Көкшетау қаласының
ресми интернет-ресурсы
Жұмыс ауқымды

Биыл облыс орталығы — Көкшетау қаласында 5 мың түп ағаш отырғызылып, 25 мың текше метр гүл көшеттерi жасалмақ.

Облыс әкiмiнiң өкiмiмен жарияланған елдi мекендердi абаттандыру, көркейту және санитарлық тазалығын сақтау айлығы шеңберiнде Көкшетау қаласында жалпықалалық сенбiлiк өткiзiлдi. Ал, тазалық бейсенбiлiгi апта сайын өтуде. Екпiндi айлық аясында өткiзiлетiн ауқымды шараларды дер кезiнде атқарып шығу үшiн қала аумағы 218 учаскеге бөлiнген. Тапсырылған шаруалардың сапалы әрi тиянақты орындалуын қалалық штаб қадағалайтын болады. Күл-қоқыстарды жинастыру, көшелердi, алаңдарды уақытылы сыпыру, ағаштар мен жол жиектерiн әктеу шараларынан басқа биыл қала бо-йынша 5 мың түп ағаш, 25 мың текше метр жерге гүл көшеттерi отырғызылмақ. Бұл жұмыстар қазiргi таңда шапшаң қарқынмен жүргiзiлiп жатқанымен отырғызылған ағаш пен гүлдiң тез жетiлiп, өсiп кетуiне қамқор болған жөн. Өйткенi, уақытылы суарылмаған соң, былтыр көптеген ағаш қурап қалды. Кей адамдар, әсiресе, жастар жағы тәртiпсiздiк танытып, ағашты сындыру, гүлдi жұлып тастауға жол беруде. Екпiндi айлық кезiнде атқарылған шаруалармен iс бiттiге санамай, қала тазалығы үнемi қатаң бақылауда болуы тиiс. Қала әкiмi әр тұрғыннан осындай жауапкершiлiктi талап етуде.

Мақаланың шыққан күні: 12.05.2017
Қаралым саны: 112
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

г.Кокшетау, ул. Ауэзова 141

8 (7162) 29-78-00

8 (7162) 29-78-66

akimkokshe@akmol.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-78-23, 29-78-24

@2017 «Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы» ММ
Разработка сайта: Компания Интегро