Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 371.31
EUR | KZT 419.32
RUB | KZT 5.59
Көкшетау қ.
-11 °C
2018 ж. желтоқсанның 16
Жүргізушілер арманы жүзеге асты

Облыс әкiмi Мәлiк Мырзалин мен қала әкiмi Ермек Маржықпаевтың қатысуымен Жаңа жыл қарсаңында Көкшетауда мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды. «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуы-на қарағанда, бұл республикамыздағы он үшiншi мамандандырылған орталық екен. Онда автомобиль жүргiзушiлерi қысқа мерзiмде өз көлiктерiн тiркетiп, куәлiктерiн алады.

Жаңа орталыққа келген меймандар сервистiк және техникалық бөлмелердi аралап, көрдi. Мұнда екi сағаттың iшiнде автокөлiктердi тiркетiп, жүргiзушi куәлiгiн толтыруға болады. Жүргiзушiлер үшiн комиссия да осында жұмыс iстейдi. Медицина қызметкерлерiне арналған бөлмелерде психиатр-лар мен наркологтарға арнайы бөлме бөлiнген. Жаңа орталықтың аумағында көлiктердi техникалық бақылаудан өткiзетiн ангар да жасалыпты. Жалпы алғанда жаңа орталықтағы барлық бизнес процес-тер толығымен автоматтандырылған. Онда орнатылған 20 бейнекамера онлайн-режимiнде қызмет сапасына мониторинг жасауға мүмкiндiк бередi. Көкшетаулық жүргiзушiлерге қызмет көрсететiн жаңа орталық мына мекенжайда орналасқан: Уәлиханов көшесi 1/3, Зерендi трассасының бойында. Жұмыс уақыты дүйсенбiден сенбi бойынша үзiлiссiз таңертеңгi 9.00-ден кешкi 20.00-сағатқа дейiн.

Мақаланың шыққан күні: 29.12.2017
Қаралым саны: 675
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Біздің сайтқа не арқылы кірдіңіз?