Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 354.12
EUR | KZT 416.73
RUB | KZT 5.37
Көкшетау қ.
11 °C
2018 ж. қыркүйектiң 24
«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурсы

Ақмола облысы «Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi (020000 индексi, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Әуезов көшесi 141, кабинет 409, анықтама үшiн телефон нөмiрi: 8(716-2)29-78-19, факс 8(716-2)29-78-66, электрондық мекен-жайы: mustafina_akimat@mail.ru.) Көкшетау қаласының жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекеттiк қызметшiлерi арасындағы «Б» корпусының бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарына орналасуға iшкi конкурс жариялайды:

1. «Көкшетау қаласының құрылыс бөлiмi» ММ құрылыс секторының бас маманы, E-R-4 санаты, 1 бiрлiк,

Лауазымдық жалақысы еңбек сiңiрген жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99105 тенгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi: Құрылыс мониторингi; орындалған құрылыстық- жинақтау жұмыстарды қабылдауға қатысу; бас мердiгерлiк ұйымдармен нысандар құрылысы мен реконструкциялау мәселелерi жөнiнде жұмыс жасау; ЖСҚ және техникалық шарттарымен қамтамасыз ету; ММ теңгерiмнен салынған нысандарды қабылдау-тапсыру комиссияларына қатысуға құжаттарды дайындау; бюджеттiк қаражаттарды тиiмдi пайдалану шараларын әзiрлеуге қатысу; жоғары тұрған ұйымдармен және мердiгерлiк ұйымдармен хат алмасу; құрылыстық -монтаждау жұмыстарын өткiзу үшiн рұқсат берудi рәсiмдеу; мемлекеттiк сатып алуды өткiзуге құжаттаманы дайындау мен қатысу; құжаттарды дайындау және мемлекеттiк қабылдау мен жұмыс комиссияларына қатысу; құрылыс және реконструкциялау нысандарына байланысты сұрақтарды келiсу, мемлекеттiк сатып алуды өткiзу үшiн техникалық құжаттаманы дайындау; нысандарды комиссиялық тексеру; мердiгерлерге ныандарға арналған ЖСҚ құрастыру мне тапсыру; мердiгерлердегi жұмыстардың орындалу формаларын, есептерiн және калькуляцияларын тексеру; нормативтiк-құқықтық актiлерiмен бекiтiлiген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асыру; бөлiмде еңбектi қорғау ережелерi мен нормаларын, сонымен қатар өртке қарсы қауiпсiздiгiн және iшкi тәртiбтi сақтау; мекеменiң қызметiне байланысты тапсырыстарды орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: техникалық ғылымдар және технология саласында жоғары бiлiмi, мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екi жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар болған жағдайда орта бiлiмнен кейiнгi немесе техникалық және кәсiптiк бiлiмi барларға рұқсат етiледi.

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк;

Жоғары бiлiм болған жағдайда жұмыс тәжiрибесi талап етiлмейдi.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары» (бұдан әрi — Қағидалар) негiзiнде жүргiзiледi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол берiледi. Байқаушы ретiнде тiркелу сұрақтары бойынша Көкшетау қаласы әкiмi аппаратының персоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) жүгiну қажет.

Конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар:

1) белгiленген нысан бойынша өтiнiш.

2) тиiстi персоналды басқару қызметiмен құжаттарды тапсыру күнiне дейiн күнтiзбелiк 30 күн iшiнде расталған қызметтiк тiзiм.

Құжаттардың толық емес пакетiн ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Iшкi конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртiпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электрондық үкiмет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесi арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электрондық үкiмет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесi арқылы берiлген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгiмелесу басталғанға дейiн екi сағаттан кешiктiрiлмей бередi.

Құжаттар Көкшетау қаласы әкiмiнiң және уәкiлеттi органның сайтында iшкi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнiнен бастап 3 жұмыс күннiң iшiнде ұсынылуы қажет.

Әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны кандидаттарды әңгiмелесу жiберу туралы хабардар ету күнiнен бастап 3 жұмыс күн iшiнде Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппаратында өтедi.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгiмелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

«Б» корпусының мемлекеттiк
әкiмшiлiк лауазымына
орналасуға конкурс өткiзу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан
«Көкшетау қаласы
әкiмiнiң аппараты» ММ
(мемлекеттiк орган)

Өтiнiш

Менi_________________________________________________________

__________________________________________________________________

______________________________________________________________бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын. «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидаларының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын. Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн. Қоса берiлген құжаттар:

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны__________________________________________________________

__________________________________________________________________

________ ____________________________________

(қолы) (Тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

Мақаланың шыққан күні: 26.05.2017
Қаралым саны: 343
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика