Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 389.86
EUR | KZT 435.32
RUB | KZT 6.12
Көкшетау қ.
-1 °C
2019 ж. қазанның 22
Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі

2019 жылдың 18 қыркүйегi сағат 15.00-де Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетiнiң базасында «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының қатысуымен Көкшетау қаласы әкiмi аппаратының мемлекеттiк қызметтердi көрсетудi талдау бөлiмi Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментiмен бiрлесе отырып, студенттерге арналған мемлекеттiк қызметтер жәрмеңкесiн өткiздi.

Жәрмеңке барысында студенттер мен оқытушыларға Telegram мобильдi қосымшасы арқылы мемлекеттiк қызметтердi алуға, сондай-ақ практикалық сабақтар мен мобильдi азаматтардың деректер базасында нөмiрлердi тiркеуге қажеттi кеңестiк және әдiстемелiк көмек көрсетiлдi.

Студенттер iс-шараның жаңа форматына қызығушылық танытты, өйткенi бүгiнгi күнi әр студент гаджеттердiң белсендi қолданушысы болып табылады. Шараға барлығы 1500-ден астам студент қатысты.

Көкшетау қаласының әкiмдiгi көрсететiн мемлекеттiк қызметтердi сапалы көрсету мәселелерi бойынша азаматтардың хабардарлығын арттыру жұмыстары жалғасады.

Мақаланың шыққан күні: 19.09.2019
Қаралым саны: 229

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіз қандай санатқа жатасыз?