Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 378.83
EUR | KZT 430.99
RUB | KZT 6.04
Көкшетау қ.
18 °C
2019 ж. маусымның 26
Облыс әкімінің төрағалық етуімен кеңесте Көкшетау қаласын дамыту мәселелері талқыланды

Бүгiн, Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев облыс әкiмi орынбасарларының, Көкшетау қаласы әкiмiнiң, басқармалар басшыларының және аппараттың жауапты қызметкерлерiнiң қатысуымен облыс орталығын одан әрi дамыту мәселесi бойынша жұмыс кеңесiн өткiздi. «Көкшетау қаласында құрылыс жүргiзу бойынша айқындалған жоспарларды орындауға кiрiсу қажет. Әлеуметтiк объектiлердiң, жолдардың, тұрғын үй алабының құрылысы басымдылық бағыт болып табылады», — дедi өңiр басшысы.

Қала тұрғындары мен қонақтарының тұруы үшiн қолайлы жағдаймен қамтамасыз ету мақсатында, Кенесары көшесiнен Қан орталығына дейiн, одан әрi Сарыарқа шағын ауданына дейiн айналма жолымен Қопа көлi жағалауының бойымен құрылыс жоспарлануда. Жаңа жол қаланы көлден шектейдi және көшелерден келетiн барлық су тазалау имараттарына барады. Олар ерiген және жауын суларын жинаудың 3 орнында орнатылатын болады. Жаяу жүргiншi және жағажай аймағын жайластыру да, велосипед жолының құрылысы да қарастырылды.

Сондай-ақ, қаланың осы бөлiгiнде 2400 орынды мектеп, 280 орынды балабақша және 19 тұрғын үй кешенi салынатын болады.

Қалада көлден басқа, Қылшақты өзенi бар, ол арқылы автомобиль көпiрi салынады. Н.Назарбаев даңғылында автокөлiктiң аялдамасыз қозғалысын қамтамасыз ету үшiн, М.Әуезов көшесiмен қиылысатын оң жақты бұрылысымен қолданыстағы айырмаға қоса тағы Абай және С.Жүнiсов көшелерiнiң қиылысында екi осыған ұқсас жол айырымы салынады.

Мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк шеңберiнде Көктем шағын ауданында «Көкшетау» форум-орталығының құрылысы жоспарлануда, онда трансформацияланатын залдар, 1000 отыру орнымен концерт залы, хореография, балет және музыка кабинеттерi болады. Қазiр қалада мұндай үй-жайлар жоқ, соның салдарынан ауқымды iс-шаралар өткiзуде проблемалар туындауда.

Кеңестiң соңында Ермек Маржықпаев облыс орталығының тiршiлiктi қамтамасыз ететiн инфрақұрылымды жақсарту саласында бiрқатар нақтылы тапсырмалар бердi.

Мақаланың шыққан күні: 06.06.2019
Қаралым саны: 365

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіз қандай санатқа жатасыз?

Сіздің жасыңыз?