілге тиек етіп, наградалар тапсырды. Алғыс хатпен этно-мәдени бірлестіктердің төрағалары, қалалық емхананың, «Казкоммерцбанк»  және «Fortebank» ұжымдары марапатталды. Мәдениетті дамыту саласында қол жеткен жетістіктері үшін Біржан сал атындағы музыкалық колледж бен Ақан сері атындағы мәдениет колледжі, облыс орталығындағы барлық оқу орындары мен денсаулық сақтау мекемелері І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарды, Гран-приді иеленді. Марапатқа ие болғандардың барлығы бағалы сыйлықтар алды. 

Мақаланың шыққан күні: 28.12.2016
Қаралым саны: 875

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіздің жасыңыз?