Көкшетау қаласының
ресми интернет-ресурсы
Жігерлі жастарды қолдаймыз

Көкшетау қалалық жастар ресурстық орталығының жиырмадан жаңа ғана асқан әдiскерi Тұрлыбек Жолдаспайды облыс орталығында өтетiн барлық шаралардың бел ортасында жиi көремiз. Өйткенi, жалынды жастық шақтың қызықты да мазмұнды күндерi көп болғаны дұрыс. Қала тұрғындарының 21 пайызын жас буын құрайды десек, олардың әрбiрiн мәдени шаралар мен түрлi қоғамдық ұйымдардың жұмысына тарту үлкен жұмыс. Жастардың бiрi өте белсендi келедi, ендi бiрi көпшiлiкпен араласқанды жөн көрмейдi, ендi бiрi шақырған жерге барады, шақырмаса, ешкiмдi iздемейдi. Сондықтан да Тұрлыбекке, оның әрiптестерiне де әртүрлi контингентпен жұмыс iстеуге тура келедi. Тiптi, тәртiпке көнбейтiн жасөспiрiмдердi тәрбиелеу iсiне де араласады. Жалпы, толассыз тiрлiктiң қайнаған қазанында араласып жүрген жайлары бар.

«Көкшетау» газетi:

– Тұрлыбек, жастар ресурстық орталығының қызметi қаншалықты жетiлiп келедi? Жыл басынан берi атқарған жұмыстарың жайлы айтып өтсең.

Тұрлыбек Жолдаспай:

– Көкшетау қаласында ұйымдастырылатын барлық шараларға бiз белсендi араласамыз. Көмек қажет болса, ешқашан «жоқ» демеймiз. Кейде өзiмiздi көзге көрiнбейтiн майданның сарбаздары санаймыз. Бiз мемлекеттiк жастар саясатын жүзеге асырамыз. Сондықтан 14 пен 29 жас арасындағы контингентпен жұмыс iстеймiз. Қалалық iшкi саясат бөлiмiмен бiрлесiп, жоспар құрып, оны қала әкiмi бекiткеннен кейiн жыл бойы сол бағытты ұстанамыз. Көкшетау қаласында орташа есеппен алғанда 30 мыңнан астам жастар бар. Олар облыс орталығындағы орта кәсiптiк және жоғары оқу орындарында бiлiм алады. Бiз барлық дерлiк бiлiм ошақтарымен тығыз байланыста жұмыс iстеймiз. Әсiресе, Жоғары техникалық мектеп, Жоғары медициналық колледж, «Бурабай» колледжi мен Азаматтық қорғаныс колледжiнiң басшылығы бiздiң бастамаларымызға үн қосып, өздерiндегi барлық шараларға қатыстырады. Сол үшiн оларға алғыс айтқым келедi.

«Көкшетау» газетi:

– Нақты қандай ұйымдармен тығыз байланыс орнатылған?

Тұрлыбек Жолдаспай:

– «Юность» педагогикалық отряды қоғамдық бiрлестiгi, «Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымы, «Жастар мен студенттiк еңбек жасақтары» облыстық штабы, «КВН жастар лигасы», «Ақмола облысының жас-тар одағы» қоғамдық бiрлестiгi, «Студенттер Альянсы» корпо-ративтiк қоры, «Жiгер» жас мемлекеттiк қызметшiлер клубы, «Ұлт көшбасшысының жас-

тар фронты» қоғамдық қоры, «Көкше қырандары», «Жас ұлан», «Думан» және «Дебаттар лигасы» сияқты көптеген ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс iстеймiз. Олар ұйымдастыратын барлық шаралардың бел ортасында жүремiз. Бiз ештеңеден арланбайтын, тартынбайтын, өте елгезек және белсендi жастарды қатарымыздан көргiмiз келедi. Жұмыс iстеймiн дейтiн жандардың ешбiрiнiң бетiнен қақпаймыз. Аға ұрпақ өкiлдерiне құрметпен қараймыз. Жақында ғана соғыс және еңбек ардагерлерiн «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесiне апарып келдiк. Кез келген шаруаны тең бөлiп атқара беремiз. Өте жақсы ұжым қалыптасқан. Өзiме ұнайды.

«Көкшетау» газетi:

– Осы жазда қандай жұмыстар атқарылды?

Тұрлыбек Жолдаспай:

– «Жазға қадам» бағдарламасы аясында жастардың бос уақытын көңiлдi өткiзуi үшiн концерттер, би алаңдарын, есiрткi мен есiрткi бизнесiне қарсы күрес шеңберiнде хип-хоп фестивалiн ұйымдастырдық. Ашық аспан астында кинотеатр жұмыс iстедi. Жастардың заң бұзушылық әрекеттерiне тосқауыл қою үшiн бейнероликтер жасап, қаладағы аулаларда спорттық шаралар ұйымдастырып, түрлi тақырыптарға лекциялар дайындадық. Алда келе атқан жастар күнiне орай «Жастар алаңы» шығармашылық фестивалi бастау алды. Онда түрлi ұйым, мекемелердiң жастары өз өнерiн ортаға салады. Қорытындысы жақында шығарылмақ. Жаңа оқу жылы басталғанда студенттердiң жатақханадағы өмiрiне назар аударылып, сабаққа бармайтын жасөспiрiмдермен психолог-мамандар жұмыс iстейтiн болады.

«Көкшетау» газетi:

– Өзiң бос уақытыңда немен айналысасың?

Тұрлыбек Жолдаспай:

– Мен бала жасымнан биге әуеспiн. Уақыт өте келе көше биiне қызығушылығым артты. Компьютер арқылы оның түрлi қимылдарын меңгердiм. Сол туралы киноларды көрiп, жаттықтым. Қазiр өзге балаларды осы би түрiне үйретiп жүрмiн. Көше биiн меңгеруге көп уақыт, шыдамдылық қажет. Үйренгiсi келетiн балаларды жасына қарамай қабылдай беремiн. Ол жас талғамайды. Ең бас-тысы, құлшыныс болса болғаны. Бос уақытымда тарихи кiтаптарды көп оқимын. Исай Калашниковтың «Жес-токий век» пен Iлияс Есенберлиннiң «Көшпендiлерiн» бiрнеше қайтара оқып шықтым. Фантастикалық шығармалар да ұнайды. Түнгi клубтарға бара қоймаймын. Оның орнына уақытымды пайдалы iске жұмсағанды жөн көремiн. Жастарды да салауатты өмiр салтын ұстануға шақырамын. Дәл осы сөзiм оларға жастар күнiне арнаған тiлегiм болсын.

«Көкшетау» газетi:

Әңгiмеңе рахмет, алдағы уақытта тек табысқа жете бер!

Мақаланың шыққан күні: 15.08.2017
Қаралым саны: 297
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

 

 

г.Кокшетау, ул. Ауэзова 141

8 (7162) 29-78-00

8 (7162) 29-78-66

 

akymat_kokshetay@mail.ru

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-78-23, 29-78-24

@2017 «Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы» ММ
Разработка сайта: Компания Интегро