Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 386.82
EUR | KZT 428.67
RUB | KZT 5.86
Көкшетау қ.
19 °C
2019 ж. тамыздың 19
Жоспарды жүзеге асыруға жұмылайық

Қала әкімі Ермек Маржықпаев қалалық мекемелер басшыларының қатысуымен жиын өткізіп, барлық негізгі көрсеткіштер бойынша өткен жылдың жақсы қорытындыланғандығын атап көрсетті. – Бұл жетістік бізді ынталандыра түседі деген ойдамын. Енді сол екпіннен айрылмай, сол үрдіс-терді жалғастырып, жұмысымызды одан әрі ықтиятты жүргізуіміз керек, – дей келе қала басшысы алдағы міндеттерге нақтылы тоқталды. Сөз түйіні – жаңа жылда тың серпін, жаңа екпінмен қызмет ету.

Белгіленген жоспарларға еш кешеуілсіз кірісейік. Жаңа қолға алынып жатқан істердің сметалық-жобалық жоспарларын шұғыл пысықтап, заңдастырып, жобаларды жүзеге асыруға тиіспіз. Оның ішінде жөнделетін жаңа жолдар, құрылатын балалардың ойын алаңдары, спорт алаңдары бар. Лифтерді іске қосуды толық аяқтауымыз керек. Өткен жылы заңсыз тұрған 196 гараж шығарылды, ол жұмыс та ретімен жүріп, тұрғындарға қолайлы жағдай туғыза бергені жөн. Сондай-ақ, көшелер, жаяу жүргінші жолдары, мектептер мен балабақшалар маңайының қарын тазалауды үнемі қадағалауды тапсырды. Негізгі үлкен көшелер ғана емес, көлденең шағын көшелер де назардан тыс қалмасын. Бораннан ықтасын қылатын аялдамаларды қирату әлі тиылмай келеді. Шамдары жанбай, қыс күнінде қолайсыздық туғызып тұрған жерлер бар. Аяздың жиі қайталануына байланысты өткен тоқсанда қайта-қайта мектептерде сабақ өтпей жүрді. Соған байланысты оқушылардың бағдарламаны игермей, үлгерімдерінің төмендемеуі мұқият қадағалануы тиіс. Алдағы Бірыңғай ұлттық тестілеу сынақтарда осы күндердің «салқыны» сезілмейтін болсын. Қалаға келетін су желісінің сүзгілерін ауыстыру жұмыс-
тары аяқталып келді. Енді тұрғындар ішер су сапасы жақсармақ. Бұл – денсаулық кепілі. Көшедегі көрнекі үгіт тақырыпқа сай болсын. Жылу беру саласы үнемі назарда. Кемшілік болуға тиіс емес. Дегенмен, қыстың көзі – қырау, үнемі сақтық керек, тиісті орындар оқыс оқиғаларға дайын болсын. Ермек Маржықпаев жиын соңында барлық салалар басшыларына нақтылы тапсырмалар жүктеді.

«Көкше-ақпарат».

 

Мақаланың шыққан күні: 09.01.2017
Қаралым саны: 184

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіздің жасыңыз?