Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 378.83
EUR | KZT 430.99
RUB | KZT 6.04
Көкшетау қ.
18 °C
2019 ж. маусымның 26
Жастар – нашақорлыққа қарсы!

Осындай ұранмен Көкшетаудағы Тәуелсiздiк алаңында Халықаралық нашақорлықпен күрес күнiне орай бiрқатар шаралар өттi.

Акцияға жастар саясаты мәселелерi бойынша басқарма, жастар ресурстық орталығы, IIД наркобизнес-пен күрес басқармасы бастамашылық еттi. Басты мақсат — жастардың бо-йында салауатты өмiр салтын берiк қалыптастыру, зиянды нәрселерден аулақ болуға тәрбиелеу, барша қоғамды нашақорлықтың алдын алуға шақыру. Тақырыптық бағдарлама аясында «The Legacy show» би студиясының ұйымдастыруымен хип-хоп фестивалi, КВН жазғы клубы, сондай-ақ, кинологтар қызметi, «Арлан» бөлiмшесi мен жас каратэшiлердiң көрсетiлiмi ұсынылды. «Сенiм» оңалту орталығы қызметкерлерiнiң нашақорлық зардабы жайлы дайындаған қойылымы көрермендердiң қошеметiне ие болды. «Жыл сайын достарыммен бiрге нашақорлыққа қарсы күрес акциясына қатысамын. Шара жоғары деңгейде, жастар үшiн қызықты өтедi. Мұның өзi зор қуаныш. Өзiм спортпен айналысатын болғандықтан, салауатты өмiр салтын ұстану көңiл көтерiп қана қоймай, шынығып, шымыр болуға мүмкiндiк беретiн тамаша тәсiл екенiн айтқым келедi», — дейдi студент Раис Мұхамеджанов. Жастар фестивалi қатысушыларды марапаттау мен дискотекаға жалғасты.

Мақаланың шыққан күні: 28.06.2018
Қаралым саны: 244

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіз қандай санатқа жатасыз?

Сіздің жасыңыз?