Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 340.27
EUR | KZT 396.31
RUB | KZT 5.39
Көкшетау қ.
16 °C
2018 ж. маусымның 25
Мұз айдынында – мереке!

Көкшетау қалалық мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi, «Достар» мәдениет сарайы, «Бурабай» спорт сарайы бiрiгiп «Жұлдызды сәт» атты мұз үстiнде жұптаса сырғанаудан сайыс өткiздi. Оған Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин мен Көкшетау қаласының әкiмi Ермек Маржықпаев қатысып, жеңiмпаздарға бағалы сыйлықтар мен дипломдар табыс еттi.

Ұйымдастырушылар Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында мiндеттелген ой-сананы жаңғырту, Отансүйгiштiктi дамыту, ұлттық құндылықтарымызды құрметтеудi алға қойған едi. Осынау мұз үстiндегi достық пен татулықты жалау еткен жарасымды жарыс 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнi мерекесi қарсаңында, ардақты аналар, аяулы жар, апа-қарындастарға арналып, салтанатты түрде өттi. Мұз үстiнде мәнерлеп сырғанаудың майталман шеберлерi болмаса да, оған қатысушылар аз күннiң iшiнде өздерiнiң қол жеткiзген шеберлiктерiн паш етуге тырысты. Шоу-бағдарламаның тартымдылығы да осы тосындығында болатын. Олардың ынта-жiгер, ұмтылыстары көрермендi дүр сiлкiндiрдi. Сайысқа барлығы тоғыз жұп қатысты. Әсiресе, көрермен Ольга Иванова мен Анатолий Чернов (3-шi орын), Анжелика Лущинская мен Валерий Ткачук (2-шi орын), Томирис Амангелдиева мен Дмитрий Купряшин (1-шi орын), Варвара Сычева мен Евгений Степановтардың (Гран-При) өнерлерiне қуана қол соқты. Сайыс соңынан облыс әкiмi М.Мырзалин мен қала әкiмi Е.Маржықпаев жүлдегерлер мен барлық қатысу-шыларға бағалы сыйлықтар мен дипломдар табыс етiп, ескерткiш суретке түстi. Жиылған жұрттың көңiл-күйiн тартымды концерт көтере түстi.

Асхат ШӘРIПБАЕВ.

Мақаланың шыққан күні: 06.03.2018
Қаралым саны: 530
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика