Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 374.2
EUR | KZT 420.34
RUB | KZT 5.52
Көкшетау қ.
-10 °C
2018 ж. қарашаның 14
Жүзеге асқан жобалар

«Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының кезектi XXIХ есептiк-сайлау конференциясы өттi.

Отырысты ашқан облыстық партия филиалының төрағасы, облыс әкiмi Мәлiк Мырзалин бүгiнде партия тарапынан Елбасы тапсырмаларын iске асыру мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанына тоқталды. Атап айтқанда, партияның идеологиялық күн тәртiбiнiң белсендiлiгi нығаюда. «Ағымдағы жылды қорытындылайтын кез келгенде бiз есептiк кезеңде облыстық партия филиалының жұмысы жоғары деңгейден көрiне бiлдi деп айта аламыз. Бұл облыстық әлеуметтiк экономикалық жағдайының өсуiмен айқындалып отыр», — дедi өңiр басшысы.

Конференция жұмысына қатысқан «Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов бiрқатар көрсеткiштер бойынша облыстық партия ұйымы алдыңғы қатарда екендiгiн айта кетiп, оң бағасын бердi.

Партия активiнiң жергiлiктi атқарушы билiк өкiлдерiмен жүйелi, белсендi жұмыс iстеуiнiң нәтижесiнде облыста индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттiк бағдарламалары, «Жұмыспен қамтудың жол картасы- 2020», «Бизнестiң жол картасы-2020», «Агробизнес», «Денсаулық», «Бiлiм беру» сонымен қатар «Нұрлы жер» бағдарламасына интеграцияланған «Нұрлы жол» бағдарламасы қарқынды түрде жүзеге асырылып келедi.

Елбасы ел экономикасының драйверi ретiнде агроөнеркәсiптiк кешенiн дамытуды тапсырған болатын. Аталмыш сала облыс тұрғындарының 30%-ын жұмыспен қамтып отыр. Биылғы жылы агроөнеркәсiптiк кешенiн дамытуға 30 млрд 400 млн теңге субсидия бөлiндi. 1906 шаруашылық мемлекеттiк қолдауға ие болды. Ақмола облысы ауа райының қолайсыздығына қарамастан астық жинау науқанын табысты аяқтады. 4,3 млн гектар жерден 5,5 млн тонна астық жиналып, орташа өнiмдiлiк гектарынан 13 центнердi құрады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Астана қаласы азық-түлiк белдеуiн дамыту жөнiндегi тапсырмасы аясында ағымдағы жылдың

9 айында тамақ өнiмдерiн өндiруде өткен жылмен салыстырғанда 111% өсiм байқалады.

«Бизнестiң жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 16,5 млрд теңге 600 жоба субсидияланған болса, инфрақұрылымды дамытуға 12 млрд теңге бөлiнiп, 15 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Биылғы жылы 394 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берiлiп, тағы да 18 үйдiң құрылысы аяқталуға жақын. Олардың 14-i жалдамалы тұрғын үй болса, 4 несиеге берiлмекшi.

Елбасы Н.Назарбаевтың «Бес әлеуметтiк бастамасындағы» бiрiншi бастама «7-20-25» бағдарламасы бойынша облыс республика бойынша үздiк бестiкке енiп отыр. 175 берiлген өтiнiштiң 139-ы оң шешiмiн тауып, 1,2 млрд теңгеге қаржыландырылған. «Жалпы, 2018 жылдың аяқталуына аз уақыт қалды, сондықтан жылды жақсы көрсеткiштермен қорытындылауға бар күш-жiгерiмiздi саламыз», — дедi өңiр басшысы Мәлiк Кеңесбайұлы.

Соңғы екi жылда облыс көлемiнде 39 мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымы, бес жаңа мектеп салынып, бiр мектепке қосымша ғимарат ашылған. Алайда, облыс бойынша Бурабай, Целиноград және Көкшетау қаласында 11 мектеп үш ауысымда бiлiм берiп жатыр. Бұл мәселенi шешу мақсатында Көкшетау қаласында биылғы жылы 900 орындық IТ лицейi ашылып, №18 мектеп-гимназиясына қосымша ғимарат салынған. 2019 жылы оқу-тәрбиелiк корпусы пайдалануға берiлмекшi.

«Нұр Отан» партиясы сайлауалды бағдарламасындағы денсаулық бағыты бойынша негiзгi көрсеткiштердi орындау бойынша оң өзгерiстер бар. 2018 жылдың қорытынды есебi бойынша облыс тұрғындарының өмiр сүру ұзақтығы 71 жасты құрады. Балалар өлiмi 17,1 пайызға төмендеп, туу көрсеткiшi 2,5 пайызға өскен.

Партиялық жобалардың жүзеге асырылуын айта келе, облыс әкiмi «Балаларға арналған тегiн IТ сыныптары» партиялық жобасына ерекше тоқталды. Бүгiнгi таңда аталмыш партия жобасы аясында Ақмола облысының 37-i мектебiнде 62 IТ сыныбы ашылып, 900 бала бағдарламалау және робототехника негiздерiн үйренуде. IТ сыныптардың ашылуы мен ұстаздар жалақысы демеушiлiк қаражаттан қарастырылған.

Облыстық партия филиалының негiзгi басым бағыттарының бiрi сыбайлас жемқорлықпен күресу болып қала бермек. 2018 жылдың үш тоқсанының қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық саны 13%-ға төмендеген.

Халыққа нақты көмек көрсету әрi тұрғындармен керi байланысты тиiмдi орнату механизмi партияның қоғамдық қабылдаулары болып қала бермек. 2018 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша партияның қоғамдық қабылдауларына 4212 өтiнiш келiп түссе, оның 54 пайызы оң шешiмiн тапқан. Қоғамдық қабылауға келiп түскен өтiнiштердiң басым бөлiгi тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, әлеуметтiк қамсыздандыру, жұмыспен қамту және еңбек даулары, жер учаскелерiн алу тақырыптары болып отыр.

Есептiк-сайлау компаниясы аясында облыстағы 20 аумақтық филиалда өткен конференциялар 379 бастауыш партия ұйымының жиналыстары партиялықтардың сапалы және сандық өсуiн, бастауыш партия ұйымдары жұмысының жандануын көрсеттi. Конференция жұмысында баяндама жасаған партия белсендiлерi, бастауыш партия ұйымының төрағалары түрлi бағыттағы партия жұмысына қорытынды жасап, облыстық партия ұйымының жұмысын оң бағалады.

Делегаттар партияның Ақмола облыстық филиалы бақылау-тексеру комиссиясының төрайымы Галина Марченкованың есебiн тыңдады. «Мен әрiптестерiммен толық келiсе отыра, соңғы екi жылдағы облыстық филиалдың жұмысына оң бағамды берiп, маңызды саяси iс-шараларды жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткiзген партияластарға ризашылығымды бiлдiремiн», — дедi партия хатшысы Фархат Қуанғанов.

Конференция барысында БПҰ төрағаларының есептерi тыңдалып, партия филиалы Саяси кеңесiнiң құрамы бекiтiлдi. Саяси кеңестiң алғашқы отырысы өткiзiлдi. Iс-шара соңында өңiр басшысы белсендi қызметi мен ерен еңбегi үшiн бiрқатар аумақтық партия филиалдары мен үздiк БПҰ алғыс хаттармен марапаттап, жұмыстарына табыс тiледi.

Мақаланың шыққан күні: 07.11.2018
Қаралым саны: 24
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Біздің сайтқа не арқылы кірдіңіз?