Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 389.86
EUR | KZT 435.32
RUB | KZT 6.12
Көкшетау қ.
-2 °C
2019 ж. қазанның 22
Төл тарихымыз тұлғалана түспек

«Достар» мәдениет сарайында өткен Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жетi қыры» атты мақаласын талқылауға арналған дөңгелек үстел отырысына облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесiнiң төрағасы, Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы Еркiн Исiмбаев төрағалық еттi. Жиынға қала әкiмiнiң орынбасары Алтынай Әмiренова қатысты.

– Елбасының мақаласын барлығыңыз да оқып, танысқан шығарсыздар. Бұл мақала туралы Президенттiң өзi: «…Жоғарыда аталған жобаларды «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы ретiнде қарастырамын» деп жазған екен. Шынында да, бiз елiмiзде үлкен серпiлiс туғызған, үлкен зерттеу, саралау жұмыстарына жол ашқан «Рухани жаңғыру» мақаласының одан әрi тереңдей түскенiн көрiп отырмыз. Елбасы ата-бабамыз жайлаған ұлы даланың әлемдi елең еткiзген елеулi құндылықтарын атап көрсетiп, алда түркi дүниесiн ортақ iске жұмылдырар жаңа жобалар ұсыныпты, — деп жиынды бастаған Е.Исiмбаев, жиылған ел ағалары, зиялы қауым өкiлдерiн сөзге тартты.

– Бұрын бiзде түпқазық идеология жоқ деген пiкiр айтылатын. Қазiр бәрiмiздiң ойымыздан шыққан айқын мақсат бар. Мен «Рухани жаңғыруды» алғаш оқығанда сондай тебiренiс үстiнде болғанмын. Мiне, Елбасының мына мақаласы да сол ауқымды ойларды тереңдете түскен. Бiз осы мақалада көтерiлген мәселелердi ескерiп, айналамызға қарап, есiмдерi аталмай жүрген, елге еңбегi сiңген азаматтардың аттарын шығарып, жан-жақты жұмыстар жүргiзуiмiз керек, — дедi қалалық ардагерлер кеңесiнiң төрағасы Ш.Әлиев. Өлкетанушы М.Ыдырысов мақалада айтылған «Атқа мiну мәдениетi» жөнiнде пiкiр қосты. Сондай-ақ, жазушы В.Терещук, еңбек ардагерлерi С.Мұқитанов, З.Қиықова, ақын С.Жетпiсқалиев, Ш.Уәлиханов атындағы КМУ оқытушысы, тарихшы Т.Уәлиев, тағы басқалар пiкiрлерiн ортаға салды. Көкшетау қаласы әкiмiнiң орынбасары А.Әмiренова Елбасы мақаласының ерекшелiгi, мазмұн-мақсаты жөнiнде айта келiп, бүгiнгi дөңгелек үстел мәжiлiсiне қатысып, ой бөлiскендерi үшiн жиынға келгендерге алғыс айтты.

Мақаланың шыққан күні: 10.12.2018
Қаралым саны: 233

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіз қандай санатқа жатасыз?