Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 370.11
EUR | KZT 419.37
RUB | KZT 5.58
Көкшетау қ.
-14 °C
2018 ж. желтоқсанның 13
Арзан тауар – ай сайын ұсынылмақ

Өткен сенбi күнi қалалық әкiмшiлiктiң ұйымдастыруымен, жергiлiктi өнiм өндiрушiлердiң қатысуымен азық-түлiк жәрмеңкесi болып өттi. Тұрғындар басқа сауда орындарындағыдан 15 пайызға арзанырақ тауарлар сатып алып, мұндай тиiмдi жәрмеңкенiң алдағы уақытта ай сайын болып тұратынын естiп, қуанысып тарқасты. Жәрмеңкенi қала әкiмi Е.Маржықпаев арнайы барып көрiп, оны жетiлдiре түсу жөнiнде мамандарға тапсырма бердi.

Қаланың ауыл шаруашылығы институты маңында, Тәшенов көшесi 129 «Б» мекенжайында орналасқан «Восточный» базары бұл күнi әдеттегiден ерте «оянып» көңiлдi әуен алыстан естiлiп, «мен мұндалаған». Тай қазаннан таң атпай таратылған тегiн палау да келушiлер көңiлiн көтере түскен-дi. Бұл жолғы шараға 32 кәсiпорын қатынасса оның 26-сы қаладан. Қалғаны Атбасар, Бурабай, Зерендi, Бiржан сал, Сандықтау аудандарынан екен. Мақсат — тұрғындардың ауқымды жәрмеңкелердi тым көп күтiп қалуын болдырмай, тұрмыс-тiршiлiгiне жеңiлдiк туғызу. Ықшам, шағын жәрмеңкелердiң кәдiмгiдей көмек екенi даусыз. Мәселен, осы жолғы сөреге қойылған тауар бағасы күнделiк сатылымдағы тауарлардан 15 пайызға арзан. Тұрғындар әсiресе, еттi тиiмдi бағамен алғандарына ризашылық бiлдiрiп жатты. Сауда алаңы кең, таза. Сатушылар да талапқа сай киiнiп, сауданы мәдениеттi түрде қыздырып жатты. Расында да осынау жәрмеңкенiң болашақта құлашын кеңге жаярына көңiл сенгендей.

– Бұл жәрмеңкенiң ерекшелiгi жергiлiктi өнiм өндiрушiлердiң белсендiлiгiн арттыру, сондай-ақ, тұрғындарға әрi арзан, әрi сапалы азық-түлiк ұсыну. Осындай шараны ай сайын ұйымдастырып тұрсақ, сұранысты байыптаған өнiм өндiрушiлер де ширай түспек, — дейдi Көкшетау қалалық кәсiпкерлiк бөлiмiнiң басшысы А. Подгурский.

С.САПАРҰЛЫ.

Мақаланың шыққан күні: 10.08.2018
Қаралым саны: 180
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Біздің сайтқа не арқылы кірдіңіз?