Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 389.59
EUR | KZT 429.06
RUB | KZT 6.05
Көкшетау қ.
7 °C
2019 ж. қазанның 15
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі

2019 жылғы 19 маусымда Станционный кентiнiң орталық саябағында Көкшетау қаласы әкiмдiгiнiң мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi талдау бөлiмi Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментiмен және Станционный кентi әкiмi аппаратымен бiрлесiп жергiлiктi атқарушы органдар мен «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы филиалының қатысуымен мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң жәрмеңкесi өттi.

Жәрмеңке барысында кенттiң тұрғындары мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң ең талап етiлген жер қатынастары, сәулет, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы салаларында және әлеуметтiк салада кеңес алды.

Одан басқа, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi электрондық форматта көрсету мәселесi, mGov мобильдi қосымшасы арқылы және бiр реттiк құпиясөз арқылы авторизациялау машықтары бойынша таныстыру сипатындағы оқыту жүргiзiлдi.

Кенттiң тұрғындары iс-шараның аталмыш форматына қызығушылық бiлдiрдi, себебi оларды қызықтырған сұрақтарға қажеттi жауап алды, сонымен қатар мобильдi жеке кабинетте жұмыстың негiзгi машықтарын үйрендi.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi сапалы көрсету мәселесiнде азаматтардың хабардар болуын арттыру бағытындағы жұмыс Көкшетау қаласы әкiмдiгiнiң мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi талдау бөлiмiмен жалғастырылады.

Мақаланың шыққан күні: 20.06.2019
Қаралым саны: 233

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіз қандай санатқа жатасыз?