Көкшетау қаласының
ресми интернет-ресурсы
Жаңа воркаут алаңы Т. Сүлейменов көшесінде ашылды

Көкшетау қаласында жылдан-жылға қала тұрғындарының ашық аспан астында жаттығуына ыңғайлы алаңдар саны көбейiп келедi. Жақында олардың қатарына Сүлейменов көшесiнiң бойында ашылған жаңа воркаут алаңы қосылды. Бұл — осымен пайдалануға берiлген төртiншi нысан. Жастардың салауатты өмiр салтын сақтап, денесiн шынықтыруға қажеттi құрал-жабдықтармен жарақтанған орынның ашылуына қатысқан қала әкiмiнiң орынбасары Иван Юрченко атлеттерге табыс тiледi.

«Бiз Көкшетау қаласына осындай мамандандырылған алаңның ашылуына арнайы келдiк. Оған көмек көрсеткен Ұлттық Олимпиада комитетi. Мұндай алаңдарды елiмiз бойынша көптеп салуды жоспарлап отырмыз. Сол арқылы осы қозғалысты дамытамыз. Қазiр воркаутпен айналысатын жастардың қатары көбейiп келедi. Мен өзiм 8 жасымнан осы спорт түрiмен айналыса бастадым. Әкем үйдiң жанына турник орнатты. Соған тартылып жүрiп, уақыт өте келе менiң нағыз кәсiбiме айналды», — дейдi қазақстандық street workout қозғалысының өкiлi, Әлем және Қазақстанның чемпионы Диас Биджиев. Көкшетау қаласында да воркаут қозғалысы жақсы дамыған. Арнайы құрылған команда бар. Олар түрлi деңгейде жарыстар ұйымдастырып, жаңадан келген жастарды тегiн үйретедi. Воркаут спорты мемлекет тарапынан қолдауға ие, сондықтан ол ресми спорт түрi болып бекiтiлген. Көкшетаулық «Fox» командасының өкiлi Елена Зиновьеваның айтуынша, қаламызда қазiр осындай төрт алаң бар. Олар Горький көшесiнде, «Жайлау» мөлтек ауданында және №17 орта мектептiң жанында орналасқан. Бесiншiсi орталық саяқбақта жасалып жатыр. Алаңдардың бәрi стандартты, сетификатталған құрал-жабдықтармен жарақтанған. «Fox» командасының құрамында он адам бар. Олар биыл тамыз айында Павлодар қаласында өткен Қазақстан чемпионатына қатысып, қыздар арасында жеңiмпаз атаныпты. Сүлейменов көшесiнiң бойында ашылған воркаут алаңында бұлшық еттердi шынықтыруға арналған 20 снаряд орнатылған. Мұның бәрi Елбасының халықты бұқаралық спортқа баулу тапсырмасын жүзеге асыру аясында жасалып жатқан шаралар. Федерация президентi Дамир Момынов бұл алаң Ұлттық Олимпиада комитетi мен оның жетекшiсi Тимур Құлыбаевтың сыйлығы екенiн де атап өттi. Ендi бұдан былай кез келген көкшетаулық бұл жерге келiп, бұлшық еттерiн бұлтыңдатып, жаттыға алады. Жиналғандар осындай спорт алаңын ашуға мұрындық болған қала әкiмдiгiне ризашылықтарын бiлдiрдi. Шара соңында астаналық «Bar Bars» пен көкшетаулық команда мастер-класс өткiзiп, ерекше көзге түскендерге футболкалар сыйлап, естелiк суретке түстi.

Мақаланың шыққан күні: 11.09.2017
Қаралым саны: 275
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

 

 

г.Кокшетау, ул. Ауэзова 141

8 (7162) 29-78-00

8 (7162) 29-78-66

 

akymat_kokshetay@mail.ru

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-78-23, 29-78-24

@2017 «Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы» ММ
Разработка сайта: Компания Интегро