Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 340.27
EUR | KZT 396.31
RUB | KZT 5.39
Көкшетау қ.
16 °C
2018 ж. маусымның 25
Жұмыс қарқыны бақылауда болады

Қала әкiмi Ермек Маржықпаев облыс орталығындағы бiрнеше нысандарға барып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Нақты тапсырмалар жүктеп, жұмысты жүйелендiре түсу қажеттiгiн айтты.

Красный Яр бағытындағы саяжайлар маңындағы Элита көшесiнiң бойына қиыршық тас төселiп жатыр. Бұл маң әсiресе, жауынды күндерi лай-батпаққа айналып, жүрiп-тұру қиындайтын. Тұрғындар осы мәселенi шаһар басшысының алдына қойған. Қазiр көлiкпен әрi-берi жүрiп жатқандар мен жаяу жүргiншiлер өтiнiштерiнiң жерде қалмағанына риза. Сондай-ақ, шаһар басшысы ДСУ-15 және Жайлау мөлтек ауданында дәл осы бағытта атқарылып жатқан шараларды пысықтады. Қала әкiмi жол тегiстеу жұмыстарының сапасына мән берiлсiн дедi. Юбилейный мөлтек ауданындағы 28 үйдiң ауласы күрделi жөндеуден өтiп жатыр. Балаларға арналған алаңдар қалыпқа келтiрiлiп, тұрғындардың дем алатын орындары жасалуда.

Аулаларды абаттандыру жұмыстары облыс орталығында кезең-кезеңмен жүзеге асып жатыр. Жаз бойы бұл шаралар бiр толас-тамайды. Сүлейменов көшесiндегi 8 үйдiң iшкi жағы да жөндеу көрiп, жақында тұрғындарына жүрiп-тұруға ыңғайлы болмақ. Қазiр мұнда да жұмыстар қарқын алған. Ауласының көркейiп келе жатқанына ересектер де, балалар да қуанышты. Сарыарқа мөлтек ауданындағы көпқабатты тұрғын үйдiң құрылыс жұмысының барысын бақылаған қала әкiмi ең басты назарды сапаға аударуды талап еттi. Отандық өнiмдi тұтынуға мән берiлуде. Горький көшесiнде ағаш отырғызу жұмыстарына жауапты мекемелерге де нақты тапсырмалар жүктелдi. Жасыл өскiндi күтiп-баптауға ерекше мән берiлуi тиiс. Уақытында суарылып, күнi ертеңдерi жайқалып өсуiне ықпал етiлуi керек. Сонда ғана Көкшетау қаласы жасыл желекке жамылған көркем қалаға айналады. Шаһар басшысы бұл күнi, сондай-ақ, ескi мұсылман зиратына да барды. Мұнда мәңгiлiк тыныстаған Науан Хазiреттiң ұрпақтары маңын абаттандырып, кеспе тас төсеудi жоспарлап отыр. Ермек Боранбайұлы барлық нысандардағы жұмыстарды мерзiмiнде аяқтауды тапсырды.

Мақаланың шыққан күні: 03.06.2018
Қаралым саны: 26
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика