Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 352.54
EUR | KZT 415.15
RUB | KZT 5.31
Көкшетау қ.
10 °C
2018 ж. қыркүйектiң 24
Жыл қорытындысы сараланды

Көкшетау қаласының әкiмi Ермек Маржықпаев қалалық мекемелер мен бөлiм басшылары қатысқан жиында өткен 2017 жылдың қорытындысын ортаға салып, барлық негiзгi көрсеткiштердi сараптап, үстiмiздегi жылы бүгiнгiден де жоғары табыстарға қол жеткiзу мүмкiндiктерiн қарастыруды тапсырды.

Өткен жыл ойдағыдай қорытын-дыланды. Дегенмен, аталған көрсеткiштердi бұдан да жақсарта түсуге болатын едi. Тiптi, кейбiр атқарылған шаруалардың өзi енжарлық салдарынан есепке енбей қалған жағдайлар да кезiктi. Жалпы, жылды жақсы қорытындылаудың бұлжымас бiр қағидасы — жоспарлы жұмыстарды жыл басынан бастап уақытымен орындау. Кемшiлiк нақ осы жыл басынан басталады. «Әлi алда уақыт көп» деп қолдан келер шаруаларды еш негiзсiз кейiнге сырғыта беру өкiнiшке соқтырады. Сондай ықтиятсыздық салдарынан дер кезiнде жобалық-сметалық құжаттар, есеп-қисаптар жасалмай, жиналып қалып, қолбайлау болады. Керек мәселелерге ұсыныстар да кешiктiрiлмей түсiрiлуi тиiс. Ал, алдын ала, уақытымен, асықпай дайындалған құжаттар әрi қатесiз, әрi аяққа тұсау болмайды. Асығыс жасалған дүниелерден қате шығып, қайта жасау да кезiгiп жүр. Бөлiнген қаржыны игеруде мұның үлкен әсерi бар. Қала басшысы қаржы бөлiмiнiң басшысы Гүлнар Құсайынова, экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмiнiң жетекшiсi Гүлмира Шұқатовалардың сараптамалық пiкiрлерiн тыңдап, бiрқатар сұрақтар қойып, мәселелердi нақтылады.

Жиынның екiншi бөлiмiнде Е.Маржықпаев қаланың күнi бүгiнгi тыныс-тiршiлiгiне тоқталды. Жолдың қарын тазалау, жаяу жүргiншiлер жолдарын мұздан арылту, сырғанақтарды қауiпсiздендiру, қараңғы көшелердi жарықтандыру үнемi назарда болуы тиiс. Көше қиылыстарындағы суағарлардың бiтелмеуiн осы бастан қадағалау керек. Жергiлiктi полиция белгiленбеген жерлерге қоқыс төгушiлермен әңгiме жүргiзiп, құлақ аспағандарға айыппұл салсын. Жауапты адамдар бұралқы иттердi аулауды жалғастырсын. Қысқы серуенге шығушылар, шаңғышылар жолдары да назардан тыс қалмасын, ауа райы болжамы ескерiлiп отырылсын. Көшедегi көрнекi үгiт, басқа да көрiк берер мүсiн, өрнектердi талаптағы қалпында сақтау ескерiлсiн. Көрнекi үгiт күн тәртiбiне жауап берiп, жаңғыртылып, жаңарып отырсын. Қаланы таза, қауiпсiз, күтiмдi қалпында ұстауға бар күш жұмсалсын. Қала басшысы Е.Маржықпаев осындай мәселелердi алға тартты.

Мақаланың шыққан күні: 12.01.2018
Қаралым саны: 424
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика