Көкшетау қаласының
ресми интернет-ресурсы
Жүйелі жұмыс жемісін береді

Облыстық iшкi саясат басқармасы мен «Sara» қоғамдық қоры Көкшетау қалалық әкiмдiгiмен бiрлесiп үкiметтiк емес ұйымдар жетекшiлерiмен жаңа салық кодексi, үкiметтiк емес ұйымдар республикалық мәлiметтер базасына құжаттар пакетiн ұсыну мәселелерi бойынша семинар-кеңес өткiздi.

Семинар барысында қатысу-шыларға ҚР заңнамалық актiлерiне енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар түсiндiрiлiп, қоғамдық ұйым жетекшiлерiнiң жауапкершiлiгiн арттыру, тәжiрибе алмасу мақсатында кеңестер берiлдi. Облыстық iшкi саясат басқармасының жетекшiсi қызметiн уақытша атқарушы Архат Айбабин облыста 600-ге жуық үкiметтiк емес ұйымдар тiркелгенiмен, олардың бәрi жүйелi жұмыс iстеп отырмағандығын жеткiздi. — Бұл құрылымды мемлекеттен бөлiп қарауға болмайды. Оның да бүкiл қызметi мемлекеттiк, халықтық мүдделермен қабысып жатады. Мемлекет пен тұрғындардың арасын жалғайтын көпiр үкiметтiк емес ұйымдар болуға тиiс. Кез келгеннiң қолынан келетiн бұл оңай шаруа емес. Өз iсiне берiлген, құлшынысы күштi, талмай iзденгiш адам ғана бұл жұмысты нәтижелi жүргiзе алады, — дедi ол өз сөзiнде. Ақмола облыстық әдiлет департаментi жетекшiсiнiң орынбасары Гүлмира Әкiмова «Үкiметтiк емес ұйымдарды тiркеу мен қайта тiркеудiң кейбiр мәселелерi», Ақмола облысының мемлекеттiк кiрiстер басқармасының бас маманы Әлия Утекина «Үкiметтiк емес ұйымдарды тiркеу мен тарату мәселелерi», «Sara» қоғамдық қорының төрайымы Сара Баймағанбетова «Өкiлеттi орган — Дiн iстерi және азаматтық қоғам министрлiгiнiң ақпараттар базасына ҮЕҰ мәлiметтерiн ұсыну» тақырыптары бойынша баяндама жасады.

Қатысушылар семинардан үкiметтiк емес ұйымдар үшiн пайдалы кеңестер алғандарын, тәжiрибе жинақтап, жұмыстың бағыт-бағдарын айқындауда осындай басқосулардың игi ықпалы мол екендiгiн жеткiздi.

Мақаланың шыққан күні: 30.01.2018
Қаралым саны: 432
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

 

 

г.Кокшетау, ул. Ауэзова 141

8 (7162) 29-78-00

8 (7162) 29-78-66

 

akymat_kokshetay@mail.ru

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-78-23, 29-78-24

@2018 «Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы» ММ
Разработка сайта: Компания Интегро