Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 386.82
EUR | KZT 428.67
RUB | KZT 5.86
Көкшетау қ.
19 °C
2019 ж. тамыздың 19
Бюджет есебі талқыланды

Алтыншы шақырылған Көк-шетау қалалық мәслихатының кезектi 11-шi сессиясында өткен жылғы бюджеттiң орындалуы және «Нұрлы жол» мемлекеттiк инфрақұрылымдық бағдарламасының 2016 жылғы дамуы туралы мәселе қаралды. Сессия жұмысына қала әкiмi Ермек Маржықпаев, облыстық тексеру комиссиясының төрағасы Мереке Мұстафин, қалалық мәслихат хатшысы Бауыржан Ғайса қатысты.

 

Тимур Ысқақовтың төраға-лығымен өткен сессияда 2016 жылғы қалалық бюджеттiң орындалу барысы туралы қаржы бөлiмiнiң жетекшiсi Гүлнәр Құсайынова баяндама жасады. Оның мәлiмдеуiнше, 2017 жылдың 1 қаңтарында бюджеттiң кiрiс бөлiгi 100,8 пайызға орындалды. Осылайша 31249,6 млн теңге кiрiс түсiп, жоспар 235,4 млн теңгеге артық орындалған. Жеке кiрiс — 17472,3 млн теңге, яғни 101,4 пайызды құрап отыр. Күтiлген нәтижеге пәтер, жер учаскелерiн сатудан түскен түсiм, салық тiкелей әсер еткен. Қаржыны игеру 99,8 пайызды құрады. Дебиторлық қарыз жыл басымен салыстырғанда 93,6 млн теңгеге азайған. Осы ретте қала басшысы әкiмдiк аппараты, мәслихат пен бағдарламаны үйлестiрушiлердiң бiрлескен жұмысының арқасында оң нәтижеге қол жеткiзiлгендiгiн атап өттi. Жұмыс қорытындысына сараптама жасаған тексеру комиссиясының мүшесi Динара Алтаева мен қалалық мәслихаттың бюджет және қаржы мәселелерi бойынша тұрақты комиссиясының төрағасы Жұмабай Әмiржанов бюджеттiң орындалуына жақсы баға бердi.

Күн тәртiбiндегi екiншi мәселе — «Нұрлы жол» мемлекеттiк инфрақұрылымдық бағдарламасының 2016 жылғы дамуы туралы құрылыс бөлiмiнiң жетекшiсi Айбар Сауытбеков баяндады. Оның айтуынша, аталған бағдарлама шеңберiнде инженерлiк инфрақұрылым, бiлiм беру нысандарын жаңарту үшiн Ұлттық қордан алты жобаға 927,344 миллион теңге қаражат бөлiнген. Оның iшiнде тек «Васильковка» мөлтек ауданының солтүстiгiндегi магистральдi, iшкi желiлер құрылысы ғана жүзеге асырылмаған. Осы аумақта құрылыс жүргiзудi жоспарлаған «КИК» АҚ қаражат бөлмегендiктен, жұмыс та басталмаған, соның салдарынан 13,908 млн теңге игерiлмеген. Қала әкiмi Е.Маржықпаев түсiндiрiп өткендей, инженерлiк желiлердi өткiзу қажет деп саналмаған. Қалған жобалар бойынша барлық қаражат жүз пайыз игерiлген. Сондай-ақ, «Нұрлы жол» бойынша бiлiм беру нысандары құрылысына бөлiнген қаражат толық игерiлген.

А.Сауытбеков халық қалау-лыларын биыл жүзеге асырылуға тиiстi жобалармен таныстырып өттi. Оның айтуынша, қаржыландыру бойынша еш мәселе туындап отырған жоқ, барлық жұмыс кес-теге сай жүруде. Қаладағы №18 орта мектебiндегi қосымша ғимарат құрылысы жоғары қарқынмен жүруде. Сессияның келесi күн тәртiбiнде қала әкiмiнiң алғашқы жартыжылдық қорытындысы бо-йынша есебiн қарау жөнiнде шешiм қабылданды. Сессия төрағасы болып депутат Еркiн Исiмбаев сайланды.

Мақаланың шыққан күні: 05.06.2017
Қаралым саны: 648

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіздің жасыңыз?