Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 371.31
EUR | KZT 419.32
RUB | KZT 5.59
Көкшетау қ.
-15 °C
2018 ж. желтоқсанның 15
Тұрғындардың тілегі тыңдалды

Қала әкiмi Ермек Маржықпаев жеке мәселелерi бойынша тұрғындарды қабылдап, өтiнiш-тiлектерiн тыңдап, шешiлуге тиiстi мәселелер бойынша жауапты басшыларға тапсырма жүктедi.

Қалалық бақ шаруашылығы басқармасының атынан бiр топ зейнеткердi бастап Рашида Қазбекова келдi. Олардың тiлегi — саяжай бағытына тұрақты жолаушы тасымалын ұйымдастыру. Зерендi жолындағы бақшаларға автобустар сәуiр айының 6-сынан бастап жүргiзiлдi. Алайда, саяжайшылардың оған көңiлi толып отырған жоқ. Айтуларынша, қоғамдық жолаушы тасымалы әлi реттелмеген. Өзiнiң учаскесiне уақытында бара алмаған олардың ағаш көшеттерi күтiлмей жатыр. Уақыттың өтуiне байланысты, жемiс бермей қалуы әбден мүмкiн. Жолаушылар тасымалымен айналысатын мекеме басшысы Рүстем Қалышевтiң айтуынша, автобустар бекiтiлген кесте бойынша жұмысқа шыққан, әрi олар тұрақты емес, маусымдық көлiктер. Қабылдауға келген зейнеткерлер саяжайларды электр желiсiмен қамту мәселесiн шешудi де сұрады. Жаңа заң бойынша оларға жарық тартуға болады. Бұл мәселе мекеме басшыларымен ақылдасып, шешiлмек.

Қала тұрғыны Любовь Исаева Қопа көлiнiң дәл жағасындағы Чаглинская көшесiндегi 1-шi үйде тұрады. Төрт жылдан берi жер асты суынан көз ашпай келе жатқан отбасы баспанасының қабырғалары сыздан опырылып түсiп жатыр. Жертөлесi де суға толып тұр. Жұбайы екеуi сол учаскенi әкiмшiлiк сатып алып, өздерiне басқа баспана алуға қолғабыс етуiн сұрап келiптi. Ермек Боранбайұлы бұл мәселенi назарға алып, шешудiң жолдарын қарастырамыз дедi. Оған жарты жылдай уақыт кетедi. Комиссия қарауына ұсынылып, мәслихат сессиясында шешiмiн табады.

Шайзада Жүнiсова мүгедек баласымен пәтер жалдап тұрып жатқан қызының жайын айта келiптi. Кезекке қазан айында тұрған оларға бiрден баспана берiлмейдi. Мүгедек баланы Түркияда емдетуге 80 мың доллар қаржы керек. Қайырымды жандар мен волонтерлердiң арқасында 12 мың доллар жиналыпты. Шаһар басшысы баспана кезегiн күтуге тура келедi дедi. Ал, баланың денсаулығын түзеуге қажеттi қаржыны жинас-тыру жұмыстарына атсалысатындарын айтты. Қала тұрғыны Ботагөз Мұхамедиярова Сабатаев пен Темiрбеков көшелерiнiң қиылысында тұратын сегiз отбасының жер учаскесiн құрылыс компанияларымен келiсiп, сату мүмкiндiгiн берудi сұрап келiптi. Алайда, бұған дейiн осы жерде өзiне үй салған бiр қожайын ғана оған келiсiмiн бермей отыр. Шаһар басшысы ол адамның баспананы қаншалықты заңды тұрғызғанын тексерудi тапсырды. Содан кейiн ғана мәселе шешiледi. Айымгүл Алданазарова болса, 2010 жылы заңдастырылмаған жер учаскесiне үй салып, ендi оны тiркете алмай жүр. Сот шешiмi де оның пайдасын күйттемесе керек. Қала әкiмi бұл жерде өз тарапынан еш көмек жасай алмайтынын айтты. Жеке кәсiпкер Жанкелдi Әбiлмәженов қаладағы автобус аялдамаларын жаңарту жұмыстарына қатысқысы келедi. Бүгiнде оған ниеттенген кәсiп иелерiмен меморандумға қол қойылған. Шаһар басшысы аялдама павильондарына өзiндiк реңк беретiн ұсыныстары барларға қолдау көрсетiлетiнiн айтты. Артем Синельников өз учаскесiнiң бiр бөлiгiне баспана тұрғызуды ендi бастағандарға қатысты шағым айта келдi. Шаһар басшысы оның құқығын қорғау қажеттiгiн алға тартып, заңсыз құрылыс жұмысын жүргiзiп жатқандарға тосқауыл қою қажет дедi.

Мақаланың шыққан күні: 13.04.2018
Қаралым саны: 310
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Біздің сайтқа не арқылы кірдіңіз?