Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 387.37
EUR | KZT 428.55
RUB | KZT 6.06
Көкшетау қ.
-16 °C
2019 ж. қарашаның 21
«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс

Ақмола облысы «Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi (020000 индексi, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Әуезов көшесi 141, кабинет 307, анықтама үшiн телефон нөмiрi: 8(716-2)29-78-19, факс 8(716-2)29-78-66, электрондық мекен-жайы:kokshetau_sup@akmo.kz) Көкшетау қаласының жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекеттiк қызметшiлерi арасындағы «Б» корпусының бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарына орналасуға iшкi конкурс жариялайды:

1. Көкшетау қаласы әкiмiнiң кеңесшiсi, «E-3»санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 112729 теңгеден 152017 тенгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi: Қала әкiмiнiң бұқаралық ақпарат құралдарымен (бұдан әрi — БАҚ) байланысын қамтамасыз ету, жергiлiктi атқарушы органдарының БАҚ-мен жұмысын үйлестiру, қала әкiмiнiң және қала әкiмi аппаратының қызметiн жедел, объективтi және толық жарыққа шығаруды ұйымдастыру, қала әкiмiнiң тезистерiн, баяндамаларын және баяндайтын материалдарын дайындау, мерекелер, мейрамдар, мерейтойлар және басқа оқиғаларға құттықтау сөздерiн дайындау, көкшетау қаласы әкiмi сайтының ақпараттық жұмысын қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: бiлiм немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (ақпараттық желiлер немесе есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету немесе математикалық және компьютерлiк модельдеу) саласындажоғарынемесе жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi барларға рұқсат етiледi.

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершiлiк, қызметтi тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестiк, қызметтi басқару, шешiм қабылдау, көшбасшылық.

Жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:

1) мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтiлi екi жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты мәртебесiнде немесе тұрақты негiзде қызмет ететiн облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесiнде немесе халықаралық қызметкер мәртебесiнде қызмет өтiлi бiр жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттiк қызмет өтiлi екi жылдан кем емес, оның iшiнде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегi құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттiк органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейiнен төмен емес, жергiлiктi әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында 1 жылдан кем емес;

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы бiлiм беру ұйымдарында немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесiнiң болуы;

7) кеңесшi және көмекшi лауазымына жұмыс тәжiрибесi талап етiлмейдi.

2. «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» ММ ардагерлермен және мүгедектермен жұмыс iстеу бойынша секторының бас маманы, «E-R-4»санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық жалақысы еңбек сiңiрген жылдарына байланысты 95209 теңгеден 128834 тенгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi: мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы кеңестiң материалдарын дайындау және өткiзу, қаладағы кәсiпорындармен, ұйымдармен және ҮЕҰ жұмыс жүргiзу; МОМБ (мүгедектердiң орталықтандырылған мәлiметтер базасы) базасын жүргiзу Көкшетау қаласының мүгедектерiнiң өмiр сүру сапасын жақсарту және құқықтарын қамтамасыз ету бойынша iс-шаралар жоспарын (2012-2018 ж.ж.)жүзеге асыру; қаладағы мүгедектердiң проблемалары бойынша халық арасында ақпараттық-түсiндiру жұмыстары бойынша медиа жоспарды (2012-2018 ж.ж.)жүзеге асыру; мүгедектердiң жеке оңалту бағдарламасы бойынша iс-шараларды орындау, МӘСҰ-мен бiрiккен жұмыс жүргiзу; мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша есептер тапсыру; мүгедектердi қолдау мәселелерi бойынша қайырымдылық ұйымдарымен, бiрлестiктермен және қайырымдылық қоғамдарымен жұмыс жүргiзу; ақпарат жинақтау және есептер жасау. Мүгедектердi тасымалдау үшiн «Инватакси» қызметiн ұсынуды ұйымдастыру; азаматтарды қабылдау, келiп түскен өтiнiштердi тiркеу, және ақталған тұлғаларға куәлiк беру, подъездiк жолдар және пандустарды орнықтыру бойынша компьютерлiк базаны жүргiзу; подъездiк жолдар және пандустарды орнықтыру бойынша базаны жүргiзу бойынша есептер, объектiлердiң қолжетiмдiлiгiне мониторингiн тапсыру. Е-собес базасын жүргiзу; қадағаланатын мәселелер бойынша нормативтiк-құқықтық актiлерге өзгерiстер мен ұсыныстарды енгiзу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: әлеуметтiк ғылым, экономика және бизнес (социология немесе психология немесе экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттiк және жергiлiктi басқару) немесе бiлiм беру немесе құқық (құқықтану) немесе қызметтер (әлеуметтiк қызмет) немесе денсаулық сақтау және әлеуметтiк қамсыздандыру (медицина) саласындажоғары немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм, мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екi жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар болған жағдайда орта бiлiмнен кейiнгiнемесе техникалық және кәсiптiк бiлiмi барларға рұқсат етiледi;

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершiлiк, қызметтi тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздiгiнен даму, жеделдiлiк, ынтымақтастық және әрекеттестiк, қызметтi басқару.

Жоғары немесе жоғарыдан кейiнгi бiлiм болған жағдайда жұмыс тәжiрибесi талап етiлмейдi.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары» (бұдан әрi — Қағидалар) негiзiнде жүргiзiледi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысынабайқаушыларшақырылады. Байқаушы ретiнде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшiн тұлға әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей персоналды басқару қызметiнде (кадр қызметiнде) тiркеледi.

Конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар:

1) белгiленген нысан бойынша өтiнiш.

2) тиiстi персоналды басқару қызметiмен құжаттарды тапсыру күнiне дейiн күнтiзбелiк отыз күн iшiнде расталған қызметтiк тiзiм.

Құжаттардың толық емес пакетiн ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Iшкi конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесi не "Е-gov" электронды Үкiмет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттiк органның электрондық почтасы арқылы берiлген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр сағаттан кешiктiрiлмей берiледi.

Құжаттар Көкшетау қаласы әкiмiнiң және уәкiлеттi органның сайтында iшкiконкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейiнгi келесi жұмыс күнiнен бастап 3 жұмыс күнi iшiндетапсырылуға қажет.

Әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны кандидаттарды әңгiмелесу жiберу туралы хабардар ету күнiнен бастап 3 жұмыс күн iшiнде Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппаратында өтедi.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгiмелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Б» корпусының мемлекеттiк
әкiмшiлiк лауазымына
орналасуға конкурс өткiзу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

«Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппараты» ММ
(мемлекеттiк орган)

Өтiнiш

Менi_________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________

бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын. «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидаларының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын. Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн. Қоса берiлген құжаттар:
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны ____________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________

________                          ____________________________________
  (қолы)                             (Тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

Мақаланың шыққан күні: 04.10.2019
Қаралым саны: 85

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіз қандай санатқа жатасыз?