Көкшетау қаласының
ресми интернет-ресурсы
Іскерлік пен тиянақтылық – табыс кепілі

Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы жүктеген міндеттер талқыланды.

Қала басшысы Е.Маржықпаев Жолдауда айтылған он тапсырмаға кеңінен тоқталып, оларды облыс орталығы тыныс-тіршілігімен байланыстырып, ағымдағы 2018 жылғы атқарылатын шаруалар, жоспарлардың жай-жапсарын баяндап, қала кәсіпорындарының өткен жылғы жұмыстарын саралады. Расында, қала барлық көрсеткіштер бойынша 2017 жылды жаман қорытындылаған жоқ. Дегенмен, мұның өзі ең биік меже емес еді. Кейін тартқан кейбір олқылықтар орын алмағанда, бұдан да жақсы жетістіктерге қол жеткізуге болатын еді. Тіпті, кейбір басшылардың орындалған жұмыстарын есепке енгізуде жайбарақаттық танытқан жағдайлары да кезікті. Ол есеп беруді кешіктіру, тапсырмаларды орындаудың уақытын оздырып алудың салдарынан болды. Енді, Жолдау талаптарына сай жұмысты жаңа сапаға көтеру қажет.

Жиында экономика және бюд-жетті жоспарлау бөлімінің жетекшісі Г.Шұқатова, қаржы бөлімінің басшысы Г.Құсайыновалардың қаланың 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі
баяндамалары тыңдалды. Өткен жылы 101,8 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 101,1 пайыз. Есепті уақыт ішінде 1964 жаңа жұмыс орыны ашылған. Бұл жылдық жоспардың 103 пайызға орындалғаны. Өткен жылдың қаңтар-қыркүйек айларында орташа еңбек ақы 112 218 теңге болса, 2016 жылдың осы уақытында 106 684 теңге болған. Қысқа мерзімде жұмысшылардың мамандықтарын жетілдіру, жаңа мамандық алуға 314 адам жоспарланса, 324 адам жіберілді. Әлеуметтік салық көрсеткіші 378,2 млн. теңге, жер телімдерін сатудан 226,3 млн. теңге, пәтер сатудан 320,0 млн. теңге құйылған. Баяндамашылар осы сияқты көптеген дәлелдер келтірді.

Аппарат мәжілісін қала әкімі қорытындылап, қатты аязда қалтқысыз қызмет істегендерге алғыс айтып, алда қалың қар мен боран күтілуде екенін, қыс айларының қиындықтарына әрқашан дайын болу керектігін ескертті.

Мақаланың шыққан күні: 05.02.2018
Қаралым саны: 364
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

 

 

г.Кокшетау, ул. Ауэзова 141

8 (7162) 29-78-00

8 (7162) 29-78-66

 

akymat_kokshetay@mail.ru

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-78-23, 29-78-24

@2018 «Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы» ММ
Разработка сайта: Компания Интегро