Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 386.82
EUR | KZT 428.67
RUB | KZT 5.86
Көкшетау қ.
19 °C
2019 ж. тамыздың 19
Түлектер қанат қақты

Облыс әкiмi Ермек Маржықпаев Көкшетаудағы Абылай хан алаңында мектеп бiтiрушiлердi марапаттау рәсiмiне қатысып, түлектерге сәт-сапар тiледi. Биыл қала бо-йынша 53 түлек «Алтын белгi» иегерi, 33 түлек үздiк аттестатқа қол жеткiздi.

Алдымен қаламыздағы әрбiр бiлiм ошақтары шеруге шықты. Өткен оқу жылы iшiнде бiлiм, ғылым, спорт, пән олимпиадалары тәрiздi халықаралық, республикалық байқауларда топ жарған мектеп оқушыларының аттары аталып, құрмет көрсетiлдi. Биылғы жылы облысымыздағы бiлiм ошақтарын тәмамдаған 4606 мектеп бiтiрушiнiң 242-i «Алтын белгi», 174-i үздiк аттестат иегерлерi.

Жиында алдымен сөз алған облыс басшысы Ермек Маржықпаев түлектердi мерекемен құттықтап, жылы лебiзiн бiлдiрдi. — Тәуелсiздiкке қол жеткiзген осы жылдар iшiнде елiмiздiң болашағы үшiн жастарға жағдай жасалып жатыр. Қазақстанның жастары шетелдегi құрдастарынан әсiресе, бiлiм, тәрбие, мәдениет жағынан кем болмауы тиiс. Бүгiн сiздер үшiн тарихи күн. Республикалық, халықаралық байқауларда жеңiмпаз атанып, «Алтын белгi» иегерi атандыңыздар. Мұның барлығы — өз еңбектерiңiз бен ата-аналарыңыздың, ұстаздарыңыздың берген тәрбиесi мен бiлiмiнiң нәтижесi. Ендi алдарыңызда үлкен сын күтiп тұр. Ұлттық бiрыңғай тестiлеуден сүрiнбей өтедi деп сенемiз, — дедi облыс әкiмi.

Салтанатты рәсiмде ата-ананың, ұстаздардың сенiмiн ақтап, қуанышқа кенелткен «Алтын белгi», үздiк аттестат иегерлерiне ақшалай сертификаттар табыс етiлдi. Аталған түлектер қазақ тiлi, физика, биология пәндерi бойынша түрлi деңгейде өткен олимпиадалар мен ғылыми жоба жарыстарында жүлделi орындардан көрiнiп, мектептiң атын алысқа танытқан өрен жүйрiк үздiктер.

Мектеп бiтiру қуанышы адам өмiрiнде бiр-ақ рет болатын бақыт. Өмiрдiң даңғыл жолына ендi қадам басқалы отырған түлектердiң жанарлары оттай жанып тұр. «Бағы жансын, мемлекеттiк грант бұйырсын» деген тiлектердiң де айтылар кезi осы. Тақымын қысып отырған жақындардың үмiтiн ақтап, өзiнiң он бiр жылдық бiлiмiн көрсетер шақта бәйгеге түскелi отырған барша түлекке сәттiлiк тiлеймiз!

Мақаланың шыққан күні: 14.06.2019
Қаралым саны: 124

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіздің жасыңыз?